Электрлік қосалқы станциялар. Олардың түрлері жəне негізгі ерекшеліктері



бет2/2
Дата17.02.2023
өлшемі38,95 Kb.
#68905
1   2
Байланысты:
Электрлік осал ы станциялар. Оларды т рлері ж не негізгі ерекш

2.11-сурет. Қосалқы станциялардың электр жүйесiндегi орналасу жағдайына жəне жоғары
кернеумен қоректену сұлбасына қарай бөлiну түрлерi.
1 – Тұйық (шеткi) қосалқы станция. 2 – Өтпелi (транзиттiк) қосалқы станция. 3 – Өзара
сақиналы сұлбамен қосылған өтпелi қосалқы станция. 4 – Тораптық қосалқы станция.
Өтпелi жəне тораптық қосалқы станциялардың сұлбалары, тұйық станция сұлбасына қарағанда едəуiр сенiмдi. Жоғарыда аталғанға сəйкес қосалқы станцияларды жобалаған кезде, оларды салуға кететiн күрделi шығынды кемiту жағы ескерiлуi тиiс. Қосалқы станцияның электрлiк сұлбасын таңдау – жобалау кезiндегi ең басты жəне неғұрлым күрделi сала болып саналады.
Қосалқы станцияның электрлiк сұлбасы мыналарды анықтайды:
1) Жоғары кернеулi аппараттардың санын жəне олардың параметрлерiн.
2) Қосалқы станцияның құралымын жинақтауды;
3) Электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгiн жəне пайдаланудың ыңғайлылық дəрежесiн белгiлеуді. Кейбiр жағдайда қосалқы станцияның электрлiк сұлбасы одан қоректенетiн тарату желiсiнiң жəне қосалқы станцияны қоректендiретiн жоғары вольттi электр желiсiнiң сұлбасына да əсер етедi.
Энергетикалық жүйелерде төмендеткiш қосалқы станцияны пайдалану оның электрлiк сұлбасына елеулi талаптар қояды:
1. Электр станциясы мен желiсiн техникалық пайдалану ережесiне сəйкес,сұлбаның негiзгi талабына тұтыну орындарын электрмен үздiксiз жабдықтау жатады.
Электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi тұтыну орындарындағы электр қондырғыларын энергия жүйесiнiң əртүрлi пункттерiндегi электр берiлiсi жүйесiмен байланыс сұлбасын тиiмдi таңдап алу арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
Қосалқы станциялардың құрастыру шиналарын секциялау – электрмен сенiмдi жабдықтаудың елеулi шарты болып саналады.
Секцияның екi түрi бар:
қатаң секциялау, мұны өзгерту үшiн құрылыс жəне монтаждау жұмыстарын
жүргiзуге тура келедi;
– оңтайлы секциялау, мұндайда таратқыш құрылғыларды таратқыштар мен айырғыштарды ауыстырып қосу арқылы қайта бөлу оңай жүзеге асырылады.
Қосалқы станцияның секция аралықтарындағы тiзбектi қатаң таратудың үлгiсi ретiнде құрастыру шиналарының бiр секциялық жүйесiн атауға болады.
Қосалқы станциядағы оңтайлы секциялаудың үлгiсi ретiнде бiр ажыратқышы бар құрастырмалы шиналардың екi жүйелi сұлбасын атауға болады.
2. Сұлбаға қойылатын екiншi талапқа пайдаланудың көрнектiлiгi мен ыңғайлылығы жатады. Сұлба көрнектi болу үшiн элементтер саны неғұрлым аз, түрi қарапайым, құрастырмалы шиналардың барлық қосылыстары бiркелкi орындалуы тиiс.
3. Үшiншi талап сұлбаның оңтайлығы болып саналады. Мұндай сапа осы сұлбаның жекелеген учаскелерiн апаттық жағдайда бөлiп тастағанда немесе жоспарлы түрде жөндеуге қою үшiн ауыстырып қосқанда электрмен жабдықтау мүмкiндiгiн айқындайды.
Сұлбаның оңтайлығы оған қосымша қосылыстар мен аппаратураларды енгiзбей-ақ қамтамасыз етiлуi тиiс екендiгiн атап көрсеткен жөн. Қосалқы станция сұлбасы кез келген аппаратты жөндеуге қоюды немесе ешбiр кедергiсiз электрмен жабдықтауға қосуы жəне сұлбаға жедел ауыстырып қосу саны неғұрлым аз болуы тиiс. Сұлбаның жеткiлiктi оңтайлы жəне көрнектi болмауы, қондырғыда жұмыс iстеудi қиындатып, апатқа ұшырап əрi адамдарды жарақаттауы мүмкiн. Жұмыс тəжiрибесi көрсеткендей, пайдалану ыңғайлылығы сұлбаның қарапайымдылығы мен симметриялығына, таратқыш құрылғылардың жинақтылығына, сондай-ақ қолданылатын жабдықтардың (трансформатор мен коммутациялық аппараттар) бiр типтiлiгiне байланысты. Сондықтан қосалқы станцияны жобалаған кезде симметриясыз сұлбалар мен əр типтi жабдықтарды қолданбау қажет. Үнемдеу жағдайына байланысты қосалқы станцияны пайдалану процесiнде энергияның шығыны жəне есептi шығыны ең аз болатын сұлбаны таңдап алады.


Бақылау сұрақтары:
1.Қосалқы станция дегеніміз не?
2. Қосалқы станциялар қандай бөлiктерден тұрады?
3.Қосалқы станцияның категориясына не жатады?
4. Қосалқы станцияның электрлiк сұлбасы нені анықтайды:
5.Қосалқы станция жүйедегi орналасу жағдайына жəне жоғары кернеумен қоректену сұлбасына қарай қандай түрге бөлiнедi?
6. Электр қондырғылары құрылысының ережелерiне сəйкес электр қабылдағыштар қандай категорияға бөлiнедi?
7. Қосалқы станциядағы оңтайлы секциялаудың үлгiсi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет