Қысқа мерзімді жоспар



Дата06.01.2022
өлшемі26,91 Kb.
#12187
түріСабақ
Байланысты:
Физика 8 . Кулон заңы. Есептер шығару. Сабақ жоспары


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электростатика негіздері

Мектеп: №28 IT мектеп-лицейі

Күні:


Мұғалім: Бақытов Дамир

Сынып: 8


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.5 – Кулон заңын есептер шығаруда қолдану



Сабақ мақсаттары

  • электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;

  • Кулон заңын есептер шығаруда қолдану.

Жетістік критерийлері

  1. Кулон заңын есептер шығаруда қолдана алады.




Оқушылар Кулон заӊын түсіндіреді және формуланы пайдалана отырып әрекеттесу күшін есептейді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

элементар зарядтар; тартылыс және тебіліс әр аттас заряд;



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қозғалмайтын екі нүктелік зарядтыӊ өзара әрекет күші зарядтардыӊ көбейтіндісіне тура пропорционал және олардыӊ арақашықтығыныӊ квадратына кері пропорционал болады.



Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың жекелей/жұппен жұмыс жасай отырып қолдану дағдыларын дамытуға және сыни тұрғыдан ойлаға дағдыландыруға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Кулон заңын есептер шығаруда қолдану барысында математика пәнімен байланыс.

Бастапқы білім


Зарядтардыӊ екі тегі болады: оӊ зарядтар (таӊбасы оӊ +) және теріс зарядтар (таӊбасы -). Бірдей таӊбадағы зарядтар аттас зарядтар деп аталады. Әр түрлі таӊбадағы зарядтар әр аттас зарядтар деп аталады. Аттас зарядтар өзара тебіледі, ал әр аттас зарядтар өзара тартылады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 минут

15-20 мин


1. Оқушылар қозғалмайтын екі нүктелік зарядтыӊ өзара әрекет күші зарядтардыӊ көбейтіндісіне тура пропорционал және олардыӊ арақашықтығыныӊ квадратына кері пропорционал екенін естеріне түсіреді. Қолдану дағдысын дамыту үшін тест тапсырмаларын орындайды

Оқушылар дайын жауапты пайдаланып, өзара бағалау жүргізеді. Бір- біріне кері байланыс жасайды.



2. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге талқылау жасалады

  • Кулон заңын есептер шығаруда қолдану.

Таратпа материал











Сабақтың ортасы

20-35 мин

35-38 мин

3. Оқушылар сыни ойлау мен талдау дағдысын дамыту үшін Кулан заңын қолданып есептер шығарады.

  1. 90 нКл және 10 нКл зарядтар бір-бірінен 4 см қашықтықта орналасқан. Үшінші зарядты, осы екі зарядтың арасына қандай қашықтықта қою керек?



  1. Зарядтары q1 және q2 нүктелік зарядтар бір-бірінен L қашықтықта орналасқан. Егер олардың ара қашықтығын 50 см-ге кеміткенде, онда өзара әсерлесу күші екі есе артатын болса, L ара қашықтықты табыңыз.

  2. Зарядтары 1,6 және 0,4 нКл оң зарядпен зарядталған дене бір-бірінен 20 см қашықтықта орналасқан. Осы екі зарядты тепе-теңдікте ұстап тұру үшін заряды -0,5 нКл зарядты осы екеуінің арасына q2 зарядтан қандай қашықтыққа қою керек?




  1. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан 40 нКл және -10 нКл екі зарядтың үшінші зарядқа әсер ететін қорытқы күші нөлге тең болу үшін осы зарядты қандай қашықтықта орналастыру керек?

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Кулон заңын есептер шығаруда қолданады


Кулон заңының фомуласын жазады;

Теңдеуді дұрыс жазады;

Белгісіз шаманың формуласын қорытып шығарады:

Белгісіз шаманың мәнін дұрыс есептейді.



Оқушылар озін- өзі бағалайды. Мұғалім оқушылардың шығарған есебіне кері байланыс жасайды

Таратпа материал




38-40 мин

5. Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Оқушылар кері байланыс жасайды.

Бүгін мен білдім…

Мен үшін қиын болды…

Мен үшін жаңалық болған…

Мен үйрендім…

Мен енді өзім әрекет етіп көремін…


6. Үйге тапсырма

Қосымша тест тапсырмасы


Таратпа материал



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоя отырып, тапсырмаларды орындауға көмектесу.

Қабілеті жоғары оқушыларға жоғарғы деңгей тапсырмаларын ұсыну.

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып өзара бағалау жасайды. Сұрақтарға жауап бергенде әркім өз жұмысын өзі тексереді



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет