Электр энергетикалық жүйе


Әуе электр желісін құрастырушы элементтері



бет3/4
Дата04.09.2023
өлшемі1,2 Mb.
#106044
1   2   3   4
Байланысты:
1 тарау лекция

Әуе электр желісін құрастырушы элементтері
Әуемен электр энергиясын жеткізу желілері (ӘЖ) сым арқылы ара қашықтыққа электр энергияны жеткізуге арналған. Негізгі құрастырушылық элементтерге жататындары: сымдар, найзағайдан қорғайтын арқансымдар, тіректер, оқшаулатқыштар және желілік арматура.
Сымдар электроэнергияны жеткізуге тағайындалған. Найзағайдан, асқын кернеулерден қорғау үшін тіректердің жоғары жағында, сымдардың үстінде арқансымдар қойылады.
Тіректер жердің немесе судың бетінен белгілі биіктікте сымдарды және арқансымдарды ұстап тұрады. Оқшауатқыштар сымдарды тіректерден оқшаулауға тағайындалған.
Желілік арматура сымды оқшаулатқышқа және оқшаулатқыштарды тіректерге бекітуге арналған.
Ең көп қолданылатын ӘЖ – бір және екі тізбекті. Үш фазалы ӘЖ – нің тізбегі әр түрлі фазалардың сымдарынан құралады. Екі тізбек бір тіректе орналасу мүмкін.


ӘЖ – нің сымдары және найзағайдан қорғайтын арқансымдар
Әуе желілерінде оқшауланған сымдар қолданылады. Ең көп таралған – сымдар алюминидің, болаталюминилік және алюминидің АН, АЖ қортпалары. Арқансымдар әдетте болаттан жасалады. ӘЖ – ні асқын кернеуден қорғаудан басқа, арқансымдар жоғары – жиілікті байланысты ұйымдастыруға қолданады. Бірсымды сым, бір дөңгелек сымнан құралады.
Мұндай сымдар көпсымдардан арзан, бірақ та оларда механикалық беріктігі төмен.
Көпсымды сымдар бірнеше өзара бүктелген сымдардан құрылады. Кескін үлкейгенде сымдардың саны өседі. Әр түрлі металдардан жасалған көпсымды сымдарда (болаталюминилік) ішкі сымдар (сымның өзекшесі) болаттан, ал сыртқы сымдар – алюминийден жасалынады.
Болат өзекше механикалық беріктікті үлкейту үшін керек. Алюминий сымның ток өткізуші бөлігі болады. ӘЖ – де ең көп қолданылатын маркалары АС,АСКС, АСКП,АСК болаталюминийлық сымдар қолданылады. Болат өзекшенің өткізгіштігі есепке алынбайды, ал электр кедергі ретінде алюминий бөлігнің кедергісі алынады.


ӘЖ – нің тіректері
ӘЖ –нің тіректері анкерлық және аралық түрде блінеді. Бұл тіректер сымдардың іліну әдісі бойынша айырылады. Аралық тіректер оқшаулатқыштардың тіреу гирляндалардың көмегімен сымдарды ұстау үшін керек. Анкерлық тіректер сымдарды тарту үшін керек. Аралық арасындағы ара қашықтық аралық деп аталады, анкерлік тіректердің арасында, ара қашықтық анкерлық аралық деп аталады.
Анкерлік тіректер ӘЖ- нің ерекше жауапты нүктелерінде сымдарды қатан бекіту үшін тағайындалған. Бұл түйіндерге жататындар: маңызды инженерлік ғимараттар қиылысқан жер ( мысалы: теміржол мен автомобиль жолдары), ӘЖ – нің соңында және желінің түзу бөліктерінде. Анкерлік тіректер аралық тіректерден күрделі және қымбат, сондықтан желіде олардың саны аз болуы керек.
Желінің бұрылған жерінде бұрыштық тіректер қойылады. Олар анкерлік немесе аралық болу мүмкін.
ӘЖ – де келесі түрлері бар арнайы тіректер қолданады: транспозициялық – тіректердегі сымдардың ретін өзгеру үшін; тармақты – негізгі желіден тармақты орындау үшін; өтпелік - өзендерді және шатқалдарды кесіп өту үшін.
Заты бойынша тіректер ағаш, металды және темір бетонды түрде бөлінеді.
Ағаш тіректер 110 кВ кернеуді қоса, ӘЖ – лерденегізінде тоғай қорымен бай аймақтарда қолданады. Ағаш тіректердің кемшілігі – ағаш шіриді, ал сол себептен жұмыс уақыты шамалы.
Металды (болатты) тіректер 35 кВ және одан жоғары кернеуі бар ӘЖ – лерде қолданады, жоғары механикалық беріктігі бар және жұмыс уақыты жоғары. Бірақ та олар металдың үлкен көлемін және үнмі бояуды тілейді.
Темір бетонды тіректер 500 кВ дейінгі барлық кернеу кластарына қолданады, бөлшектер коррозияға түспейді, пайдалануда жайлы болғандықтан кең қолданады. Олардың құны аздау, бірақ та массасы үлкен және бетонның беті сынғыш болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет