Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»



Pdf көрінісі
бет33/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Кабельдік желіні жөндеу. Кабельдік желіні пайдалану кезінде кабельде, 
қосу муфталарында зақымдалулар болуы мүмкін. 
Ағымдағы жөндеу кезінде келесі жұмыстар жасалады: 
- кабельдік каналдар, туннельдер, ашық салынған кабельдер трассасы, 
қосылу муфталарын тазалау және қарау, маркалауды қалпына келтіру, 
кабельдің жылу температурасын анықтау және кабельдік қаптаманың 
шірімеуін бақылау; 
- анықталған ақауларды жою және жерлендіруді тексеру
-кабельді тораптың жекелеген бөліктерін ауыстырып салу, жоғары 
кернеумен сынау (1 кВ жоғары кабельдер үшін, ал 1 кВ дейінгі кабельдер үшін 
мегаомметрмен тексеру), кабельдік каналды жөндеу. 


61 
Капиталды жөндеуде жасалады: 
-кабельді тораптың толықтай немесе жартылай ауысуы, кабельдік 
конструкцияның боялуы; 
- белгілерді тануды ауыстыру, кабельді желідегі зақымдалулар мүмкін 
болатын жерде қосымша механикалық қорғаныстың құрылғылары. 
Блоктағы кабельді ауыстыру, ережеге сай блоктық канализацияның 
қосымша саңылауларын пайдаланып жасалады. Құдықты қарағанда жұмыс 
жетекшісінің бақылауымен екі монтер қарау керек. Бір электромонтер құдыққа 
түссе, екінші монтер құдықтың сыртында қалуы керек. 
Құдықтарда жұмыс жасағанда жарылыс болуы үшін темекі шегуге
сріңке жағуға, ашық отты пайдалануға болмайды. Жергілікті жарықтандыру 
шамдарын кернеуі 12 В аспаса пайдалануға болады. 
Кабель тарту жылдамдығы сағатына 1 км аспауы қажет және тоқтаусыз 
жасалауы керек. Кабель тартып болған соң оны бағаналық конструкцияға 
салады, оның соңын герметизация жасайды. Құдықтағы қосылу муфталарын 
монтаждау кезінде қорғаныс қаптамасына салады. 
Кабельдік бөлмелердегі кабельді ауыстыру сырты өртенбейтін 
қаптамадан жасауға болады. 
Бақылау сұрақтары 
1. Жұмыс жасап тұрған электр құрылғыларда электр қондырғыларын 
жөндеудің қандай жүйесі қабылданған? 
2. Электр қондырғыларындағы ағымдық және капиталды жөндеудің 
мерзімі мен көлемін қалай белгілейді? 
3. Электр қондырғыларын жөндеуге жібергенде қандай дайындық 
жұмыстары жасалады? 
4. Трансформаторды капиталды жөндеу кезінде қандай жұмыстар мен 
шаралар жасалады? 
5. Күштік трансформатордың оқшауламасын кептірудің қандай әдістері 
кеңінен тараған? 
6. Кабельдік желіні капиталды жөндеу кезінде қандай жұмыстар мен 
шаралар жасалады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет