Электр жєне магнетизм



бет10/49
Дата28.11.2023
өлшемі3,05 Mb.
#131057
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Био-Савар-Лаплас заңы:
.
1. Дөңгелек токтың центріндегі магнит индукциясы:
2. Шексіз түзу өткізгіштің бойымен өткен токтың магнит индукциясы:
.
3. Өте ұзын өткізгіш үшін магнит индукциясы:
4. Ұзын соленоид немесе катушка ішіндегі магнит индукциясының векторы:
.


4. Параллель токтардың өзара әсерлері.


Ампер түзу токтардың өзара әсерінен мынадай заңдылықтарды ашты:
1) Бағыттас параллель токтар бір-біріне тартылады.
2) Бағыттары қарама-қарсы токтар бір-бірінен тебіледі.
3) Параллель емес токтар бағыттары бірдей әрі параллель болуға ұмтылады.


5. Түзу токтың магнит өрісі.

1. Түзу және ұзындығы белгілі өткізгіштің кернеулігі: .


Мұндағы, және жүргізілген түзу мен ток бағытының арасындағы бұрыштар.
2. Шексіз түзу өткізгіштің кернеулігі: .
3. Дөңгелек өткізгіштің центріндегі кернеулік.
Өткізгіштің ұзындығын десек, ол екені белгілі: ал .
Био-Савар-Лаплас заңын пайдалансақ: .
4. Соленоидтағы магнит өрісінің кернеулігі.
Соленоид дегеніміз өткізгіш винт түрінде оралып бірнеше орамнан тұратын цилиндрлік катушка. Соленоид ұзындығын , ал орам санын N десек, онда оның ішіндегі кернеулігі: .
n – соленоидтың ұзындық бірлігіне келетін орам саны.


6. Магниттік индукция векторының ағыны және оның циркуляциясы. Остроградский – Гаусс теоремасы.
Егер магнит өрісінде индукция векторы шамасы жағынан барлық жерде бірдей және бағыттас болса, онда мұндай өрісті біртекті магнит өрісі деп атайды. Осындай өрісте индукция векторының күш сызықтары параллель келеді.
Осындай біртекті өрісте ауданы S бет перпендикуляр болып орналассын (7-сурет). Сонда магниттік индукция векторының жазық беттің ауданына көбейтіндісі осы бет арқылы өтетін магнит ағыны деп аталады да, оны Ф әрпімен белгілейміз: .
Егер S/ жазық бет индукция векторына нормаль бағыты бойынша α бұрыш жасай орналасса, онда магнит ағыны мынаған тең (7-сурет): .
мұндағы болғандықтан магнит ағыны былайша жазылады: . Магнит ағыны скалярлық шама. Әдетте магнит ағыны ток жүріп тұрған белгілі бір контурмен байланысты болады, яғни бұранданың оң бағытымен сәйкес ток бағыты алынады. Сондықтан тұйық контурдың беті арқылы өткен магнит ағыны әр уақытта оң деп есептелінеді.
Кез-келген S бет арқылы өтетін магнит ағыны мына түрде жазылады (8-сурет): . Сол сияқты кез келген тұйық бет арқылы өтетін магнит ағыны әр уақытта нөлге тең болады: . Бұл өрнек магнит өрісі үшін Остроградский – Гаусс теоремасы деп аталады. Магнит ағыны вебермен (Вб) өлшенеді: 1Вб=1 Тл·м2.

7 – сурет 8 - сурет
Электростатикалық өрістегі кулондық күштер, бүкіл әлемдік тартылыс кезіндегі ньютондық күштер және осы сияқты басқа да потенциалдық өрістердің тұйық контуры өтетін векторлар циркуляциясы нөлге тең болады:
.
Енді вакуумдағы магнит өрісі үшін толық токтың заңдылығын тұжырымдайық: кез келген тұйық контур арқылы өтетін магнит индукциясы векторының циркуляциясы магнит тұрақтысын контур арқылы өтетін токтардың алгебралық қосындысына көбейткенге тең, яғни
мұндағы - контур арқылы өтетін ток саны. Егер электр өрісі кернеулігінің векторлар циркуляциясы болса, магнит өрісінің индукция векторының циркуляциясы нөлге тең болмайды. Сондықтан мұндай өрістерді құйынды өріс деп атайды.

  1. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа тигізетін әсері.



Магнит өрісі тек тогы бар өткізгішке ғана емес, сол сияқты кез келген қозғалыстағы зарядтарга да әсер ететіндігін көптеген эксперименттердің нәтижелері дәлелдеді. Ал магнит өрісіндегі әр зарядқа әсер ететін күшті Лоренц күші деп атайды. Лоренц күшінің өрнегі: .
Мұндағы, - өткізгіштегі ток күші, -электрондардың бағытталған жылдамдығы,
-магнит өрісінің күш сызықтары мен электрондардың бағытталған жылдамдығының арасындағы бұрыш.
Лоренц күшінің бағытын сол қол ережесі бойынша анықтайды, яғни магнит индукциясы алақанды тесіп өтсе, саусақтар электрондар жылдамдығының бағытын көрсетсе, онда бас бармақ Лоренц күшінің бағытын анықтайды. Сонымен Лоренц күші электрондардың жылдамдығына перпендикуляр болып, оларға нормаль үдеу беріп отырады. Лоренц күші магнит өрісінде ешқандай жұмыс істемейді. Күш тек электрондардың жылдамдығының бағытын ғана өзгертеді. Олай болса жылдамдықтың шамасы мен оның кинетикалық энергиясы магнит өрісінде өзгермейді. Жалпы магнит өрісіндегі қозғалыстағы зарядқа магнит индукциясынан ( ) басқа, кернеулігі электр өрісі де әсер етеді. Олай болса, зарядқа әсер етуші қорытқы күш электрлік күш пен Лоренц күшінің қосындысына тең болады. Егер және екендігін ескерсек, онда қорытқы күш мынаған тең: . Бұл өрнек Лоренц формуласы деп аталады. Бірақ практикалық есептеуде осы күштің тек магниттік құраушысын ғана қарастырады, яғни .



  1. Зарядталған бөлшектердің электр және магнит өрісіндегі қозғалысы.

Зарядталған бөлшек электр және магнит өрісінде болса, онда Лоренц күші әсер етеді де. Ол күш .


Айталық, біртекті магни өрісіне жылдамдығы болатын зарядталған бөлшек келіп енсін.
Оған Лоренц күші әсер етеді де, центрге тартқыш үдеу пайда болады. Ньютонның екінші заңы бойынша: .
Мұндағы, m, q- бөлшектің массасы мен заряды, r – бөлшек қозғалған траекторияның радиусы. Соңғы формуладан: .
Бөлшектің жылдамдығы өзгермейді десек, бөлшектің траектория бойымен қозғалған кездегі периоды мынаған тең: . q/m – қатынасын бөлшектің меншікті заряды деп атайды.



  1. Холл эффектісі.

Егер магнит индукциясының күш сызықтарына перпендикуляр болып орналасқан тік төртбұрышты өткізгіштің бойымен ток жүрсе, оның екі жағында потенциалдар айырымы пайда болады. Яғни, бір жағында тек теріс зарядтардың концентрациясы шоғырланса, онда қарама-қарсы бетінде тек оң зарядтардың жинақталғандығын байқаған (14 - сурет).


О сы құбылысты бірінші болып американ физигі Холл ашқан. Сондықтан бұл заңдылықты Холл эффектісі деп атайды.
Пластинаның жоғарғы және төменгі жақтарының арасындағы пайда болған потенциалдар айырымы токтың тығыздығына, пластинаның қалыңдығына, және магнит индукциясының шамасына тура пропорционал болады: . Осы өрнектегі: - Холл тұрақтысы. Мұндағы: - бірлік көлемдегі молекула саны, q – бөлшектің заряды.



  1. Вакуумдағы магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы.

Кез-келген тұйық бет арқылы өтетін магнит индукция векторының ағыны нөлге тең болады: .




11. Магнит өрісінде тогы бар өткізгіш орын ауыстырғанда істелетін жұмыс.


Магнит өрісінде тогы бар өткізгіш орын ауыстырғанда істелетін жұмыс ток күші мен S ауданы арқылы өтетін магнит ағынының көбейтіндісіне тең болады:


12. Электромагниттік индукция заңы.

Электромагниттік индукция құбылысын 1831 ж. ағылшын физигі М.Фарадей ашқан болатын. Электромагниттік индукция құбылысы былай тұжырымдалады: тұйық контурдағы индукциялық ток контур ауданы арқылы өтетін индукция ағыны өзгергенде ғана туады. Олай болса, индукциялық тізбекте электр қозғаушы күші пайда болып, ол электромагниттік индукцияның электр қозғаушы күші (э.қ.к) деп аталады.


- Бұл өрнек электромагниттік индукцияның электр қозғаушы күші үшін Фарадей заңы деп аталады. Э.қ.к. – нің өлшем бірлігі: Вольт (В).


13. Өздік индукция құбылысы.

Егер қандайда бір тұйық контурда айнымалы ток жүрсе, онда оның туғызатын магнит өрісі тұрақты болмайды. Ендеше, осы тоқтың өз контурынан қоршаған аудан арқылы өтетін магнит индукциясының ағыны өзгереді.Магнит индукция ағынының өзгерісі контурда э.қ.к.-ін тудырады. Сөйтіп, контурдағы токтың өзгерісі осы крнтурдың өзінде индукция э.қ.к.-нің тууына себепші болады. Осы құбылыс өздік индукция деп аталады. Сонымен, контурмен байланысты магнит ағыны осы контурдағы ток шамасына пропорционал болады, яғни . Мұндағы пропорционалдық коэффициенті L - өздік индукция коэффициенті немесе контурдың индуктивтігі деп аталады. Индуктивтіктің өлшем бірлігі: Генри (Гн).


Өздік индукция коэффициенті: . Мұндағы минус таңбасы Ленц заңына сәйкес, контурдың индуктивтігі ондағы ток өзгерісінің кемитінін көрсетеді.


14. Өзара индукция құбылысы.

Кез-келген контурдағы электр тогы өзгергенде осы токтың айнымалы магнит өрісі көрші контурда э.қ.к-ін индукциялайды. Осы екі контурдың біріншісіндегі ток шамасы ( ) магнит ағынын ( ) тудырады да, осы магнит ағынының әсерінен екінші контурда индукциялық ( ) тогы пайда болады, оны гальванометр көрсетеді. Сонда екінші контурды тесіп өтетін магнит ағынын десек, онда ол мынаған тең болады: .


Сөйтіп, 1-ші контурдағы тогы өзгергенде, 2-ші контурда Фарадей заңына сәйкес э.қ.к.–і пайда болып, ол осы контурдағы магнит ағынының өзгерісінің жылдамдығына пропорционал болады: . Дәл осы сияқты, 2-ші контурдағы ток болып, оның 1-ші контурды тесіп өтетін магнит ағынын десек, онда ол мына мынаған тең болады: . Егер де ток өзгеретін болса, онда 1-ші контурда э.қ.к.–і пайда болып, ол осы контурдағы магнит ағыны өзгерісінің жылдамдығына пропорционал болады: .
Бұл теңдеулердегі , пропорционалдық коэффициенттері бір-біріне тең. = = - контурлардың өзара индуктивтіктері деп аталады.
Өзара индукцияның индуктивтігі контурлардың геометриялық пішініне, өлшемдеріне, олардың өзара орналасуына және контурды қоршаған ортаның магниттік қасиетіне тәуелді болады.


15. Фуко тоқтары.
Индукциялық тоқтар сызықтың контур деп қарауға жатпайтын, тұтас шомбал өткізгіштерде де қоза алады. Осындай тоқтар Фуко тоқтары немесе құйынды тоқтар деп аталады.
16. Магнит өрісінің энергиясы.
Тізбектегі немесе контурдағы ток күшейгенде оның туғызатын магнит өрісі де күшейеді, сондықтан осы магнит өрісінен өнген энергия магнит өрісінің энергиясы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет