Қосымша 2.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Оқу ісі жөніндегі проректор
________п.ғ.к. Б.С.Қозбағарова
«_____» ______ 2016 ж.
ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Мамандық атауы:
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мамандық шифры:
5В011700
Дайындау бағыты:
Білім
Берілетін дәрежесі: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры
Шымкент, 2016ж.
Элективті пәндер каталогы 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін
дайындалды.
Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Нұрымова Қ.У.
«Филология» кафедрасының әдістемелік комиссиясында (2016 жылдың _____ ________ №
___ хаттама) және мәжілісінде (2016 жылдың _____ ________ № ___ хаттама) талқыланды.
Кафедра меңгерушісі Қ.У. Нұрымова
ӘК төрағасы А.Байтенова
Гуманитарлы-құқық факультетінің әдістемелік кеңесінде (2016 жылдың _____ ________ №
___ хаттама) мақұлданды.
ӘК төрағасы Ғ.Ералиева
Шымкент университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен (2016 жылдың _____ ________ №
____хаттама) бекітілді.
Кіріспе
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім беру 2 траекторияда
ұсынылады:
1.
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 5В011701-Аударма ісі мамандандыруының
білім беру траекториясы;
2.
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 5В011702-Журналистика мамандандыруының
білім беру траекториясы.
Бітірушіге «Білім бакалавры» дәрежесі беріледі.
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 5В011701-Аударма ісі мамандандыруының білім
беру траекториясы
бойынша бітіруші төмендегі қызметтер атқара алады.
- білім беру: жалпы орта білім беру, жалпы білім беретін орта мектептерде , лицей, гимназияларда
мұғалім (оқытушы) ретінде;
- ғылым-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);
- әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);
- әдеби кеңесші.
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 5В011702 -Журналистика мамандандыруының білім
беру траекториясы бойынша бітіруші төмендегі қызметтер атқара алады.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет көрсету;
- жарнамалық компанияларды ұйымдастырушы;
- Телевизиядағы авторлық бағдарламаларда қызмет көрсету;
- Мерзімді басылымдарда ғылыми танымдық қызмет көрсету.
Элективтік пәндер каталогы жоғарыда аталған екі білім беру траекториясы бойынша жасалынды.
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша негізгі оқылатын таңдау пәндері бірыңғай.
Кәсіптендіру пәндері циклінде мамандандырудың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, кейбір
төмендегідей пән айырмашылықтары көрсетіледі.
Кәсіптендіру пәндері циклы
1.1. Тілдің қоғамдық мәні \2 кредит\
1.2. Тілдің тарихи дамуы \2 кредит\
2.1. Сөздікпен жұмыс
\3 кредит\
2.2
Аударма теориясы \3 кредит\
2.3
Сөзжасамның даму жолдары \3 кредит\
3.1 Аударма теориясы мен практикасы 3кред\
3.2 Пән атауы: Әдеби аударма негіздері \3кр\
3.3 Пән атауы: Тіл білімінің тарихы
\3кр\
4.1 Салыстырмалы грамматика\3 кредит\
4.2
Қазақ-орыс
тілдерінің
салыстырмалы
грамматикасы
\3 кредит\
4.3.Тілдің қоғамдық мәні
\3 кредит\
1.1
Журналистін кәсіби этикасы \2 кредит\
1.2 Сөз өнері теориясы \2 кредит\
1.3 Терминология
\2 кредит\
2.1 Қазақ журналистикасының тарихы \
3 кредит\
2.2 Сатиралық жанрлар \
3 кредит\
2.3 Телеэкран мәдениеті \
3 кредит\
3.1 Телеэкран мәдениеті \
3 кредит\
3.2 Қазақ журналистикасының тарихы \
3 кредит\
3.3 Сатиралық жанрлар \
3 кредит\
4.1 Ғылыми танымдық журналистика \
3 кредит\
4.2 Ғылыми педагогикалық басылымдар \
3кре\
4.3 Телевизиядағы авторлық \
3 кредит\
Жоғары оқу орнында 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 5В011701- Аударма
ісі және 5В011702 -Журналистика мамандандыруының білім беру траекториясының элективтік пәндер
каталогы шеңберінде жасалынып, студенттерге таңдауға ұсынылды.
Цикл атауы: Жалпы пәндер циклы 7 - кредит (315сағат)
1.1. Пән атауы: Әлеуметтану (3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты: Студенттерге негізгі теоретикалық бағыттар мен ғылымда
қолданылатын эмпирикалық әдістер жөнінде кешенді білімдерді беру. Берілген пән әлеуметтік
құрылым туралы,әлеуметтік процестер және әлеуметтік институттар -қоғам дамуының өте
маңызды элементтері ретінде,әр түрлі әлеуметтанулық бағыттар мен мектептер, жинау әдістемесі
және әлеуметтік ақпараттарды өңдеу жөнінде жүйеге келтірілген білімдерді алуға бағытталған.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары). Адам мен қоғам жөніндегі ғылымдардың ішінен,
әлеуметтік дүние, тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастары жөніндегі ғылым-әлеуметтану маңызды
орынды иеленеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелердің өзектілігін тұлғаның қоғамдағы орнын
және адам жөніндегі білімнің рөлін арттырады. Әлеуметтану адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп,
қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып, қоғамның біртұтастығын сақтап қалу
мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйені, институттарды түсінуге көмектеседі. Әлеуметтану
кез келген құбылысты адамдық тұрғыдан қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдері мен
салдарын көруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика мен әлеуметтік
мемлекеттің түпкі конституциялық қағидаларын тек әлеуметтану пәні арқылы нақты түсініктермен
толығады. Әлеуметтану қоғам туралы ғылым болғандықтан, бұл пәнді оқын студенттердің
меңгеруі оларға өз ортасын тануына, қоғамдағы әртүрлі оқиғалар мен жағдайларды түсінуіне
септігін тигізеді.
Күтілетін нәтижелері. Пән бойынша алған білімдер жүйесі білім алушыны талапқа сай
дағдыларды игеріп іске асыруға дайын болады. Пәнді игеру арқылы қалыптасқан біліктілік пен
дағдылар студентке жүйелі білім бағытын қалыптастырып іскерлікке бейімдейтін кешенді білім-
білік қалыптастырады.
Пререквизиттері: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Постреквизиттері: Инклюзивті білім беру
Оқытушы: Ахметова Ж.Ш.
1.2. Қазақстандық әлеуметтану ғылымының дамуының негізгі тарихи кезеңдері
(Зкредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты. Қазақстанда әлеуметтік ойдың қалыптасуы қазақ халқының қоғамдық
және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша
нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасу тарихы
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары). Қазақ әлеуметтану ғылымы қоғамды, оның
қойнауындағы сан алуан әлеуметтік, экономикалық, құқықтық саяси діни рухани т.б құбылыстар
мен процестерді ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, ұғындырудың жалпы теориялық методикалық
негізгі темір қазығы болып табылады. Оның кезеңдері Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан,
А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады; 2. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Қазіргі
заманғы Қазақстандық әлеуметтану ғылымының ролі мен мәні барған сайын арта түсуде. Бұл
біріншіден, біздің қоғамдық өміріміздің барлық жақтарының реформалануына, екіншіден,
қоғамдық өмірде әлеуметтік факторлар мен әлеуметтік ортаның ролі мен маңызының арта түсуіне,
үшіншіден, құқықтық мемлекеттің қалыптасып, азаматтар қоғамның орнауына байланысты.
Қоғамдық дамуға әлеуметтану ғылымының ықпалы барған сайын арта түсетін болады.
Күтілетін нәтижелері Студент алған білім нәтижесінде пәнді игеріп, осы білім негізінде пән
ауқымында іскерлік дағдынарын толық игеріп, біліктілігін арттыра біледі.
Пән бойынша алған білімдер жүйесі білім алушыны талапқа сай дағдыларды игеріп іске
асыруға дайын болады. Пәнді игеру арқылы қалыптасқан біліктілік пен дағдылар студентке жүйелі
білім бағытын қалыптастырып іскерлікке бейімдейтін кешенді білім-білік қалыптастырады.
Пререквизиттері: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Постреквизиттері: Инклюзивті білім беру
Оқытушы: т.ғ.к. Юлдашева Ф.
1.3. Пән атауы: Жалпы және әлеуметтік педагогика (Зкредит, 135 сағат)
Мақсаты: болашақ әлеуметтік қызметкерлердің бойында жалпы және әлеуметтік-педагогика
теориясы мен тәжірибесі туралы түсінік қалыптастыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Кіріспе. Жалпы педагогиканың теориялық негіздері. Тәрбие – қоғамдық құрылыс ретінде.
Біртұтас педагогикалық үрдіс: негізі, ұйымдастыру формалары, жүзеге асыру әдістері. Әлеуметтік
педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Баланы қоғамда (социумда) дамыту. Әлеуметтік тәрбие.
Әлеуметтендіру және оның факторлары. Әлеуметтік-педагогикалық виктимология. Әлеуметтік-
педагогикалық қызмет, әдістемесі мен технологиялары. Халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік-
педагогикалық жұмыстар жүргізудің ерекшеліктері. Отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік-
педагогикалық жұмыстар. Балалықты әлеуметтік қорғау – жалпы адамзаттық проблема ретінде.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтік проблема ретінде. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар
туралы әлеуметтік қамқорлық. Мектептер және әлеуметтік орта: өзара іс-қимыл жасау жолдары.
Күтілетін нәтижелер: - Жалпы және әлеуметтік-педагогиканың жалпы мағынасын
түсіндіру.
- Пәнді оқу барысында жалпы және әлеуметтік-педагогика ілімін тәжірибеде қолдана
отырып, әлеуметтік процестердiң қазiргi таңда білуге және оны қажет уақытта тиімді қолдану.
- Жалпы және әлеуметтік-педагогика курсын меңгеру барысында студент қосымша
мәліметтермен жұмыс жүргізіп, осыған байланысты талдаулар жасалынып, пәннің алатын орнын
бағалай білуі қажет.
- Жалпы және әлеуметтік-педагогика оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен
қатар дағдылық маңызы бар. Оқу әдістерінде негізінен әлеуметтанудың өзге үрдістермен
салыстырғанда ерекшелігіне мән беріп, студенттер тарапынан баяндамалар, эссе, кейс әзірлеу,
кешендік сұрақтарға жауап беруге дағдылануы тиіс.
- Студенттердің кәсіби шеберлігін көтере отырып, өз бетімен қажетті ақпарат жинау мен
әзірлеуге дағдылану.
Пререквизиттері: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Постреквизиттері: Инклюзивті білім беру
Оқытушы: Жанысбеков Ә.Ж.
2.1 Пән атауы: Экономикалық теория (2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты: нарыққа өту жағдайында экономикалық теорияның практикалық
функциясы елеулі күшейді. Бүгінде экономикалық теория мен шаруашылық жүргізудің
практикасындағы қол үзуді болдырмау міндеті қойылым отыр. Шаруашылық жүргізу
механизімінің радикалды реформасы экономикалық теория алдында жаңа міндеттер ұсынды. Ол
қазіргі экономикалық дамудың ерекшеліктеріне сүйене отырып, өмірдің өзі қойған сұрақтарына
жауап беру қажет.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Микро (тұтынушылар, фирмалар, жеке нарықтар)
макро (жалпы экономика) және әлемдік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастар
деңгейінде нарықтық экономиканың әрекет етуінің заңдары мен принциптері туралы білім алуы
тиіс; Экономикалық ситуациларды талдауда, болжауда және мемлекеттің экономикалық
саясатының салдарын алды алуды экономикалық үлгілерді пайдалана білуі тиіс.
Күтілетін нәтижелер: Өз бетімен ізденіс жұмыстарның қырсырын игеріп, өзінің
тұжырымдарын дәлелді және экономикалық сауатты жеткізе білуі керек.
Пререквизиттер: жоқ
Постреквизиттер: жоқ
Оқытушы: магистр Алиева Ф.У.
2.2Пән атауы: Мемлекет және бизнес (2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты: болашақ басқару мамандығы бүгінгі күнгі менеджмент
тұжырымдаланылады сапалы ұғынып, оларды кәсіпорын тәжірибесінде ұтымды қолдана білу.Бұл
пәннің оқытылуындағы басты мақсат, жас экономист-басқарушы кадрларды Қазақстан
Республикасының экономикасының, жекелеген салаларының, кәсіпорындардың тиімділігін
жоғарылату үшін, қолдағы бар ресурстарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін,
менеджменттің жүйелік ыңғайы мен функцияларын, әдістерін, техника мен технологияларын,
ұйымдастырушылық формалары мен құрылымдары білімді игеруге көмек беру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): «Мемлекет және бизнес» пәнінің міндеті
студенттерге инновациялық жобаларды басқару механизімін түсіндіру, заңдылықтарын анықтай
отырып, нақты ұйымдастырушылық тапсырмаларды шешу тәсілдері мен әдістерін дайындау
жөнінде ұсыныстар беру, яғни менеджментті басқару саласында маманданған, қажетті кәсібті
иеленетін адамға түсінікті болатын ғылыми жүйеге айналдыру.
Күтілетін нәтижелер: Студенттердің инвестициялар саласынан ғылыми және машықтарды
алу; Капиталды салымдардың экономикалық негіздеуін білу; инвестициялық тәуекелдерді табу
және бағалау әдістемесін үйрену; оларды қысқарту жолдарын үйрену.
Пререквизиттер: жоқ
Постреквизиттер: жоқ
Оқытушы: магистр Мырзахметова Ж.Ж.
2.3.Пән атауы: Экономикалық ілімдер тарихы. (2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты: Жалпы экономиканы зерттеудің алғы шарты экономикалық ілімдер
тарихын зерттеу. Экономикалық ілімдер тарихы пәні мен әдістері. Классикалық саяси
экономиканың пайда болуы мен дамуы. Маржинализм және неоклассикалық экономикалық
теорияның қалыптасуы. Неолиберализм. Кейнсиандық. Институционалдық. Социалисттік
ойлардың пайда болуы. ХХ ғасырдың экономикалық теориясына кеңес ғалымдарының үлесі.
Қазақстандағы экономикалық ойлардың пайда болуы мен дамуы.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Экономикалық ілімдер тарихының пәні және әдісі.
Ежелгі дүние мен ортағасырдың экономикалық ілімдері. Экономикалық ілімдер тарихының пәні.
Экономикалық ілімдер тарихының әдістері. Экономикалық ілім тарыхының дамуының жалпы
сипаттамасы. Экономикалық ойлардың және олардың таптық табиғатының пайда болуына әсер
ететін әлеуметтік-экономикалық тарихи жаздайлар. Шығыс және көне дәуірдегі экономикалық ой-
пікірлер. Орта ғасырдағы экономикалық ілімдер. Мануфактура кезеңінен кейінгі дәуірдегі смитшіл
классиктердің еңбектеріндегі өзін-өзі реттейтін экономика. С.Сисмонди мен П. Прудон -
мануфактурадан кейінгі кезеңнің алғашқы сыншылары. К.Маркстің экономикалық теориясы.
Күтілетін нәтижелер: Экономикалық ілімдер тарихының әдістері. Экономикалық ілім
тарихының дамуының жалпы сипаттамасы. Экономикалық ойлардың және олардың таптық
табиғатының пайда болуына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық тарихи жағдайлар танып білу.
Пререквизиттер: жоқ
Постреквизиттер: жоқ
Оқытушы: э.ғ.к., аға оқытушы Мауленкулова Г.Е.
3.1. Пән атауы: «Құқық негіздері» (2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің
қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, окушылардың әлемдік танымын
қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату.
Оқу пәнін оқыту мақсаты қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр.
Оқутыдың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық
теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті
білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен
ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен
және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің
жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік
юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Құқық негіздері болашақта өздерінің азаматтық
құқықтары мен міндеттерін іске асыру үшін, еңбекке құқығын жүзеге асыру, қоғамның және
еліміздің қоғамдық- саяси өміріне белсенді қатысуға, оқушыларға заң білімдерін кешенді
нысанда меңгеруге мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтижелері: Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен
құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның
алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік- құқықтық
механизмнің жетілдірілуінің саяси - құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен
субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.
Пререквизиттер: Аталған курсты оқығанға дейін оқушылар орта және жалпы білім беру
мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет. Құқық негіздері әлеуметтік-
гуманитарлық пәндер циклінің басқа пәндерімен тығыз байланысты. Олардың құқық
негіздерімен өзара байланысы оқудың негізгі объектісі- әртүрлі қоғамдық қатынастар.
Постреквизиттер: Студент ненi үйренедi: нормативтiк құқықтық мәселелердiң мәнiн түсiне
бiлудi, жалпы құқықтық сұрақтарды өз бетiнше шеше білуді, нормативтік актілерді дұрыс қолдана
алуды үйренедi. Студент түрлi құқық салалары мен саяси iлiмдердiң жеке индивидке әсер етуiн өз
бетiнше талдай алуы тиiс.
Оқытушы: Палванова М.
3.2. Пән атауы: «Еңбек құқығы» (2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты: Бұл пәннің негізгі мақсаты еңбек құқық қатынастарының мәні мен
құрылымын студенттер жан-жақты түсіне алатын дәрежеге жеткізу.Азаматтар еңбек ету
бостандығын, конституциялық құқығын әр түрлі нысанда қолдана алатыны. Еңбек құқығы дербес
құқық саласы болып табылады, оның пәні, әдісі қағидалары бар және басқа құқық салаларынан
айрықша ерекшеленеді. Практикалық қызметке жоғары кәсіби дайындау, болашақ заңгерлерді
парасатты тұлғалар қатарына қосу.Еңбек құқығы дүниежүзілік заңнама мен құқықтанудың
дамуына әсер етті. Әрбір сауатты заңгер еңбек құқығымен танысуға тиіс. Бұл пәннің мақсаты осы
кезде халықаралық құқықта түрлі мемлекеттердің сауда және басқа азаматтық еңбек
қатынастарында қолданылатын еңбек құқықтан бастау алған заң термин сөздерін меңгеру болып
табылады.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Қазақстан Республикасының еңбек құқығы еңбек
заңдылығының жүйесі, оның қағидалары, мақсаттары және құрлымы туралы мағлұмат алуы керек,
оларды жетілдіру тарихын машықтау қажет, қызметкерлердің кейбір санаттарымен жеке еңбек
шартын бекітудің ерекшеліктерін білуі қажет, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу
тәртібін білуі керек, жалақының нысандары мен жүйесін қамтуы керек, лауазымды тұлғалар мен
қызметкерлердің еңбек заңдылығын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің әр түрлі түрлерін
пайдалануды үйренуі керек, еңбек құқығының теориясын және еңбек заңдылығын нормаларын
қолдана білуі керек.Еңбектік және зейнетақылық салада сапалы кеңес беру, сонымен қатар еңбек
құқығын еңбектік және әлеументтік қамсыздандырушылық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру
үрдісінде пайдалана білуі керек.
Күтілетін нәтижелері: - «ҚР еңбек құқығы» курсын оқып бітірген соң студент ҚР еңбек
заңдылығының жүйесін, оның қағидаларын, мақсаттары және құрылымы туралы мағлұмат алады;
- Қызметкерлердің кейбір санаттарының жеке еңбек шартын бекітудің ерекшеліктерін білуі
қажет, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу тәртібін, жалақының нысандары мен
жүйесін қамту керек;
- Лауазымды тұлғалар мен қызметкердің еңбек заңдылығын бұзғаны үшін заңды
жауапкершіліктің әр түрлі түрлерін пайдалануды үйренуі керек, еңбек құқығының теориясын және
заңдылығының нормаларын қолдана білу керек.
Пререквизиттер: Аталған курсты оқығанға дейін оқушылар орта және жалпы білім беру
мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет. Құқық негіздері әлеуметтік-
гуманитарлық пәндер циклінің басқа пәндерімен тығыз байланысты. Олардың құқық
негіздерімен өзара байланысы оқудың негізгі объектісі- әртүрлі қоғамдық қатынастар.
Постреквизиттер: Студент ненi үйренедi: нормативтiк құқықтық мәселелердiң мәнiн түсiне
бiлудi, жалпы құқықтық сұрақтарды өз бетiнше шеше білуді, нормативтік актілерді дұрыс қолдана
алуды үйренедi. Студент түрлi құқық салалары мен саяси iлiмдердiң жеке индивидке әсер етуiн өз
бетiнше талдай алуы тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |