3.1Қосалқы станцияны жарықтандыру
Қосалқы станцияны жарықтандыру кронштеиндердің көмегімен бекітілген. Қабылдағыш порталдардың металл тіректерінде орнатылған прожекторлардың көмегімен жүзеге асырылады.
Қосалқы станция бетінің жарықтану ауданы:
S=а*в (3.1)
где: а=45м-қосалқы станция ені
в=53,5м-қосалқы станция ұзындығы
S=45*53,5=2407,5м2
Жарықтанудың меншікті қуатын анықтаймыз
P= mEk Вт/м2) (3.2)
мұндағы: E- жабдықтардың бетінің жарықтандыру нормасы
E= 5 л.к. – жабдық бетінің нормаланған жарықтану мөлшері
k=1,3- қор коэффицентті
m=0,15- меншікті қуаттың үлкейтілген коэффициенті;
P=0,15*5*1,3=0,98 Вт/м2
Жарықтану үшін қажетті қуат
P=P S (3.3)
мұндағы: P=0,98 Вт/м2
S=2407,5м2
P=P S=0,98*2407,5=2359,35 Вт
Қосалқы станцияны жарықтандыру үшін түрі ПЗР-1000 - 4 прожектор қажет. Pуст=1 кВт.
Прожекторлар жерден 10 м биіктікте қондырылады. Қосалқы станцияны жарықтандыру үшін бөлек фидер арқылы ӨМТ жәшігінен өздік қажетті трансформатормен жүзеге асады.
Панажайдың өлшемі: S= 10*8м
Жарықтану нормасы
Е=9 л.к. P= m Ек=0,15*9*1,3=1,75 Вт/м2, Р=1,75*80=140 Вт
СЛ- 40 шамы бар ЛБ-40 Вт (люминесцентные белого цвета)
3.2Найзағайдан қорғау
Қосалқы станцияның ашық тарату қондырғысы найзағай разрядтарынан пайда болатын жоғары потенциалдың түсуінен сенімді қорғалу керек. Қосалқы станцияны тікелей түсетін найзағайдан қорғау бөлек орнатылған оқтауша жайтартқыштармен жүзеге асырылады.
Жайтартқыштардың қорғаныстық әрекеті: найзағай күш алған кезеңінде жайтартқыштың ұшына зарядтар жиналады да, электр өрісінің ең көп кернеуі жайтартқыш пен найзағай күшінің аралығына жинақталады. Жайтартқыштың ұшына пайда болып, әрі қарай дамыған күш жолындағы кернеуді күшейтеді де найзағайдың соққысын өзіне тартып алады. Қорғалатын нысан жайтартқышқа қарағанда аласа, жайтартқыштың жанында орналасқан, сондықтан ол найзағайдан сенімді қорғалып тұр.
Жайтартқыштың қорғау әрекеті оның қорғау аймағымен сипатталады, яғни алдын ала белгіленген, жайтартқыш айналасының кеңістігіне өте аз мөлшерде заряд түседі. Жайтартқыштың қорғау әрекеті оның қорғау аймағымен сипатталады, яғни алдын ала белгіленген, жайтартқыш айналасының кеңістігіне өте аз мөлшерде заряд түседі.
АТҚ (ОРУ) 110/35/10 кВ қорғау нысанасын таңдаймыз, найзағай тартқышты ең жоғарғы нүктеге қондырамыз. Бірінші найзағай тартқышты 110 кВ шина кірісіне жақын бағанаға орнатамыз. Найзағайлы тартқыштың толық биіктігі h=27,5м, қорғалатын нысананың биіктігі hx1=4м, hx2=11м. Қосалқы станцияны найзағайдан қорғаудың құрылғысы төрт найзағай тартқышпен жүргізіледі де, қосалқы станцияның шина көпірінің тұсымен қорғау аймағын есептейміз. L>һ деп есепетеп, қорғау аймағаның параметрлерін анықтаймыз.
Найзағай тартқыштың активті бөлігін есептейміз:
Һ0=0,85Һ (3.4)
Һ0=0,85Һ=0,85*27,5=23,37м
Һ0 деңгейі үшін қорғау аймағының радиусы:
го=(1,1-0,002 Һ) Һ (3.5)
го=(1,1-0,002*27,5)*27,5=28,73м
Һх1=4м және Һх2=11м үшін қорғау аймағын құрастырамыз
гх1 және гх2 қорғау аймағының радиустары
гх1=(1,1-0,002 Һ) (Һ- Һх1/0,85) (3.6)
гх1=(1,1-0,002*27,5)(27,5-4/0,85)=23,81м
гх2=(1,1-0,002 Һ) (Һ- Һх2/0,85)
гх2=(1,1-0,002*32)(32-11/0,85)=15,21м
Һс, гсх1 гсх2 - параметрлерін анықтаймыз
Һс= Һ0-(0,17+3*10-4 Һ)( L- Һ) (3.7)
Һс=23,37-(0,17+3*10-427,5)(50-27,5)=19,35м
гсх1= го(Һс- Һх1)/ Һс (3.8)
гсх1=28,73(19,35-4)/19,35=22,79м
гсх2=28,73(19,35-11)/19,35=12,39м
Есептеулерден көретініміздей, найзағай тартқыш әрекет аймағында қосалқы станцияның территориясын түгелімен қамтиды. Алынған мәндер бойынша әр түрлі деңгейде берілген қорғау объектісінің аймағын құрастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |