Генератордың қуат сипаттамасының а нүктесіндегі жұмыс режимін қарастырамыз. Бұл кезде турбинаның және генератордың қуаттары бір-біріне тең болады. Егер δа бұрышы аз ғана өсу Δδ алады деп болжасақ, онда синусоидалы тәуелділіктегі генератордың қуаты ΔР-ге өзгереді. Ал а нүктесінде δ бұрышының оң өзгерісі Δδ, генераторының қуатының оң өзгерісіне ΔР сәйкес келеді. Турбинаның қуаты δ бұрышынан тәуелді емес, δ өзгерген кезде тұрақты және P0 мәніне тең болады. Генератордың қуатының өзгеруі нәтижесінде турбинаның және генератордың моменттерінің тепе-теңдігі бұзылады және машинаның білігінде шамадан тыс тежеу моменті пайда болады, өйткені генератордың тежеу моменті ΔР қуатының оң өзгеруіне байланысты турбина моментінен басым болады.
Тежеу моментінің әсерінен генератордың роторы баяулай бастайды, бұл ротормен байланысты ЭҚК векторының δ бұрышының азайуын тудырады. Нәтижесінде а нүктесінде бастапқы жұмыс режимі қалпына келтіріледі, демек, бұл режим орнықты болуы керек.
Дәл солай а нүктесінде δ бұрышының теріс өсуі - Δδ кезінде осындай процесс орын алады және жүйе орнықтылығын сақтайды.
Генератордың қуат сипаттамасының в нүктесіндегі процесс мүлдем басқаша өрбиді. Мұнда Δδ бұрышының оң өсімі генератордың ΔР қуатының теріс өзгеруіне алып келеді. Генератор қуатының өзгеруі шамадан тыс моменттің пайда болуын тудырады δ бұрышы азаймай, керісінше көбейетін жылдамдатқыш сипатқа ие болады. Бұрыш өскен сайын генератордың қуаты төмендей береді, бұл бұрыштың одан әрі ұлғаюына әкеледі және т.б. Процесс ЭҚК векторының, қабылдау жүйесінің кернеу векторымен салыстырғанда үздіксіз қозғалысымен жүреді (10.5-суретті қараңыз) және станция синхронизмнен шығып қалады. Осылайша, в нүктесіндегі жұмыс режимі статикалық орнықсыз болады.
10.5 сурет
Синусоидалды қуат сипаттамасының өсіп келе жатқан бөлігінде а және басқа кез келген нүкте статикалық орнықты режимдерге сәйкес келеді, керісінше сипаттаманың құлдырау бөлігінің барлық нүктелері статикалық орнықсыз болады.
Бұрыштың өсуі кезіндегі қуаттың өзгеру таңбасы электрлік жүйенің статикалық орнықтылығының қарапайым белгісі бола алады. Егер ΔР / Δδ> 0 болса, онда жүйе орнықты, егер бұл қатынас теріс болса, онда ол орнықсыз болады.
Шекке өту арқылы, қарапайым жүйенің орнықтылық критерийін жаза аламыз:
> 0.
Турбиналық қуаттың өсуі ротор бұрышының жоғарылауына және статикалық орнықтылық қорының төмендеуіне әкеледі. Станцияны энергетика жүйесінің шиналарымен байланыстыратын электр желілерінің орнықтылығының шегі қалыпты режимде кемінде 20% және апаттан кейінгі қысқа мерзімді кезеңде 8% болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |