Элективтік пәндер каталогы мамандық атауы


Оқытушы: Жаналиева А. 3.3. Пән атауы: «Әкімшілік құқық»  (2 кредит, 90 сағат)



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата12.03.2017
өлшемі254,72 Kb.
#9095
1   2   3   4   5   6   7

Оқытушы: Жаналиева А.

3.3. Пән атауы: «Әкімшілік құқық»  (2 кредит, 90 сағат) 

Оқытудың мақсаты:  Әкімшілік құқық негізгі заң білімін беретін міндетті пәндердің бірі

болып   табылады.    Әкімшілік   құқық   атқарушы   биліктің   ресімделуін   түсіну   үшін,биліктің

субьектісін   дараландырып,   атқарушы   билік   органдарының   ұйымдастырылуымен   байланысты

қатынастарды,   сондай-ақ   азаматтар   мен   мемлекеттік   емес   ұйымдар   мен   мемлекеттік   басқару

органдары арақатынасы кезінде пайда болатын қатынастарды реттейді.

Қысқаша   мазмұны   (негізгі   тараулары):  Қазақстан   Республикасының   тәуелсіздігі

жарияланғаннан кейінгі уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси және құқықтық

жүйелері елеулі түрде өзгереді. Осындай жағдайларда әкімшілік құқық құқық жүйенің негіздеуші

саласы   ретінде     жаңа   түрін   алады.   Егеменді   Қазақстанның   жаңа   мақсаттарына   сәйкес

экономикалық,   саяси   құқықтық   және   әлеуметтік   мәдени   салаларының   әкімшілік   құқықтық

институттарын   қайтадан   қарастыру   мүмкіндігі   туындап   отыр;   құқықтық   мемлекет   идеялары

билікті   бөлу,  адамның   құқықтары   және   бостандықтарының   басымдылығын   қарастыру   кезінде

әкімшілік құқығының проблемаларын ескеру қажет.

              Мемлекет  ролінің,   мемлекеттік   басқарудың   мәні,   нысаны  және  әдістерінің   өзгеруі

әкімшілік   құқықтың   жалпы   және   ерекше   бөлімдерінің   құралымы   мен   мазмұнын   сын   көзбен

қарауын қажет етеді. Заңнаманың жаңаруы және оның тұрақты түрде өзгеріп отыруы әкімшілік

құқықтық нормалар мен институттардың мазмұнына әсер ететін маңызды деректердің бірі болып

табылады. 

Күтілетін   нәтижелері:  Қазақстан   Республикасының   әкімшілік   құқығы   пәнін   оқыту

міндеттері:

- басқармалық қатынастардың ерекшеліктері мен мағынасын зерттеу;

- басқармалық қатынастарды реттеудегі әкімшілік құқықтық нормалардың қызметін анықтау;

- әкімшілік құқық субьектілерінің құқықтық орнын анықтау;

- әкімшілік қызметінің әдістері мен түрлерін зерттеу;

- әкімшілік құқықтың субьектілерінің жұмысында заңдылық тәртібін қамтамасыздандыратын

тәсілдерін белгілеу.



Пререквизиттер: Аталған курсты  оқығанға  дейін  оқушылар орта  және  жалпы білім беру

мектептерінде     алған   құқықтық   және     тарихи     білімдері   қажет.  Құқық   негіздері     әлеуметтік-

гуманитарлық     пәндер     циклінің   басқа     пәндерімен       тығыз     байланысты.   Олардың   құқық

негіздерімен өзара  байланысы оқудың  негізгі  объектісі- әртүрлі қоғамдық қатынастар.



Постреквизиттер: Студент ненi үйренедi: нормативтiк құқықтық мәселелердiң мәнiн  түсiне

бiлудi, жалпы құқықтық  сұрақтарды өз бетiнше шеше білуді, нормативтік актілерді дұрыс қолдана

алуды үйренедi. Студент түрлi құқық  салалары мен саяси iлiмдердiң жеке индивидке әсер етуiн өз

бетiнше талдай алуы тиiс.



      Оқытушы: Бекбутаев Қ.

Цикл атауы: Базалық пәндер циклы – 49 кредит (2205 сағат)

4.1.Пән атауы:  Тіл біліміне кіріспе (3 кредит, 135 сағат)

  Оқытудың мақсаты: «Тіл біліміне кіріспе» курсының басты мақсаты – студенттерді тіл 

туралы ғылымның негізімен таныстырады. Тіл туралы ғылымның алғашқы кіріспесі болып 

табылатын бұл курста тіл теориясын атап айтқанда тілдің ішкі құрылымы және оның ойлаумен, 

қоғаммен, қоғам дамуының тарихымен, тілдің функциональдық және құрылымдық баламалармен 

байланысы және т.б. мәселелер қарастырылады.

Қысқаша мазмұны:  Студенттер аталмыш курста лингвистикалық терминдермен танысып,

оларды   ғылыми   тұрғыдан   пайдалануға   үйренуі   қажет.   Тіл   білімінің   негізгі   нысаны   тіл

болғандықтан, оның табиғаты, қоғамдық мәні, тілдің пайда болу теориялары, оның құрылымдық

және   жүйелік   сипаттары,   құрылымдық   элементтердің   бір-бірімен   байланысы,   арақатынастары,

тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер жалпы халықтық тіл мен оның өмір сүру

формалары, тілдердің типологиялық және генеологиялық топтастырулары, жазудың пайда болуы

мен даму үрдістері, тіл білімінің зерттеу әдістері мен методологиясы, басқа ғылымдар жүйесімен

байланысы және т.б мәселелер тұрғысында студенттердің өзіндік ойы мен тұжырымдары болуы

қажет.


Күтілетін нәтижелер: «Тіл біліміне кіріспе» курсы қазақ филологиясының студенттері үшін 

өз ана тілінің құрылымын, фактілерін ғылымын терең түсінуге, ана тілінің туыс тілдермен 

генетикалық жақындығын білуіне, ал басқа туыс емес тілдермен типологиялық ұқсастықтарын 

салыстыруға мүмкіндік береді.



Пререквизит: Жоқ

Постреквизит :Жалпы тіл білімі

Оқытушы: Исакулова М.М.

4.2 Пән атауы:  Тілдің қоғамдық мәні (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты: «Тіл қоғамдық мәні» курсының басты мақсаты – студенттерді тілдің

қоғамдағы мәні  туралы негізімен таныстырады. Тілдің  қоғамдағы мәні  туралы кіріспесі  тілдің

теориясын,   оның     ішкі   құрылымын   ойлаумен,   қоғаммен,   қоғам   дамуының   тарихымен,   тілдің

құрылымдық баламалармен байланысын қарастырады.



Қысқаша   мазмұны:  Аталған   курста   тілдің   қоғамдық   терминдермен   танысып,   оларды

ғылыми тұрғыдан пайдалануға үйренуі қажет. Тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, пайда болуы, бір-

бірімен байланысы, арақатынастары   тұрғысында студенттердің өзіндік ойы мен тұжырымдары

болуы қажет.



Күтілетін   нәтижелер:   Тілдің   қоғамдық     мәні,   тіл   және   ойлау,   тіл   және   сөйлеу,   тілдің

табиғаты, тілдің қоғамдық   қызметі, тіл және ойлау, тілдің таңбалық   сипаты. Тіл мен қоғамның

арасындағы  байланыс.  Тіл мен ойлау  өзара  байланысты екендігін түсіндіру.

Пререквизит: Педагогикалық мамандығына кіріспе.    

Постреквизит: 

  Қазіргі   қазақ   тілінің   фонетикасы,   Қазіргі   қазақ   тілінің

лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

Оқытушы: Жантасова З.

4.3 Пән атауы:  Тілдің тарихи дамуы (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты: «Тіл тарихи дамуы» курсының басты мақсаты – тілдің шығуы туралы

ғылымның негізімен таныстырады. Тілдің тарихи дамуы туралы бұл курста тіл теориясын атап

айтқанда   тілдің   ішкі   құрылымы   және   оның   ойлаумен,   қоғаммен,   қоғам   дамуының   тарихымен,

тілдің   функциональдық   және   құрылымдық   баламалармен   байланысы   және   т.б.   мәселелер

қарастырылады.

Қысқаша мазмұны:  Тiлдiң шығyы  туралы  теориялардың тағы бiрі – қоғамдық шарттасу

теориясы. Бұл теория бойынша aлғашқы адамдар сөздердi өзара келiсе отырып шарттасьп жасaған.

Осыдан келiп тiл пайда болған дейдi. Тiл туралы келicу, шарттасу үшiн, ол адамдардың бұрыннан

тiлi болуы керек қой. Олай болса, бұл теория да ешбiр дәлелсiз. Біртұтас тіл теориясы. 'Тілдің даму

кезеңдері.  

Күтілетін нәтижелер:  Ұлт тілдері.Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы.

Жазба   тілдер.   Әдеби   тілдік   норма.   Әдеби   тіл   және   ұлттық   мәдениет.  Тілдердің   өзара   қарым-

қатынасы.   Субстрат,   суперстрат,   интерстрат   кұбылыстары.   Кең   таралған   тілдер.   Дүние   жүзі

тілдері, олардың жіктелуі. Халықаралық жасанды тілдер. Машина тілі және оның қолданылуын

қамтиды.

Пререквизит: Педагогикалық мамандығына кіріспе.    

Постреквизит: 

  Қазіргі   қазақ   тілінің   фонетикасы,   Қазіргі   қазақ   тілінің

лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

Оқытушы: Құланова С.

5.1 Пән атауы: Әдебиеттануға кіріспе (3 кредит, 135 сағат)     

Оқытудың мақсаты:  Әдебиеттану пәні әдебиеттің түрлі кезеңдеріндегі тарихынан білімі

бар ұғымы қалыптасқан әдебиеттің, өнердің өзекті теориялық мәселелерін қазіргі ғылымның озық

жетістіктері негізінде жан-жақты, тарихи тұрғыда қарастыру.

Қысқаша мазмұны: Бұл пән 1-курс (жеделдетілген) студенттерін әдебиет туралы ғылымның

негізгі   әсемдік,   көркемдік   жайлы   әдеби-теориялық   түсінігін,   көркемдік-эстетикалық   танымын

қалыптастыру,   көркем   туындыны   талдау,   бағалау   жолдарына   машықтану   мақсатын   көздейді.

Лекциялық   және   семинар   сабақтарында   әдебиет   туралы   ғылымның   тарихы   жайлы,   өнердің



қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің ерекшеліктері, көркем туындының тақырыбы мен идеясы,

мазмұны   мен   пішіні,   композициясы   мен   сюжеті,   тип,   типтендіру,   көркем   шығарма   тілі,

образдылық-бейнелілілік   сырлары,   өлең   құрылысы,   әдебиеттің   тектері   мен   түрлері,   көркемдік

әдістер мен бағыт-ағымдар, стиль мәселесі т.б. жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, студенттердің

әдеби-теориялық ұғымының қалыптасуына мүмкіндік жасалады.

Күтілетін   нәтижелер:  Пәннен   сабақ   жүргізу   барысында   тарих,   тіл   білімі,   философия,

эстетика,   халықтық   педагогика,   психология   т.б.   ғылымдармен   пәнаралық   байланыс   жүзеге

асырылады.

Пререквизит: Жоқ.    

Постреквизит:  Әдебиет теориясы.

Оқытушы: Бахадырова С.

5.2 Пән атауы:  Өлең құрылысы (3 кредит, 135 сағат) 

Оқытудың   мақсаты:  Өлең   құрылысының   қалыптасуы,   өрістеуі,   одан   әрі   шыңдалып,

жетілуі, байып – толысуы  секілді түйінді мәселелерді жан – жақты таныстыру, өлең жүйесінің

өзіндік, ішкі өзгешелік – заңдылықтарын таныту негізгі мақсаттардың біріне саналады.

Қысқаша мазмұны: Қазақ өлеңінің құрылысы таңдау курсын оқытудағы басты міндет қазақ

поэзиясындағы тіл кестесі мен өлең құрылысы жайлы мәселелерді жүйелі түрде оқыту. 



Күтілетін нәтижелер: Бағдарлама сөз өнері, оның ішінде қазақ өлеңінің құрылысын талдау

мен монографиялық еңбектер ауқымында оқытуды көздейді.



Пререквизит: Педагогикалық мамандығына кіріспе.    

Постреквизит:  Халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуір әдебиеті.

Оқытушы: Құланова С.

5.3 Пән атауы:  Сөз өнері теориясы  (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың   мақсаты:   Сөз   өнерін   оқытудың   мақсаты   көркем   сөйлеуге   және   әдеби   тілде

сөйлеуге уйрету. 

Қысқаша   мазмұны:   Сөз   өнері   -   әдебиеттің   өнер   ретіндегі   ерекшеліктері   мен   даму

заңдылықтарын,   көркемдік   әдіс,   стиль,   жанр   мәселелерін,   көркем   туындының   құрылысын,

сюжетін қарастыру, әдебиет туралы ғылымның көркемөнер теориясы, эстетика, философия,  тарих

ғылымдарымен байланысын талқылау.



Күтілетін нәтижелер: Бұл пән арқылы қазақ сөз өнерінің  көркем туындының құрылысын,

сюжетін қарастыру, әдебиет туралы ғылымның көркемөнер теориясы туралы мағлұматтар беруді

көздейді..

Пререквизит: Педагогикалық мамандығына кіріспе.    

Постреквизит:  Халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуір әдебиеті.

Оқытушы: Тұрсыманова Ф.

6.1 Пән атауы : Педагогикалық мамандыққа кіріспе (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың   мақсаты:  Білім   алушылардын   функционалдық   сауаттылығын   дамытудын

отандық   және   халықаралық   практиксын   зерделеу   және   функционалдык   сауаттылығын   дамыту

бойынша шаралар жүйесін іске асырудын тетіктерін аныкау.

Қысқаша мазмұны: Білім беру процесінде оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу, білім

сапасын   бағалау   және   мониторинг   жүргізу   жүйесін   дамыту.Қосымша   білім   беру   жүйесі

ұйымдарының   материалдық   –техникалық   базасын   нығайту   және   білім   мазмұнын   жаңғыртуды

қамтамасыз ету. Стандарттар ,оқу жоспарлары мен бағдармалар.



Күтілетін   нәтижелер:  Тәрбие   саласындағы   жұмыстарға   әлеуметтік   көзқарас   оң   тұрғыда

қалыптасады,   білім   алушылардын   ізденіс   қабілеті   өседі,   дүниетанымы   кенейеді.Педагогикалық

ұжымның бәселекестік қабілеті артады.

Пререквизит: Жоқ.  

Постреквизит: Педагогика.

Оқытушы: Құланова С.

6.2 Пән атауы : Өзін-өзі тану

 

(3 кредит, 135 сағат)



Оқытудың мақсаты:  адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан-дүниесіне үніліп ,

өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік рухани әлеулетин көтеру .



Қысқаша мазмұны:  Өзін-өзі тану адамға өзін-өзі анықтауға  , жақсы қасиеттерін ашуға ,

өзіне адалдыққа , өзіндік адамгершілікті үнемі және Адам, осы сөздің толық мағнасында ,болып

қалу үшін қажет.

Күтілетін нәтижелер:Білім алушы  діннен, философиядан және ғылымнан хабары болады

және   құраннан,   хадистен,   хикметтерден   ,   әдет-ғұрып   ,   салт-   дәстүрден   ,акын-жырау,  жазушы,

билер мен шешендердің қалдырған ғибраттарын толық ұғынады.

Пререквизит:Психология  

Постреквизит:  Практика

Оқытушы: Кыпшақбаева С.

6.3 Пән атауы: Әлеуметтану (3 кредит,135 сағат)

Оқытудың мақсаты: әлеуметтану пәнінің зерттейтін нысанасы,оның негізін салушылардың 

еңбектері. Пәннің қалыптасуы мен дамуы тұрғысынан зерттеу.



Қысқаша мазмұны:Әлеуметтану пәнінің екі негізгі тенденциясы.Макросоциологиялық 

және микросоциологиялық болып екі түрге бөлінуі.Пәннің қалыптасу кезеңдеріндегі әр түрлі 

әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, үрдістердің негізгі қағидаттарын теориялық  және 

практикалық тұрғыдан меңгеру.



Күтілетін нәтижелер:Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдерін талдай 

білу.Әлеуметтану пәніне қоғам,әлеуметтік құрылым ретінде ,жүйе ретінде талдай білу.



Пререквизит:   Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Постреквизит:  Социология

Оқытушы: Ералиева Ғ.

7.1 Пән атауы:   Нормативті қазақ тілі   (3 кредит, 135 сағат) 

Оқытудың   мақсаты:  Студенттердің   сөздік   қорын   байыту,   мақал   –   мәтел   тұрақты   сөз

тіркестерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, сөз мағынасын терең түсіне білуге үйрету, сөз

тіркестері   мен   сөйлем   қолданыстарын   меңгерумен   қатар   сауатты  жазу,  әдеби   тілде   мәдениетті

сөйлей білуге жаттықтыру – бүгінгі мәселелердің бірі. Студенттердің тілін дамыту курстың барлық

саласымен   үздіксіз байланысты жүргізіліп отырады. Пәннің негізгі   мақсаты – студеттің қазақ

тілінен меңгерген білім, дағды негіздерін  жетілдіру, жоғары  курстарда  өтілетін ғылыми курсқа

дайындау.  Тіл   нормаларын   сақтап,   сауатты   жаза   білуге,   әдеби   тілде   мәдениетті   сөйлей   білуге

дағдыландыру.



Қысқаша мазмұны: Осылардың  баршасы,  тілдің  өзіне   әлеумет назарын  аудартып,  оның

дұрыс,  жемісті  қызмет  етуіне  қойылатын талаптарды  күшейтті.  Қазақ  тілі  әлеуметтік  қызмет

атқарып  қана қоймай,  оның  дұрыс,  сындарлы,  мәдениеті,  түрде  қолданылуы  күн  тәртібіне

қойылды.  Осы   уақыт  талабын  орындау  ең  алдымен  қазақ тілі  мамандарына  жүктеледі.  Сол

себепті  тіл  мәдениетінің  ең  өзекті  мәселесі  тілдік  норма  мен оның  кодификациясын  меңгеру

үшін  оқу  бағдарламасына «Нормативті қазақ  тілі» пәні  ендірілді. 



Күтілетін нәтижелер: Қазақтың  бүгінгі  ұлттық  жазба  әдеби тілінің  әлеуметтік  қызмет

өрісі     кеңейе түсті,   функционалдық   стильдері   сараланып,   әрқайсысы   өзіндік   белгілерімен

айқындалды,  қоғамға  қызмет  етуінің  ауызша  да,   жазбаша  да түрі  жанданды.  Қазақ  тілінің

мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  ие болуы  ұлттық  сананы  тәрбиелеуде,  ұлттық  намысты  қорғауда,

ұлттық  мәдениетті  көтеруде  үлкен мәні  бар  факторлар .  

Пререквизит:  Тіл біліміне кіріспе

Постреквизит: Жалпы тіл білімі.

Оқытушы: Айтенова Д.

7.2 Пән атауы:  Морфология практикумы (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың   мақсаты:  Қазіргі   қазақ   тілінің   грамматика   саласы   бойынша   кейбір   өзекті

мәселелерді   қарастыру.Жалаң   және   күрделі   сөздер.Морфологияның   дамуына   үлес   қосқан

ғалымдардың еңбектерімен таныстыру.Сөз формаларының жасалу тәсілдерін меңгерту. 


Қысқаша   мазмұны:  Морфология   практикумында   сөз   тұлғаларының   түрленуін,

бөлшектенуін,әр   түрлі   өзгеріске   түсуін   анықтау   мақсатында   салыстыра   зерттеу   жүйесімен

айналысады.   Сөздің   тұлғасы,мағынасы   және   атқаратын   қызметі   сөйлем   құрамында   ғана

анықталатын   болғандықтан,сөзді   синтаксиспен   байланыстыра   қарастыру   жолдары

қарастырылады.

Күтілетін нәтижелер: Морфологияның шығу тарихын, даму жолдары мен арналарын жан-

жақты ұғынып,талдай алу мүмкіншілігін қалыптастыру. 



Пререквизит:   Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы 

Постреквизит:  Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

Оқытушы: Жумагулова Қ.

7.3 Пән атауы: Сөзжасамның даму жолдары (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты: Қазақ  тілінің сөзжасам жүйесі жеке пән ретінде оқытылды. «Қазіргі

қазақ   тілінің   сөзжасам   жүйесі»атты   монографияны   қолданылды.   Мұнымен   қоса   сөзжасам

мәселесінің   жеке   тақырыптарынан   шыққан   еңбектер   мен   А.Ысқақовтың   «Қазіргі   қазақ   тілі.

Морфология» атты оқулығындағы, С.Исаевтің «Қазақ тілінің грамматикалық көрсеткіштері» аты

еңбегіндегі сөзжасам туралы мәліметті қолдану.

Қысқаша   мазмұны:    Қазақ   тілі   мен   әдебиеті   мамандарын   дайындайтын   жоғары   оқу

орындарының оқу жоспарына қазақ тілінің сөзжасам жүйесі жеке пән ретінде оқытылады. Бұл пән

Абай   атындағы   Қазақ   ұлттық   педагогикалық   университетінің   қазіргі   қазақ   тілі   кафедрасының

ұсынысы   бойынша   1990   жылы   қазақ   тілінің   сөзжасамы   пән   ретінде   кіріп,   1992   жылы   оның

профессор Н.Оралбаева құрастырған бағдарламасы тұңғыш рет баспадан шыққан еді. Содан бері

бұл   пән   осы   бағдарлама   негізінде   оқытылып   келеді.   Оқулық   болмағандықтан,   университеттер

А.Байтұрсынұлы  атындағы  тіл білімі  институты  1989 жылы  баспадан  шығарған  «Қазіргі  қазақ

тілінің   сөзжасам   жүйесі»атты   монографияны   қолданып   келді.   Мұнымен   қоса   сөзжасам

мәселесінің   жеке   тақырыптарынан   шыққан   еңбектер   мен   А.Ысқақовтың   «Қазіргі   қазақ   тілі.

Морфология» атты оқулығындағы, С.Исаевтің «Қазақ тілінің грамматикалық көрсеткіштері» аты

еңбегіндегі сөзжасам туралы мәлімет те қолданылды

Күтілетін нәтижелер: Қазақ тілі пәнінің барлық талдау   түрлерін меңгеру. 

Пререквизит: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы 

Постреквизит: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы   

Оқытушы:  Турсуманова Ф.

8.1. Пән атауы:   Қазіргі қазақ тілінің  фонетикасы мен лексикологиясы  (3 кредит, 135

сағат) 

Оқытудың   мақсаты:  «Қазіргі   қазақ   тілінің   фонетикасы»   курсының   басты   мақсаты   –

студенттерді   тілдің   қоғамдағы   мәні     туралы   негізімен   таныстырады.   Тілдің     қоғамдағы   мәні

туралы кіріспесі  тілдің теориясын, оның  ішкі құрылымын ойлаумен, қоғаммен, қоғам дамуының

тарихымен, тілдің құрылымдық баламалармен байланысын қарастырады. Студенттерге  сөздердің

мағынасы,   шығу   төркіні,   стильдік   мәні   мен   сипаты,   қолданылу   қабілеттілігі   туралы,   қысқасы,

тілдің лексикалық жүйесі жөнінде жан-жақты мағлұмат береді.



Қысқаша   мазмұны:  Жалпы   білім   беретін     «қазіргі     қазақ   тілі»   курсын   маман   ретінде

меңгеру   «Фонетиканы»   оқып   үйренуден     басталады.   Осыған     орай   пәнді     оқыту     барысында

студенттерге сөздердің дыбысталу жүйесін,буын құрамы мен  түрлерін, мағынасын, орфографиясы

мен орфоэпиясын қолданылу қабілеттілігі туралы, қысқасы, тілдің фонетикалық жүйесі жөнінде

жан-жақты   мағлұмат     беру   мақсат   етіледі.   Пәнді   оқытуда   алға   қойылатын     басты     міндет   -

оқытудың   қалыптасқан   әдістерінің   (лекциялық,практикалық,   лабораториялық     сабақтар   т.б)

негізінде  студенттердің жеткілікті дәрежеде білім алуын  қамтамасыз ету. Жалпы білім беретін

«қазіргі     қазақ   тілі»   курсын   маман   ретінде   меңгеру   «Лексикология   »   оқып   үйренуден

басталады.Орта   мектепте   көп   мағыналылық,   омонимдер,   синонимдер,   антонимдер,   тұрақты

тіркестер сияқты қазақ тілі лексикасының кейбір  тараулары ғана үйретілген  болса, жоғарғы оқу

орындарында  бұл  тақырыптар  әлдеқайда кеңейтіліп өтіледі, тіпті  талапкерлерге бұрын мүлдем

бейтаныс  мәселелер  де   қарастырылады. Осыған   орай пәнді   оқыту   барысында студенттерге



сөздердің мағынасы, шығу  төркіні, стильдік  мәні  мен сипаты, қолданылу қабілеттілігі туралы,

қысқасы, тілдің лексикалық жүйесі жөнінде жан-жақты мағлұмат  беру мақсат етіледі.



Күтілетін нәтижелер: Орта мектепте болашақта «Қазақ тілі» пәнінен сабақ  беретін мұғалім

фонетиканың жалпы мәселелерін  ғана емес, сөздік  құрам туралы ілімнің даму  тенденцияларын

да   білуі   қажет.   Лексикология   тіл   білімінің   бір   саласы   екендігі,   сөздердің   теориясы   мен

практикалық  мәнін  үйрететін  ғылыми  курс  екендігі.Оның  жекелеген  сөздерді,  сөздердің  тобын

ғана емес, тілдердің қалыптасқан лексикалық жүйесін зерттейді. 

Пререквизит: Жоқ. 

Постреквизит: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы.

Оқытушы: Исакулова М.М.

8.2 Пән атауы:  Тіл дыбыстары (3 кредит, 135 сағат)

 

Оқытудың   мақсаты:  «Тіл   дыбыстары»   курсының   басты   мақсаты   –   студенттерді   тілдің

шығуымен  таныстырады.  Тіл дыбыстарының пайда болуы,  түрлері  туралы  тілдің  құрылымдық

баламалармен байланысын қарастырады.



Қысқаша   мазмұны:  Сөйлеу   және   жазудың   маңызы,   арақатысы,   тілдегі   орны.   Сөйлеу,

жазудың дыбыстар арқасында іске асатыны. Дыбыстың тілдегі қызметі. Қатынас құралы ретінде

дыбыстық тілдің алар орны.  Тіл дыбыстары. Тiл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлерi,

iштей жiктелуi, сөз iшiнде бiрiне – бiрi ықпал етiп, үйлесiп, үндесiп, тiркесiп тұрудың тетiгi, буын,

екпiн, сөйлеу мен жазудың ара қатынасы, орфография, орфоэпия сынды тағы басқа дыбысталуға

қатысты мәселелер.

  Күтілетін   нәтижелер:Фонетиканың   зерттеу   нысанасы   туралы   түсінік.   Дыбыс,   әріп,

альфавит   Сөздің   тіл   дыбыстарының   жиынтығынан   жасалатындығы,   әріп   тіл   дыбыстарыны

жазудағы шартты таңбасы екендігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет