48
№10 дәріс. Кернеуі 1кВ дейінгі және жоғары әуелік желіні монтаждау
Дәрістің мазмұны:
әуелік желінің құрылғысы мен негізгі шамалары;
әуелік желіні монтаждаудың технологиясы; биіктікте жұмыс жасау мен әуелік
желіні монтаждаудағы қауіпсіздік техникасы
Дәрістің мақсаты:
әуелік электр жеткізу
желісін монтаждаудың
жағдайы мен негізгі түсініктерімен танысу.
Әуелік желінің негізгі шамалары мен құрылғылары.
Ғимараттың
сыртындағы ашық аумақта жүргізілген электр тораптарын көбінесе әуелік желі
арқылы орындайды. ӘЖ аралығындағы ұзындық деп екі көршілес бағананың
арасындағы көлденең қашықтықты алады. Кернеуі 1 кВ дейінгі әуелік желілер
аралық 30м 50м дейін, ал 1 кВ жоғары ӘЖ аралықтың ұзындығы 100м 250 м
дейін.
10.1 сурет - Әуелік желінің шамалары
Анкерлік бөлік деп анкерлік типтегі бағаналар арасындағы аралықтың
ұзындығының суммасын айтады.
Аралық бағаналар әуелік желілер трассасының тік участоктарында
орналасады. Бұл бағаналар қалыпты жағдайда
әуелік желілер бойына
бағытталған күшті қабылдамауы қажет.
Бұрыштық бағаналар әуелік желілер трассасының бағытын өзгертетін
орындарда орналастырылады. Бұл бағаналар қалыпты жағдайда көршілес
аралықтардағы сымның тартылуын қабылдауы қажет.
Анкерлік бағаналар әртүрлі салулармен
қиылыстан жерде және де
сымдардың саны, марксы және қимасының өзгертілетін орында орнатылады.
Анкерлік бағаналарда қатты конструкция болады. Бұл бағаналар қалыпты
режимде әуелік желінің бойындағы сымның тартылу айырмашылығын
қабылдай алуы керек. Соңғы бағаналар әуелік желінің басында және соңында
орналастырылады және де анкерлік бағана түрінде болады.
49
Тармақталатын бағаналар әуелік
желілерден таралатын жерде
орналастырылады.
Әуелік желілерде келесі конструктивті элементтер болады: сым, бағана,
изоляторлар, оларға ілінетін сымның арматурасы және бағанадағы
изоляторлар. Әуелік желілер бір тізбекті және екі тізбекті болады. Бір тізбек
деп үш фазалы бір желінің үш сымын немесе бір фазалы желінің екі сымын
айтады. Әуелік желі үшін
алюминий, алюминий болат және болат сымдар
пайдаланады. Әуелік желілер үшін бағаналар ағаштан және темір бетоннан
дайындалады.
10.2 сурет- ВЛ-10 кВ аралық бағаналары.
Ағаш
бағаналардың жасалуы арзан, бірақ қысқа мерзімді. Темір бетон
бағаналар қымбат, бірақ мықты. Аралық бағаналардың негізгі түрлері 10.2-
суретте келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: