Электродинамика және арнаулы салыстырмалық теориясы «Физика», «Физика және информатика»



бет5/27
Дата21.09.2023
өлшемі1,19 Mb.
#109455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Қорытындылар. Түптеп келгенде, теорияның міндеті ядродан нақты қорытындылар шығару. Теорияны қорыту процесінде әртүрлі физикалық шамалардың арасында функциялық тәуелділіктер пайда болады. Оларды сандық қорытындылар деп атайды. Қазіргі заманғы теорияларда олардың саны көбейе түседі. Олардың бірқатары қасиеттердің жеке аумағы үшін ғана қолданылады. Теория өз облысында кез келген қорытындыны шығара алуы тиіс. Бірақ кейбір фактілерді түсіндіре алмауы мүмкін. Бұл болашақ теорияның міндетіне кіреді. Теорияның маңызды қызметі – жаңа құбылыстарды болжау. Қорытындыларға теорияның интерпретациясы да кіреді. Интерпретация деп берілген түсініктер шеңберінде қорытындылардың физикалық түсіндірілуін айтамыз.
Кең мағынада электродинамикаға бірнеше теория кіреді. Бұл Максвеллдің феноменологиялық теориясы, Лоренцтің электрондық теориясы (классикалық электрондық теория деп те атайды) және арнаулы салыстырмалық теория.
Максвелл теориясы феноменологиялық, яғни макроско-пиялық теория атануы оның ерекше сипатын білдіреді. Яғни бұл теория заттың нақты құрылымы болатындығын ескер-мейді. Зат кеңістіктің өріс алып жатқан қандай да бір бөлігін үздіксіз толтырады, ал осы бөліктегі өрістің қасиеттері диэлектрлік және магниттік өтімділіктер тәрізді коэффициен-тер арқылы ғана ескеріледі. Зарядтардың дискреттігі де, яғни электрондар тәрізді ұсақ бөлшектерден құралатындығы еске-рілмейді. Теорияның феноменологиялық болғаны оның шек-телгендігінің белгісі. Осы шектелгендігін жою үшін Лоренц заттың құрылымын ескеретіндей теорияға өзгерістер енгізген болатын. Лоренцтің электрондық теориясы структуралық теория болып табылады және оны микроскопиялық элект-родинамика деп те атайды. Бұл теория классикалық электрондық теория деп те аталады, өйткені оған кванттық физика көзқарастары енгізілген жоқ.
Сонымен бірге электродинамика релятивистік теория болып табылады, яғни оның кеңістік пен уақытқа, қозғалысқа өзара әсерге деген көзқарастары арнаулы салыстырмалық теорияның көзқарастарына жақын.
Электродинамиканың қорытындылары есептеуіш техниканың, радиолокацияның негізін құраған электроника, радиотехника салаларының фундаменті болып табылады.
Автордың көздеген мақсаты: электродинамика мен арнаулы салыстырмалық теория пәндерінің негізгі мәселеле-ріне сипаттама беру. Оқу құралы «Физика» мамандығы бой-ынша бағдарламаға сәйкес құрылған. Сондықтан оған Лорен-цтің электрондық теориясы кіргізілмеген. Сол сияқты ортада-ғы электромагниттік өрісті қарастыру да автордың мақсатына кірмейді. Құрал 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде арнаулы салыстырмалық теорияның негізгі мәселелері баяндалады. Оның негізгі постулаттары тұжырымдалып, одан салдар шы-ғарылады. Лоренц түрлендірулері негізделіп, интервал ұғы-мы енгізіледі. Салыстырмалық теорияның ең ыңғайлы мате-матикалық аппараты - тензорлық анализ негіздері беріледі. Екінші бөлімде электрдинамиканың негізгі теңдеулері келті-ріліп, сақталу заңдары негізделеді. Үшінші бөлімде электр-магниттік өрістің жеке жағдайлары: тұрақты электрмагниттік өріс пен электрмагниттік толқындардың теңдеулері және олардың заттан шығарылу мәселелері баяндалған.
Жалпы алғанда, электрдинамика мен арнаулы салыс-тырмалық теорияға арналған осы оқу құралы оқырманның аталған мәселелерді меңгеруіне көмегі тиер деген үміттеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет