Бақылау сұрақтары
Магнит-электрлік жүйедегі құралдар жайында не білесің?
Электр-магниттік жүйедегі құралдар қалай құрылған?
Көп шекті құралдардың бөлік құны қалай анықталады?
Электр-өлшеуіш құралдардың абсолют және салыстырмалы қателіктерін қалай анықтайды?
№31 зертханалық жұмыс.Электростатикалық өрісті зерттеу
Жұмыстың мақсаты: электролиттік ваннаның көмегімен электростатикалық өрісті модельдеу (нобайлау) әдісін оқып үйрену. Электростатикалық өрістің күш сызықтары мен эквипотенциал беттердің ізін салу.
Құралдар: электролиттік ванна, электродтар жиынтығы, реостат, вольтметр, гальванометр, пантограф.
Теориялық кіріспе
Кез келген қозғалмайтын электр заряды оны қоршаған кеңістікте өрістің қандайда бір нүктесіне сыншыл электрлік зарядтарын ендірген кезде байқалатын, электр өрісін тудырады.
Электр өрісі – электр зарядтарының өзара әсерлесулерін жүзеге асыратын материя түрі. Электр өрісін сан жағынан сипаттау үшін екі шама қолданылады: кернеулік Е және потенциал .
Өрістің күш жағынан сипаттамасы болып табылатын шама – кернеулік
(1)
Электр өрісінің әлдебір нүктесіндегі кернеулігі деп сан жағынан өрістің сол нүктесіне ендірілген оң бірлік зарядқа әсер ететін күшке тең, және әсер етуші күштің бағытымен бағытталған векторын айтады. Өрісті графикалық түрде көрсету үшін күш сызықтарын немесе кернеулік сызықтарын қолданылады. Ендеше, күш сызықтары, сол сызықтар өтетін нүктелердегі кернеулік векторының бағытын анықтайды. Олай болса, өрістің сол нүктесіне ендірілген оң зарядқа әсер ететін күшті де анықтайды. Электр өрісінің күш сызықтары тұйықталған емес, олар оң зарядтардан басталады да, теріс зарядтармен аяқталады. Күш сызықтары үздіксіз болып келеді және қиылыспайды, себебі өрістің әрбір нүктесінде векторының бір ғана бағыты болады. Күш сызықтарының жиілігі кернеулік шамасымен анықталады. Күш сызықтарын сол сызықтарға перпендикуляр бірлік аудан арқылы өтетін сызықтар саны сан жағынан өрістің сол бөлігіндегі кернеулік векторына тең болатындай жүргізу қабылданған.
Достарыңызбен бөлісу: |