рентгендік құрылымдық анализде - егер рентген сәулелерінің λ толқын ұзындығы белгілі болса, онда құрылысы белгісіз кристаллдық құрылымдарда дифракцияны бақылап, сырғу бұрышын және m-ді өлшей отырып, d-ны анықтауға болады, яғни заттың құрылымын білуге болады;
рентгендік спектроскопияда – егер d белгілі болса, онда сырғу бұрышын және m-ді өлшей отырып, түскен рентген сәулесінің λтолқын ұзындығын табуға болады;
кеңінен қолданылады.
23. Спектрлік прибордың ажырату қабілеті. Егер бізде мінсіз, идеал, ақауы мен аберрациясы жоқ оптикалық жүйе бар болғанның өзінде, кез келген жарық көзінен алынған бейне жарықтық
т олқындық табиғатының салдарынан айналасын кезектесіп қара қоңыр және ақ сақиналармен қоршалған орталық ақ дақ ретінде болады.
Рэлей критериялары– егер бір жарық көзінен (түзуден) шыққан дифракциялық бейненің орталық максимумы басқа жарық көзінен шыққан дифракциялық бейненің бірінші минимумымен сәйкес келсе (сурет (а)), онда жақын орналасқан екі бірдей жарық көздерінің немесе интенсивтілігі бірдей екі жақын орналасқан және бірдей симметриялы контурлары бар спектрлік түзулердің бейнелері ажыратылады (көру үшін бөлінеді). Бұл жағдайда, максимумдар арасындағы «шұңқырдың» интенсивтілігі максимумдағы интенсивтіліктің 80%-тін құрайды. Ол λ1 және λ2түзулерін ажырату үшін жеткілікті. Егер Рэлей критериясы бұзылса, онда тек бір түзу бақыланады (сурет (б)).
Спектрлік прибордың ажырату қабілеті деп
өлшемсіз шаманы айтады, мұндағы δλ - екі көршілес спектрлік сызықтардың толқын ұзындықтарының минимал айырмаларының абсолют мәні, бұл жағдайда спектрлердің сызықтары жеке тіркеледі.
24. Дифракциялық тордың ажырату қабілеті. λ2 толқын ұзындығы үшін m-ші ретті максимум φmax(dsinφmax=mλ2) бұрышында бақылансын. Дәл осындай ретпен ең жақын λ1 толқын ұзындығы үшін дифракциялық минимум φmin(dsinφmin=mλ1+ λ1/N) бұрышында бақыланады. Рэлей критериясы бойынша φmax= φmin , сондаmλ2=mλ1+ λ1/Nнемесе
. Демек, дифракциялық тордың ажырату қабілетіmспектрдің реті мен Nсаңылаулардың санынапропорционал.