Оқшаулатқыштар және желілік арматура.
Оқшаулатқыштар фарфордан немесе шыныққан әйнектен жасалады даекі түрде болады: істік – 1кВ дейін кернеулері бар желілер үшін және 6-35кВ; аспалы – 35 кв және одан жоғары кернеулері бар желілер үшін. Аспалы оқшаулатқыштар аралық тіректерде сымды тірейтін гирляндарға жиналады, ал керу гирляндалар – анкерлік тіректерде жиналады. Аспалы гирляндарда сым қықыштың көмегімен тік тіріледі, керу гирляндарда – тас қылып бекітіледі. Керу гирляндалардың, тіреу гирляндаларға қарағанда жұмыс жағдайы ауыр, сондықтан 110 кВ кернеу бар желілерде оқшаулатқыштың саны бірге көп болып алынады.
Электр берілісі кабель желілерінің төсемі мен құрылымы.
Күштік кабельдер бір-бірінен және жерден оқшауланған бі немесе бірнеше ток өткізгіш талсымдардан құралады.Оқшауламаның үстіне оны ылғалдан,қышқылдан және механикалық бүлінуден сақтау үшін қорғаныс қабықты және қорғаныс жабыны барболат таспалы сауытты үстіне салады.Ток өткізгіш талсымдар әдетте алюминийден бір сымды (қимасы 16 мм2 дейін) және көп сымды түрде орындалады.
Оқшаулама ток өткізгіш талсымдарға таспа түрінде үстіне салынатын арнайы минералды маймен сіңірілген кабельдік қағазбен орындалады.Тік және малы жолдарда кабельдерді салған кезде кабельдің ұзына бойынша құрама ығысуы мүмкін.Сондықтан,мұндай жолдар үшін аз-сіңірілген құрамасы бар және ақпайтын сіңірілген құрамасы бар кабельдер қолданады.Сонымен бірге, резеңке және полиэтиленді оқшауламалары бар кабельдер шығарылады.
Ылғал және ауадан сақтау үшін оқшауламаның үстіне салынатын қорғаныс қабықтар қорғасынды, алюминийлы және поливинилхлоридты болады.Алюминийден жасалған қабықтарды кең қолдануды ұсынады.Қорғанысды қабықтары бар кабельдер судың астында, шахтыларда,ерекше қауіпты орталарда салуға қолданады.Басқа жағдайларда қорғасынды қабықтары бар кабельдерді таңдау үшін арнайы техникалық дәлелдеу керек.
Қорғасынды,алюминийлы және поливинилхлоридты жабдықтарды механикалық бүліндіруден қорғау керек.Ол үшін қабықпен сауыттың арасына және сауыттың үстіне ішкі және сыртқы қорғаныс жабыны салынады.
Ішкі қорғаныс жабыны (немесе сауыттың астында жастық)-сіңірілген мақта иірілген жіптен жасалған джут жұқа қабат немесе кабельді сульфаттық қағаз.Сыртқы қорғаныс жабыныда коррозияға қарсы құрамамен сіңірілген ждутпен жасайды.
Тунельдерде және өрт жағынан апатты басқа орындарда салу үшін жанбайтын қорғаныс жабыны бар арнайы кабельдер қолданады.
Кабельдердің маркалары олардың құрлысын сипаттайтын басты қарыптардан тұрады.Бірінші қарып А-алюминийлы талсымдар сәйкесті,В-поливинихлоридты,Н-резенкелі, найриттік, П-полиэтиленді; бөлек қорғанысталған талсымдары бар кабельдер О қарыппен маркаланады.
Әртүрлі саутталған қорғаныс жабыны бар кабельдердің маркалары келесі қарыптармен белгіленеді: Б-болат таспа, п-жалпақ мырышталған сымдар, К-сондай сияқты сымдар,бірақ та дөңгелек.
1-алюминилы токөткізгіш талсымдар; 2-маймен сіңірілген қағаз (фазалық оқшаулама); 3-джутпен толтырғыштар; 4-маймен сіңірілген қағаз (белдік оқшаулама); қорғасынды немесе алюминийлы қабық; 6-джуттан жасалған қабат; 7-болат таспалы сауыт; 8-джуттан жасалған жабыны.
Марканың қасында әдетте кабелдің токөткізгіш талсымдардың саны және қимасы көрсетіледі.Мысалы ААБ 3х120-төмендегідей шешімді көрсетеді: алюминийлы талсымы бар жабыныда алюминийлы,болат таспалы, қимасы 120 мм2, үш талсымды кабель.
Газбен толтырылған кабельдер 10-110 кВ кернеуге қолданылады.Бұл қорғасынды қағазбен оқшауланған салыстырмалы,шамасы аз котпаундпен сіңірілген кабельдер.Кабельдер,азырақ артықшылығы бар инертты газдың (әдетте азот) қысымымен болады.Ал бұл жағдай қағаздың оқшауламалық қасиеттерін үлкейтеді.Газ жылысталған кезде,қысымның тұрақтылығының арқасында,ол үзілмей толтырылып тұрады.
Кернеуі 110 және 220 кВ айнымалы токтың кабельдері маймен толтырылып жасалынады.Май,қысымының астында болады.Қимасына қарай орта (110 кВ тораптар үшін) және жоғары (220 кВ тораптар үшін) қысымды кабельдерге бөлінеді.Майдың қысымы,ауаның пайда болуынан және ионизациядан сақтап қалады,сонымен,ойықтан сақтап қалады.Майдың жылыстану орындарын табу үшін кабельдер майдың қысымын білдіретін дыбыс беретін құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |