Электрлік қосалқы станциялар. Олардың түрлері және негізгі ерекшеліктері.
Қосалқы станция немесе подстанция дегеніміз электр энергиясын тиімді пайдалану немесе оны әрі қарай беру мақсатында түрлендіруге арналған электр қондырғысы.
Мұнда электр желісінің кернеуін төмендетуге арналған төмендеткіш қосалқы станциялар қарастырылады. Олар төрт бөліктерден тұрады:
Бір немесе бірнеше трансформаторлар (автотрансформаторлар)
Жоғарғы кернеулі таратқыш құрылғы
Төмендетілген кернеулі (орташа және төмен) таратқыш құрылғы
Қосалқы құрылғы
Кейбір қосалқы станцияларда синхронды компенсаторлар, статикалық конденсаторлар немесе шунтаушы реакторлар орнатылған. Әдетте жоғарғы кернеуді жіктеумен шектейді, өйткені мұның өзі белгілі бір дәрежеде қосалқы станцияның қуатын, алатын амағын және құнын белгілейді.
Қосалқы станция категориясына мыналарда жатады:
ұзын көп тізбекті линиялардағ трансформаторсыз электр қондырғылары. Блар беріктігін арттыратын секциялық желіге, бойлық компенсацияға конденсаторлар орнатуға арналған. Мұндай құрылғыны секциялық қосалқы станция деп атайды.
Қалалық желілер мен өнеркәсіп орындары желілеріндегі трансформаторсыз электр қондырғылары тұтынатын орындар аралығына қуатты таратуға (бөлуге) арналан.Мұндай құрылғы таратқыш қослқы станция деп атайды.
Қосалқы станцияның электр қосылыс схемасын тандау – жобалау кезіндегі ең басты және неғұрылым күрделі сала болып саналады.
Қосалқы станцияның электр қосылыс схемасы мыналарды анықтайды:
Жоғарғы кернеулі аппараттардың санын және олардың параметрлерін
Қосалқы станцияны жинақталуға едәуір ықпал етеді
Электрмен жабдықтау сенімділігіне ықпал етеді және ыңғайлы пайдалану дәрежесін белгілейді.
1.4. Электр берілісі әуе желілерінің құралымы
Электрлік әуе желісі деп жердің үстіне оқшаулатқыш арқылы ілінетін оқшауланған сымдармен орындалған желіні айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |