Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»



Pdf көрінісі
бет23/42
Дата14.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#107768
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
pl5C6v7xoPJwncysjfV8B34IXYhNAm

Бақылау сұрақтары 
 
1. Тарату құрылғыларының негізгі элементтері мен бөліктерінің 
құрылғылары, тағайындалуы, анықтамасы. 
2. Ішке және сыртқа орналастырылатын тарату құрылғыларының 
айырмашылықтары. 
3. Өндірістік цехтар мен тарату құрылғыларында электр қондырғыларын 
орналаструға қойылатын жалпы талаптар. 
4. Ішкі тарату құрылғысын монтаждаудың реті мен технологиясы. 
5. Екіншілік тізбекті монтаждаудағы жұмыс көлемі, сымдарды маркалау 
мен төсеу ережелері. 
6. Тарату құрылғыларын реттеу және қабылдау-тапсыру сынақтары, 
нысанды пайдалануға беру. 
 
 
 


44 
№9 дәріс. Кернеуі 1кВ дейінгі және жоғары әуеліқ желіні пайдалану 
және жөндеу 
Дәрістің мазмұны: 
әуелік желінің негізгі шамалары мен құрылғылары; 
қарау, жөндеу жүйесі мен профилактикалық сынақ; әуелік желіні пайдалану 
мен жөндеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ерекшеліктері.
 
Дәрістің мақсаты: 
әуелік желіні пайдалану мен жөндеу кезіндегі негізгі 
жағдайлар мен түсініктерді оқыту 
Әуелік желіні (ӘЖ) пайдалану дегеніміз ӘЖ және онымен байланысты 
электр қондырғыларының істен шығуына және зақымдалуды болдырмау мен 
алдын алу ескеретін шаралар жүйесін білдіреді. Неігзгі шаралар - қарау, 
профилактикалық сынақтар және жөндеу жүйесі. 
Әуелік желінің (ӘЖ) негізгі шамалары мен құрылғылары.
Ғимараттың сыртындағы ашық аумақта жүргізілген электр тораптарын 
көбінесе әуелік желі арқылы орындайды. 
Әуелік желілер келесі конструктивті элементтерден тұрады: сымдар, 
бағаналар, изоляторлар, бағанаға изоляторды ілетін және изоляторға сымдарды 
бекітетін арматуралар. ӘЖ бір тізбекті және екі тізбекті болады. Бір тізбек деп 
үш фазалы желінің үш сымын немесе бір азалы желінің екі сымын айтады. ӘЖ 
үшін алюминий, бола-алюминий, болат сымдар қолданады. ӘЖ үшін 
бағандарды ағаштан немесе емір бетоннан дайындайды. (9.1 сурет).
Соңғы жылдары ағаш бағаналы ӘЖ мен сырты оқшауланбаған ӘЖ 
жаппай өздігінен жүретін оқшауланған сымдар (СИП) деп аталатын темір 
бетонды ӘЖ аыстырып жатыр. Кернеуі 1 кВ дейінгі әуелік желі үшін СИП төрт 
немесе бес оқшауланған бумадан жасалады. Сыртқы жарықтандыруға қажетті 
оқшауланған сымдар СИП бумасында болады. 
Кернеуі 10-35 кВ әуелік желідегі СИП оқшаулағыш істігі арқылы 
бағанаға бекітілген бір талшықты сымдар әрбір фазаға пайдаланылады.
Найзағайдағы асқын кернеуден қорғау үшін жерлендірілуі қажет ӘЖ : 
кернеуі 10 кВ дейінгі тұрғылықты жіне түрғылықты емес жерлердегі темір 
бетонды ӘЖ; найзағайдан қорғаныс құрылғылары орнатылған барлық 
кернеудегі және барлық түрдегі темір бетон және ағаш бағаналар; айырғыштар, 
сақтандырғыштар, күштік және өлшеу трансформаторлары және басқа 
қондырғылары орнатылған барлық бағаналар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет