Электродинамика және арнаулы салыстырмалық теориясы «Физика», «Физика және информатика»


І Тарау. АРНАУЛЫ САЛЫСТЫРМАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ



бет6/27
Дата21.09.2023
өлшемі1,19 Mb.
#109455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
І Тарау. АРНАУЛЫ САЛЫСТЫРМАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
§1. Салыстырмалық теорияның негізгі принциптері

Ньютонның заңдарына негізделген классикалық меха-ника тек макроскопиялық денелерге, яғни өте көп бөлшектер-ден (иондардан, атомдардан, молекулалардан және т.б.) құралатын денелерге қолдануға болатыны белгілі. Сонымен қатар, бұл макроскопиялық денелер жарықтың вакуумдағы жылдамдығына қарағанда өте төменжылдамдықпен қозғалуы қажет. Вакуумдағы жарық шамамен 300000 км/с жылдамдық-пен қозғалғандықтан, практика жүзінде классикалық механи-каны қарапайым денелердің барлығына қолдануға болады. Элементар бөлшектер, жеке атомдар, иондар, молекулалар және т.с.с. өздерінің қозғалысында өте үлкен жылдамдық алулары мүмкін. Ондай бөлшектерді бақылау нәтижелері классикалық механиканың заңдылықтарынан ауытқу болатынын көрсетеді.


Өте үлкен жылдамдықпен қозғалатын денелердің меха-никасы салыстырмалық теориясы деп, немесе релятивис-тік (реляцион- салыстырмалық, лат.) теория деп те аталады. Жарықтың вакуумдағы жылдамдығымен шамалас жылдам-дықтар релятивистік жылдамдықтар, релятивистік жыл-дамдықтармен қозғалатын денелердің механикасы реляти-вистік механика, релятивистік механикада зерттелетін құбылыстар релятивистік құбылыстар деп аталады.
Релятивистік теорияның негізін қалаған – Альберт Эйштейн (1905ж.). Салыстырмалық теориясының екі түрі бар- арнаулы салыстырмалық теориясы және жалпы салыстырмалық теориясы. Арнаулы салыстырмалық тео-риясында бірқалыпты, бірақ өте үлкен жылдамдықпен қозға-латын денелер қарастырылса, жалпы салыстырмалық теория-сында өте шапшаң, бірқалыпты емес, үдемелі қозғалыстағы денелер қарастырылады. Біздер тек қана арнаулы салыстырмалық теорияны қарастырамыз.
Арнаулы салыстырмалық теориясы(АСТ) ХХ ғасырдың басында пайда болған физиканың жаңа бөлімі. Ол үлкен қашықтықтарда және өте жоғары жылдамдықтарда физика құбылыстарында, заңдылықтарында байқалатын өзгерістерді түсіндіруді мақсат етеді. Бұндай ерекше жағдайларда дене-лердің қозғалысының физикалық қасиеттерін түсіну үшін кеңістік пен уақытқа деген бұрыңғы көзқарастарды талдап, олардың негізгі қасиеттерін қайта қарауға тура келді. Сонымен, кеңістік пен уақыттың негізгі қасиеттерін зерттей-тін теориялық физиканың бөлімі- салыстырмалық теория.
Кеңістік пен уақыттың қасиеттері әртүрлі физикалық құбылыстардан байқалады. Адам санасында қалыптасып қалған қасиеттер механикалық қозғалыстардан, яғни күнделікті өмірден көрінеді. Бірақ нақты қасиеттер басқа құбылыстардан анық байқалады. Сондай құбылыстардың бір класы- жарық толқындарының таралу заңдылықтарынан білінді. Екінші класы- ядролық құбылыстардан (микродүние) және космостық денелердің қозғалыстарынан (макродүние) байқалды. Сондай құбылыстардың үшінші класы- үлкен массалы денелердің маңындағы кеңістік пен уақыттың қасиеттерінің өзгерісімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет