36
Жерде салынғын жерлендіргіштер мен
жерлендіруші өткізгіштерді
боямайды. Өткізгіштердің ғимаратқа енгізілген жеріне жерлендіру
құрылғыларының анықтаушы белгілерін орналастырады.
Көлденең жерлендіргіштер жерасты салулармен (кабельдер, қбырлар
желісі), темір жолмен және көлік жолдарымен қиылысқан жерінде,
сонымен
бірге механикалық зақымдалуы болуы мүмкін орындарын асбоцементті
құбырлармен қорғайды. Жерлендіргіштерді монтаж жасап болған соң
траншеяны көметін кезде көрінбейтін жұмыстарды куәландыартын акт
құрайды. Жерлендіргіш салынған траншеяны тасы және құрылыстық қоқысы
жоқ
топырақпен көмеді, содан кейін нығыздайды [7,15].
Жерлендіргіш құрылғының
ішкі контуры
ғимаратың ішкі жағында
орналасады, жерлендіргіштер магистраль және тармақталған түрде электр
қондырғыларының корпустарына барады. Жерлендіргіш
өткізгіштер тігінен
және көлденеңінен немесе ғимараттың конструкцияларына қатар салынады.
Электр қондырғыларының корпустарына жерлендіргіш өткізгіштерді
магистарльға біртіндеп қосуды жасауға болмайды.
Магистарльді жерлендіргіш шинаны жерлендіргішпен кем дегенде екі
тармақпен қосады, олар жерлендіргішке әртүрлі жерлермен қосылады. Ашық
салынған жерлендіргіш өткізгіштерді қара түске бояйды.
Құрғақ бөлмелерде жерлендіргіш өткізгіштерді бетондар мен
кірпіштермен
бірге салынып шегемен қағылады, ал ылғал және булы
бөлмелерде ұстағыштарға салынады.
Жерлендіру өткізгіштерін өзара қосу мен оларды металл ғимараттың
конструкцияларына жалғау үсті-үстіне дәнекерлеумен жасайды. Өткізгіштерді
қосқанда дәнкерлеудің ұзындығы қиманың ұзындығымен бірдей болады, ал
дөңгелек қимада диамтері алтыға тең.
Жерлендіргіш
өткізгіштерді
машиналар
мен
аппараттардың
корпусындағы жерлендіргіш болтқа қосады. Егер машина жылжымалы болса,
жылжымалы тетікті жерлендіргіш өткізгішке қосып жерлендіреді. Ашық
салынған жерлендіргіш және нөлдік қорғаныс өткізгіштері айрықша боялады,
ал тасымалданатын жерлендіргіштерді қосуға арналған жерлер боялмайды.
Достарыңызбен бөлісу: