38
№8 дәріс. Кернеуі 1000 В жоғары тарату құрылғыларын монтаждау
Дәрістің мазмұны:
тарату құрылғылары
туралы жалпы жағдайлар,
электр қондырғыларын орналастыруға қойылатын талаптар, ішке орналасатын
тарату құрылғыларын монтаждаудың технологиясы, тарату құрылғыларының
қабылдау-тапсыру сынақтары.
Дәрістің мақсаты:
кернеуі 1 кВ жоғары тарату құрылғыларын қабылдау-
тапсыру сынақтары мен
монтаждау жұмыстарының реті, ережесі мен
мазмұнымен танысу.
Өндірістік, коммуналдық және ауыл шаруашылық тұтынушыларын
электр энергиясымен қоректендіру энергожүйе арқылы жасалады.
Энрегожүйенің электрлік құрылғылары ғана бар бөлігі - генераторлар, тарату
құрығылары, трансформаторлық қосалқы стансалар, электрлік тораптар
және
электр жүйесіне қосылған электр энергиясының
тұтынушыларын - электрлік
жүйе деп атайды. Электрлік жүйенің электр стансадан келген электр
энергиясын өнеркәсіптің ішінде таратылатын және тұтынылатын бөлігі
электрмен жабдықтау жүйесі деп аталады.
Қосалқы станса дегеніміз
электр энергиясын қабылдауға, түрлендіруге
(трансформация)
және
таратуға
арналған
электр
құрылғы.
Ол
трансформатордан, тарату құрылғысынан және өлшеу, қорғаныс,
басқару
жүйесінен тұрады. Өнеркәсіпте ол Бас Төмендеткіш қосалқы стансасы (БТҚС)
деп аталады.
Тарату пункттері (ТП) электр энергиясын БТҚС-дан немес ЖТҚ (СКҚ)
алады, жекелеген жоғары кернеу тұтынушыларына сол кернеуде (жоғары
кернеудегі электр қозғалтқыштары), сонымен қатар цехтың кешенді
төмендеткіш қослқы стансалары үшін. Жабық тарату құрылғылары және
кешенді тарату құрылғылары бар, олар ғимараттың, цехтың ішінде орналасады.
Камера
- аппараттар мен шиналарды, басқа да электр қондырғыларын
(ЖТҚ бөлігі) орнатуға арналған бөлме; жабық дегеніміз - барлық жағы жабық
есігі тұтас (тор емес) камера; қоршалған деп жартылай тұтас (тор немесе аралас
қорғалған) емес немесе толық қорғалған ашылатын жерлері бар камераны
айтады.
Ұяшық - электр техникалық қондырғылармен
жабдықталған металл
шкаф және ол жекелеген қызметтерді атқарады - электр энергиясын енгізу,
шығыс желілері, секциялы ажыратқыш, өзіндік қажеттіліктегі трансформатор,
өлшеу трансформаторлары және т.б.; ұяшықтың барлық қондырғылары шкаф
ішінде жиналады.
Қолданылатын ұяшықтардың түрлері КСО (бір жақты қызмет ететін
кешенді стационар) және кешенді тарату құрылғысы (КТҚ), оның ажыартқышы
КСО сияқты стационарлық түрде бекітілмеген, ол арбашада орналасқан.
Жөндеу жұмыстары кезінде арбашадағы
ажыартқыш өзінің бөлігінен
шығарылып жекелеген қосу-реттеу жұмыстарын жасау үшін арнайы бөлмеге
жеткізіледі.
39
КТҚ, СКТҚ және КСО щкафтарының конструкциясы әртүрлі және
тағайындамасымен, жүктемесімен, электр энергиясының берілу әдісімен,
қолданылатын аппараттардың түрімен, оперативті ауыстырудың жиілігімен
және т.б. анықталады. КТҚ, СКТҚ ережеге
сай қоректендіруші қослақы
стансаларда үлкен қуатты беруде және электрмен жабдықтаудың беріктілігіне
жоғары талап қойылғанда орналастырылады. КСО шкафы, конструкциясы
қарапайым, арзан болғандықтан шығыстағы желілердегі жүктемесі аз және
оперативті ауыстырулардың жиілігі шектелген жағдайда пайдаланған тиімді
[5,9,14].
Достарыңызбен бөлісу: