Элективтік пәндер каталогы мамандық атауы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата12.03.2017
өлшемі254,72 Kb.
#9095
1   2   3   4   5   6   7

  Күтілетін нәтижелерСтуденттердің көркем шығармаға қызығушылығын арттырып,дұрыс

талдай білуі. Ақын-жазушылардың шығармаларын талдап әдіс тәсілдерін меңгеру.



Пререквизит:  Қазақ Хандығы дәуіріндегі әдебиет

Постреквизит:  ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті  

Оқытушы: Исақұлова М.

14.1 Пән атауы: Қазіргі қазақ әдебиеті (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты:   Қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуы, зерттелуі жайын

қарастырып,өзіндік пікір айта білуге,ғылыми тұжырым жасай алуға баул. Қазіргі қазақ әдебиетінің



тарихын кезеңдерге бөлініп зерттелуі ол туралы іргелі ғалымдардың  ғылыми еңбектерін оқып, ой

қорытуға дағдыландыру. 



Қысқаша мазмұны:  Қазіргі қазақ  әдебиетінің  даму арналары  мен бағыттары, әдебиеттің

даму   бағыттарын   айқындайтын   ірі   ақын-жазушылардың   шығармашылық   өмірін   оқу.Жаңашыл

бағыттағы,уақыт   жүгін   көтеріп   жүрген   ірі   туындылардың   тақырыбы   мен   сюжетін

айқындап,талдап,түйсіне білу.



Күтілетін нәтижелер: Қазіргі қазақ әдебиеті мен Т.М.Д және Батыс,Шығыс әдебиеттерінің

көтеріп   отырған  тақырыптары   мен  стильін   анықтай  отырып,қазақ  әдебиетінің    бағыттары   мен

өкілдерінің шығармашылығын оқып,терең талдай алады.   

Пререквизит: ХІХ -ХХ. басындағы  қазақ әдебиеті.

Постреквизит: Қазақ әдеби сынының тарихы.

Оқытушы: Нұрымова Қ.

14.2 Пән атауы:  Тәуелсіз жылдардағы қазақ әдебиеті (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты:  Қазіргі  қазақ  әдебиетінің  өсу жолдарын,  даму ерекшеліктерін  жан-

жақты   пайымдаған   еліміздің   егеменді   алуына   орай   ашылған   мүмкіндіктер,   қалыптасқан   жаңа

көзқарастар тұрғысынан, ғылымның бүгінгі жетістіктеріне сүйене отырып, тарихи салыстырмалы,

тарихи процесті шола сипаттау, көркемдік, әдеби-теориялық талдау мен жинақтау, тарихи-жүйелеу

әдістерін қолдана отырып саралау.

Қысқаша   мазмұны:  ХХ   ғасырдың   90-жылдары   мен   ХХІ   ғасырдың   бас   кезіндегі   қазақ

әдебиетінің   тарихына   қосылған   жаңа   туындыларды   ғылыми   тұрғыдан   танып-білудің   бағдарлы

әрекеті. 

  Күтілетін   нәтижелер:    Тәуелсіз   жылдардағы   қазақ   әдебиетіндегі   реалистік   сипат   пен

көркемдік қиял жинақталуының сабақтастығы және идеялық- композициялық желісіндегі ұлттық-

этнографиялық сипат танып білуге көмектеседі.  

Пререквизит:  ХХ ғ. басындағы  қазақ әдебиеті.

ПостреквизитПрактика

Оқытушы: Жұмағұлова Қ.

14.3 Пән атауы:  60-90 жылдардағы қазақ әдебиеті  (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты:   «20-ғасырдың басындағы қазақ көркем аудармасы» арнайы курс пәні

студенттердің   дүниетанымын   кеңейтіп,   жинақтаған   әдеби   –   теориялық   білімдерін   тереңдетіп,

әдебиттанушылық   –   зерттеушілік     еңбектің   негіздерімен   таныстырады.   «Көркем   аударма

теориясының мәселелері»  курсы бойынша алған білімдерін тереңдету арқылы көркем туындыны

жан – жақты зерттеп, талдап, салыстырып, оның көркемдік – идеялық мазмұнын ашудың түрлі

тәсіл, амалдарына үйретеді. 



Қысқаша   мазмұны:  Жалпы   алғанда   курсты   оқудың   негізгі   мақсаты   20-30   жылдардағы

көркем   аударманы   қазақ   әдебиетінде   орын   алған   тарихи-мәдени   процесс   ретінде   қарастыра

отырып,   оның   негізгі   ерекшеліктерін   айқындау,   жеке   алғанда   аударма   мен   аудармашылыққа

қатысты ой-пікірлердің қазақ әдебиетінің тұтастай дамуына тигізген әсерін анықтау болып болып

табылады.   Көркем   туынды   жайлы     теориялық,   эстетикалық   пайым   –   түсініктерін   нақты

шығармаларды   талдау,  салыстыру,  салғастыру,  байыптау,  бағалау  барысында   практика   жүзінде

қолдана білуге дағдыландырады. 

Күтілетін   нәтижелер:  Әдебиеттердің   бір   –   бірін   байыту   құпияларын   игеріп,   шеберлік,

аудармашы шеберлігі мәселелері сырын ашуға машықтанады



Пререквизит:  ХХ ғ. басындағы  қазақ әдебиеті.

Постреквизит:  Практика

Оқытушы: Құланова С.

15.1 Пән атауы: Мәнерлеп оқу (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты:Сөз мәдениетінің категориялпры, сөз мәдениетінің ғылым саласы 

ретіндегі манызы , мәнерлеп оқуды теориялық тұрғыдан дәйектеу.



Қысқаша мазмұны: « Тіл мәдениеті» мен «Сөз мәдениеті» деген терминдердің аражігін , 

олардын қарастыратын нысандарын анықтап алу.Р.Сыздықова ,Т.Қордабаев , З.Бейсенбайқызы 

сияқты іргелі ғалымдардың еңбектерімен танысып талқылау .

Күтілетін нәтижелер:Мәнерлеп оқу пәні арқылы сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы , кітаппен 

жұмыс істеуге оқубарысында жүргізілетін жаттығулар, өз ойын нақты , жүйелі жеткізу дағдылары 

қалыптасад.

Пререквизит:  Әдебиеттануға кіріспе. 

Постреквизит:  Жоқ.

Оқытушы: Исакулова М.

15.2 Пән атауы:  Сюжет теориясы (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты: Әдебиеттану ғылымының   негізгі саласының бірі болып танылатын

бұл   пәннің   мақсаты:   халықтық,   ұлттық   әдебиетіміздің   өмір   тарихын   көзқараспен     таныту,

студенттің болашақ маман ретінде эстетикалық талғамын, көркемдік дүниесін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Сюжет өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің

негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. 



Күтілетін нәтижелер: Әдебиеттану ғылымында   әдебиеттің ішкі және сыртқы  құрылысы

жайында сөз етіледі.



Пререквизиттер: Әдеби талдау негіздері. 

Постреквизиттер: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Оқытушы: Нұрымова Қ.

15.3 Пән атауы:  Риторика (3 кредит, 135 сағат) 

Оқытудың мақсаты: Риторика – шешендік өнер әлем тарихындағы көне ғылымдардың бірі

болып саналады. Ол мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Шешендік өнер ғылым ретінде

қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде бірде маңызы артып, кейде төмендігімен өзінің дамуын

үзбей өрістеп келетіндігін түсіндіру.



Қысқаша   мазмұны:   Көркем   мәтінді   басқа   мәтіндерден   ерекшеленетін   басты   белгілері.

Көркем   шығарамның   мәтін   ретіндегі   ерекшелігі.   Көркем   мәтіннің   қатысымдық   ұйымдасуы.

Көркемдік   уақыт   пен   кеңістік.   Поэтикалық   мәтін.   Көркем   проза   мәтіні.   Драмалық   мәтіннің

құрылымдық ерекшелігі.



Күтілетін нәтиже: Шешен, билердің шешендік сөздерін мәнерлеп оқып, оны талдау. 

Пререквизиттер: Әдеби талдау негіздері. 

Постреквизиттер: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Оқытушы:  Құланова С.

16.1 Пән атауы:  Балалар әдебиеті (2 кредит, 90 сағат) 

Оқытудың мақсаты

 

: Балалар әдебиеті пәні сөз өнерінің арналы бір саласы.Жас буынның 

сана сезімін оятып,ақыл ойын дамыту,оларды адамгершілікке,отан сүйгіштікке т.б ізгі мұраттарға 

баулу.Эстетикалық талғамын дамытатын көркем шығармалардың  рөлін анықтау.



Қысқаша   мазмұны:

 

  Қазақ   балалар   әдебиетінің   негізін   салған   ақын   жазушылардың



Ы.Алтынсарин,С.Торайғыров,С.Сейфулин,   Б.Майлин,   Ш.Смаханұлы   ,   Ә.Ахметов,   М.Әлімбаев,

Б.Соқпақбаевтардың шығармаларын зерделеу.



Күтілетін   нәтиже:   Балалар   әдебиетінің   әр   қилы   дамуына   қоғамдық   әлеуметтік   жағдай   ,

балаларға арналған туындыларында кейіпкерлер өздеріне етене табиғи ортада танылуымен бірге

заманымыздын көкейкесті мәселеріне араласады, шешудің жолдарын іздейді.

Пререквизиттер: Әдебиеттануға кіріспе. 

Постреквизиттер: Жоқ.

Оқытушы: Тұрсыманова Ф.

16.2 Пән атауы:  Сөз өнері: зерттеу мен зерделеу  (2 кредит, 90 сағат)

Оқытудың мақсаты: «Сөз өнері» курсының басты мақсаты – студенттер сөз өнерін сөйлеу

тілінің мәдениетін көтеру арқылы сөйлеу тіліндегі күрделі сөздердегі кейбір тілдік ерекшеліктерді



талдап көрсету арқылы және сөйлеу кезінде көркем шығарманы  оқу барысында дем алу, даусын

дұрыс жолға қою, шешен сөйлеуге және нақыл сөздерді қолдана отырып, анық сөйлеуге үйрету. 

Қысқаша   мазмұны:   Көркем   тіл.   Көркемдік   шарттары,   құбылтулар   мәні,   мазмұны,

структурасы. Поэтикалық фонетика, оның эстетикалық қызметі. 



Күтілетін нәтижелер:  Қазіргі кезде ана тілінде мәнерлеп сөйлеуге, көркемдеп оқуға көңіл

бөлудің маңызы зор.



Пререквизит: Әдебиет теориясы

Постреквизит: Қазіргі қазақ әдебиеті

Оқытушы:  Исақұлова М.

16.3. Пән атауы: Шешендік өнерді үйрету әдістемесі (2 кредит, 90 сағат)

Оқытудың мақсаты:  Қазақ тілі- мемлекеттік тіл, қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі

сыры мен қыры көп, күрделі де бай тіл. Шешендік өнерді  үйрету әдістемесі  пәнінің мақсаты-

дұрыс   ,   көркем   оқуға   үйрету,   сөйлеу   тілінің   мәдениетін   көтеру,   сөйлеу   тіліндегі   әртүрлі

кемшіліктерді болдырмау.



Қысқаша   мазмұны:  Тіліміздің   құнарлы   да   бай,   екендігін,   өзіне   тән   ерекшелігі,   сипаты

жөнінде түсінік беру. Шешен де көркем сөйлеудің шығарманы мәнерлеп оқи білудің өнер екендігін

түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: Шешен, билердің шешендік сөздерін мәнерлеп оқып, оны талдау. 

Пререквизит: Әдебиет теориясы

Постреквизит: Қазіргі қазақ әдебиеті

Оқытушы : Нұрымова Қ.

17.1  Пән атауы : Өзін-өзі тану (2 кредит, 90 сағат)

Оқытудың мақсаты :адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан-дүниесіне үніліп ,

өзін-өзі   тану   негізінде,   адамгершілік   рухани   әлеуетін   көтеру.   Жеке   тұлға   ретінде   өзіндік

адамгершілік қасиеттерді   үздіксіз жетілдіріп,үйлесімділікте жету жолдарын қарастырып,нәтиже

шығарту.


Қысқаша мазмұны:  Өзін-өзі тану адамға өзін-өзі анықтауға  , жақсы қасиеттерін ашуға ,

өзіне адалдыққа , өзіндік адамгершілікті үнемі жетілдіріп, Адам деген  сөздің толық мағынасында

қалу   үшін   қажет.Жеке   тұлға   ретінде   қалыптасу   үшін   қажетті   алғышарттарды   негізге   ала

отырып,үнемі даму үстінде болу арқылы жетіліп отыру.



Күтілетін нәтижелер:Білім алушы  діннен, философиядан және ғылымнан хабары болады

және   құраннан,   хадистен,   хикметтерден   ,   әдет-ғұрып   ,   салт-   дәстүрден   ,акын-жырау,  жазушы,

билер мен шешендердің қалдырған ғибраттарын толық ұғынады.

Пререквизит:Психология  

Постреквизит:  Практика

Оқытушы: Кыпшақбаева С.

17.2 Пән атауы : Педагогикалық мамандыққа кіріспе (2 кредит, 90 сағат)

Оқытудың   мақсаты:  Білім   алушылардын   функционалдық   сауаттылығын   дамытудын

отандық   және   халықаралық   практиксын   зерделеу   және   функционалдык   сауаттылығын   дамыту

бойынша шаралар жүйесін іске асырудын тетіктерін аныкау.

Қысқаша мазмұны: Білім беру процесінде оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу, білім

сапасын   бағалау   және   мониторинг   жүргізу   жүйесін   дамыту.Қосымша   білім   беру   жүйесі

ұйымдарының   материалдық   –техникалық   базасын   нығайту   және   білім   мазмұнын   жаңғыртуды

қамтамасыз ету. Стандарттар ,оқу жоспарлары мен бағдармалар.



Күтілетін   нәтижелер:  Тәрбие   саласындағы   жұмыстарға   әлеуметтік   көзқарас   оң   тұрғыда

қалыптасады,   білім   алушылардын   ізденіс   қабілеті   өседі,   дүниетанымы   кенейеді.Педагогикалық

ұжымның бәселекестік қабілеті артады.

Пререквизит: Психология.  

Постреквизит: Жоқ.

Оқытушы: Құланова С.


17.3 Пән атауы: Әлеуметтану (2 кредит, 90 сағат)

Оқытудың мақсаты: Әлеуметтану пәнінің зерттейтін нысанасы,оның негізін салушылардың

еңбектері. Пәннің қалыптасуы мен дамуы тұрғысынан зерттеу.



Қысқаша мазмұны:Әлеуметтану пәнінің екі негізгі тенденциясы.Макросоциологиялық 

және микросоциологиялық болып екі түрге бөлінуі.Пәннің қалыптасу кезеңдеріндегі әр түрлі 

әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, үрдістердің негізгі қағидаттарын теориялық  және 

практикалық тұрғыдан меңгеру.



Күтілетін нәтижелер:Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдерін талдай 

білу.Әлеуметтану пәніне қоғам,әлеуметтік құрылым ретінде ,жүйе ретінде талдай білу.



Пререквизит:   Қазақстан тарихы

Постреквизит:  Социология

Оқытушы: Ералиева Ғ.

18.1 Пән атауы:Әдеби талдау негіздері (2 кредит, 90 сағат)

Оқытудың   мақсаты:  Көркем   әдебиет,   әдебиеттің   халықтығы,   әдебиеттің   типтері   мен

түрлерін эпикалық тек, лирикалық тек, драмалық тек және олардың түрлері, көркемдік әдіс әдеби

ағым, бағыттар стилді көркем туынды мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру.

Қысқаша мазмұны:  Әдебиетті салыстырмалы типологиялық түрде зертттеу. Поэтика және

мағыналық текстология-салыстырмалы  типологиялық зерттеу.       



Күтілетін   нәтижелер:  Әдебиет   теориясында   әдебиетті   зерттеудегі   кейбір   тәсілдер.

Филологиялық   тәсіл,   Биографиялық   тәсіл,     психологиялық   тәсіл,   психоаналитика   тәсілі,

интуитивизм тәсілі, мәдени – тарихи тәсіл, тарихи – салыстырмалы тәсіл, формальдық тәсіл болп

саналады.



Пререквизит: Әдебиеттануға кіріспе.

Постреквизит: Қазақ әдеби сынының тарихы.

Оқытушы: Керимбаев Е.

18.2 Пән атауы:  Сөз өнері: зерттеу мен зерделеу  (2 кредит, 90 сағат)

Оқытудың мақсаты: «Сөз өнері» курсының басты мақсаты – студенттер сөз өнерін сөйлеу

тілінің мәдениетін көтеру арқылы сөйлеу тіліндегі күрделі сөздердегі кейбір тілдік ерекшеліктерді

талдап көрсету арқылы және сөйлеу кезінде көркем шығарманы  оқу барысында дем алу, даусын

дұрыс жолға қою, шешен сөйлеуге және нақыл сөздерді қолдана отырып, анық сөйлеуге үйрету. 



Қысқаша   мазмұны:  Көркем   тіл.   Көркемдік   шарттары,   құбылтулар   мәні,   мазмұны,

структурасы. Поэтикалық фонетика, оның эстетикалық қызметі. 



Күтілетін нәтижелер:  Қазіргі кезде ана тілінде мәнерлеп сөйлеуге, көркемдеп оқуға көңіл

бөлудің маңызы зор.



Пререквизит: Әдебиет теориясы

Постреквизит: Қазіргі қазақ әдебиеті

Оқытушы:  Турсуманова Ф.

18.3. Пән атауы: Шешендік өнерді үйрету әдістемесі (2 кредит, 90 сағат)

Оқытудың   мақсаты:  Қазақ   тілінің   бай   тілдік   қорын   анықтайтын   шешендік   өнердің

тарихын,оның   ірілі-ұсақты   өкілдерінің   шығармашылық   өмірбаянын,әділ   де   қара   қылды   қақ

жаратын шешімдерін,дүнияуи мәселелерде айтқан үкімдерін ой елегінен өткізіп бағамдату.

Қысқаша   мазмұны:  Тіліміздің   құнарлы   да   бай,   екендігін,   өзіне   тән   ерекшелігі,   сипаты

жөнінде   түсінік   беру.   Шешен   де   көркем   сөйлеудің,   шығарманы   мәнерлеп   оқи   білудің   өнер

екендігін   түсіндіру.Төле   би,Қазыбек   би,Әйтеке   би   сынды   қазақ   халқының   біртұтас   ел   болып

ұйысуына баға жетпес үлес қосқан бабалардың өмір тарихын зерттеп, зерделеу.



Күтілетін   нәтижелер:  Шешен,   билердің   шешендік   сөздерін   мәнерлеп   оқып,   оны   талдау.

Шешендік өнердің шығу, қалыптасу тарихына талдау жасау.Шешендік мектептердің қалыптасуы

мен дамуы.Өсиет,нақыл сөздерді оқып,өзіндік талдау жасай алу қабілетін ашу.

Пререквизит: Әдебиет теориясы

Постреквизит: Қазіргі қазақ әдебиеті

Оқытушы : Нұрымова Қ.


19.1 Пән атауы:   Қазақ әдеби сынының тарихы  (2 кредит, 90 сағат)  

Оқытудың   мақсаты:  «Қазақ   әдеби   сынының   тарихы   »Қазақ   әдебиет   тану   ғылымының

нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктерімен

туу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отырған бүгінгі таңда әдебиетімізде зерттеліп жүрген

проза,   поэзия,   драматургия   жанрлары   сияқты   әдебиет   сынының   да   тарихы   мен   қалыптасу

процестері,өзіне   тән   шығармашылық   жекелеген   мәселелері   зерттеуді   қажет   етеді.   Осымен

байланысты қазақ әдебиетінің сынымен ғылымымен тарихи кезеңдерін білу және қазіргі кезеңдегі

сынының эстетеикалық деңгейлерін студенттерге таныту пәннің негізгі мақсаты болып табылады.  

Қысқаша мазмұны:  Көркем шығарманы жан-жақты талдау, бағалау. Әдеби салыстырмалы

талдаудың түрлерін игеру, дағдылану. Көркемөнерге сыни көзқарасты қалыптастыру. Пәнді оқу

дамып, көркем туындыны жан-жақты қарастырудың, оның көркемдік, мән-мазмұнын ашудың түрлі

амал-тәсілдерін   игеруге   міндетті.   «Қазақ   әдебиеті   сынының   тарихы»   пәні   ғылымға   бет   алған

талапты   жастардың   білімдерін   кеңейтеді.   Көркем   шығарманы   талдаудың,бағалаудың

табиғатын,амал-әдістерін   терңірек   игеруге   үйретеді.Көркем   туындыны   уақыт   талабы,қоғамдық

ортамен   сабақтастыра   отырып,   онда   көтерілген   мәселелердің   танымдық   мәнін   ашуға

ұмтылады.Сыни көзқарасын қалыптастырып,өзіндік ой-қорытынды жасауға дағдыландырады.



Күтілетін   нәтижелер:  Қазақ   әдеби   сынының   тарихы    пәні   әдебиеттану   ғылымында

әдебиеттің тарихы, дамуы және ішкі даму заңдылықтарын зерттейді.



Пререквизиттер: Қазіргі қазақ әдебиеті. 

Постреквизиттер: Жоқ.

Оқытушы: Бахадырова С.

19.2 Пән атауы:  Сюжет теориясы (2 кредит, 90 сағат)

Оқытудың мақсаты:  Әдебиеттану ғылымының   негізгі саласының бірі болып танылатын

бұл   пәннің   мақсаты:   халықтық,   ұлттық   әдебиетіміздің   өмір   тарихын   көзқараспен     таныту,

студенттің болашақ маман ретінде эстетикалық талғамын, көркемдік дүниесін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Сюжет өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің

негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. 



Күтілетін нәтижелер:  Әдебиеттану ғылымында   әдебиеттің ішкі және сыртқы құрылысы

жайында сөз етіледі.



Пререквизиттер: Әдеби талдау негіздері. 

Постреквизиттер: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Оқытушы: Айтенова Д.

19.3 Пән атауы:  Риторика (2 кредит, 90 сағат) 

Оқытудың мақсаты: Риторика – шешендік өнер әлем тарихындағы көне ғылымдардың бірі

болып саналады. Ол мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Шешендік өнер ғылым ретінде

қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде бірде маңызы артып, кейде төмендігімен өзінің дамуын

үзбей өрістеп келетіндігін түсіндіру.



Қысқаша   мазмұны:  Көркем   мәтінді   басқа   мәтіндерден   ерекшеленетін   басты   белгілері.

Көркем   шығарамның   мәтін   ретіндегі   ерекшелігі.   Көркем   мәтіннің   қатысымдық   ұйымдасуы.

Көркемдік   уақыт   пен   кеңістік.   Поэтикалық   мәтін.   Көркем   проза   мәтіні.   Драмалық   мәтіннің

құрылымдық ерекшелігі.



Күтілетін нәтиже: Шешен, билердің шешендік сөздерін мәнерлеп оқып, оны талдау. 

Пререквизиттер: Әдеби талдау негіздері. 

Постреквизиттер: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Оқытушы:  Құланова С.

20.1 Пән атауы: Әдебиет теориясы (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың   мақсаты:  Әдебиет   туралы   алғашқы   түсінік   беріп,   әдебиет   терминдерін

ұғындыру.   Басқа   ғылым   салаларымен   тығыз   байланыса   отырып,   әдебиеттің   дербес   ғылым

екендігін,көркем әдебиеттің халықтығын таныту.


Қысқаша мазмұны:   Психологиялық прозаның зерттелу тарихы. Тұлға концепциясы мен

жазушы. Психологиялық шығарманың жанрлық, стильдік ерекшеліктері. Көркем шығармалардағы

психологизмнің ішкі шарттары.    

Күтілетін   нәтижелер:  Әдебиет   теориясы   көркем   әдебиеттің   өнер   рнтіндегі   өзіндік

ерекшеліктерімен   көркем   идеялық   мәнін,   қоғамдық   сипатын   даму   заңдылықтарымен   көркем

туындыны талдап, зерттеп анықтайтын ғылым. 

Пререквизит: Әдебиет талдау негіздері.

Постреквизит:  Жоқ.

Оқытушы: Турсуманова Ф.

20.2 Пән атауы: Сөз өнері: зерттеу мен зерделеу (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты: : Әдебиеттану ғылымының  негізгі саласының бірі болып танылатын

бұл   пәннің   мақсаты:   халықтық,   ұлттық   әдебиетіміздің   өмір   тарихын   көзқараспен     таныту,

студенттің болашақ маман ретінде эстетикалық талғамын, көркемдік дүниесін қалыптастыру.

Қысқаша   мазмұны:  Көркем   тіл.   Көркемдік   шарттары,   құбылтулар   мәні,   мазмұны,

структурасы. Поэтикалық фонетика, оның эстетикалық қызметі. Әдебиет теориясында әдебиетті

зерттеудегі   кейбір   тәсілдер.   Филологиялық   тәсіл,   Биографиялық   тәсіл,     психологиялық   тәсіл,

психоаналитика тәсілі, интуитивизм тәсілі, мәдени – тарихи тәсіл, тарихи – салыстырмалы тәсіл,

формальдық тәсіл.

Күтілетін   нәтижелер:  Сөз   өнері   пәнінің   оқытылуы   қазақ   әдебиетінің   қазақтың   сөйлеу

мәдениетінің тарихына әртүрлі пәндерді оқыту әдістемесіне қатысты курстарды шығармашылық

тұрғыды қарауға негіз болады.

Пререквизит:  ХХ ғ. басындағы  қазақ әдебиеті.

Постреквизит:  Практика    

Оқытушы: Құланова С.

20.3 Пән атауы:  Көркем аударманың теориясы мен практикасы (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты: Аударманың ұлттық түрлерін,жекелеп,жіктеп,лингвистикалық әдіспен

аударудың теориялық,практикалық жолдарын қарастыру.



Қысқаша   мазмұны:  Аударма   саласындағы   көптеген   міндеттерді,   түпнұсқаның   көптеген

қасиеттерін ашу үшін интонация,ырғақ,образдылық секілді элементтерін зерделеу керек.Көркем

аударманың түрлері,еркін және төлтума ,назирашылдық аудармалардың ерекшеліктері мен ұқсас

тұстарын   ажырата   білу.Аударма   жанрының   методологиялық   негізін   салған   ғалымдарымыздың

еңбектерін зерттеу..

Күтілетін нәтижелер: Көркем шығармаларды аударудың теориясын мен практикасын жетік

меңгеріп, ақын жазушылардың шығармаларын  еркін аударуға үйрену. 

Пререквизит:  ХХ ғ. басындағы  қазақ әдебиеті.

Постреквизит:  Практика

Оқытушы: Жұмағұлова Қ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет