Электр өрісінің энергиялық сипаттамасы – потенциал
(2)
Электр өрісінің берілген нүктесіндегі потенциалы деп, сан жағынан сол өрістің күштері оң бірлік зарядты өрістің берілген нүктесінен шексіздікке көшіру үшін жасайтын жұмысына тең скаляр шаманы айтады. Нүктелік q электр зарядын көшіру кезінде өріс күштері жасайтын жұмыс, сол заряд шамасын көшірудің бастапқы және соңғы нүктелерінің арасындағы потенциалдар айырмасына көбейткенге тең
(3)
мұндағы және – жолдың бастапқы және соңғы нүктелеріндегі потенциалдар. (3) өрнек зарядтардың кез келген үлесуімен тудырылатын өрістер үшін мағынасын сақтайды. Өрнектен өріс күштерінің q зарядты көшіру кезінде жасайтын жұмысы жолдың формасы мен ұзындығына тәуелсіздігі, тек бастапқы және соңғы нүктелермен анықталатындығы байқалады. Олай болса, электростатикалық күштер консервативті, ал өрісі потенциалды болып табылады.
Потенциал координаттар функциясы болып табылады. Потенциалдары тең болатын нүктелер жиынтығын көрсетуге болады. Потенциалдары тең болатын нүктелердің геометриялық орны эквипотенциал бет деп аталады. Егер де заряд эквипотенциал бет бойымен қозғалса, онда жұмыс нолге тең болады, яғни , өйткені .
мұнда – электр өрісінің кернеулігімен зарядтың орын ауыстыру бұрышы. (4) өрнекте E, q, d, l – нолден айырықша, ендеше , ал бұрыш , Яғни, күш сызықтары эквипотенциал беттерге үнемі перпендикуляр болады. Олай болса, эквипотенциал беттердің орналасуын біле отырып, күш сызықтарын салуға (сызуға) болады.
31.1 сурет
Электр өрісінің қандай да бір нүктесіндегі кернеулігі, теріс таңбамен алынған, сол нүктедегі потенциал градиентіне тең. , Яғни, өріс кернеулігі сан жағынан потенциал беттерге перпендикуляр бағытта ұзындық бірлігіндегі потенциалдың өзгеруіне тең болады және потенциалдың келу жағына қарай бағытталады. (“-“) алу таңбасы (31.1 сурет).