Арнаулы салыстырмалық теориясының негізгі мәселесі: Инерциалды санақ жүйесінің (ИСЖ) бәрінде де бірдей бөлі-нетін физика заңдарын анықтау, яғни барлық инерциалды санақ жүйесі табиғат құбылыстарын сипаттау бірдей болуы үшін қажетті шарттарды анықтау болып табыла-ды. Бірақ бұндай зерттеулерді жүргізу үшін кеңістік пен уақыттың негізгі қасиеттерін қайта қарап, адам санасында қа-лыптасып қалған кейбір қате көзқарастардан бас тарту керек болды.
АСТ-ның негізгі формулаларын Максвелл теңдеулері-нен де қорытып шығаруға болады. Өйткені осы теңдеулерінің инварианттылығынан Лоренц түрлендірулері шығарылуы мүмкін. Бірақ АСТ-ні электродинамиканың бөлімі деп қарас-тыру дұрыс болмайды, оның басқа физикалық теориялардан айырмашылығы көп. В.В.Мултановскийдің [12] классифика-циясына сүйенетін болсақ: АСТ-нің идеалданған объектіле-рі: кеңістік пен уақыт. Оның қасиеттері инерциалды санақ жүйесінің (ИСЖ) көмегімен зерттеледі. Сондықтан АСТ – жалпы физикалық теория болып табылады. Арнаулы салыс-тырмалық теорияның эмпирикалық базисі - Жердің абсолют-ты кеңістікке қатысты қозғалысын анықтауға бағытталған, жоғарыда айтылған Майкельсон – Морли, Физо тәжірибе-лерінің теріс нәтиже беруі, астрономиялық аберрация эффек-тісі. Теория ядросы – Эйнштейннің екі постулаты. Кеңістік- уақытты біртекті және изотропты деп есептегенде осы екі постулаттан Лоренц түрлендірулерін қорытып шығаруға бо-лады. Ал Лоренц түрлендірулері теорияның негізгі нақтылы қорытындыларын шығаруға көмегі тиеді. Бірақ қорытын-дылар әдетте басқа теориялардың меншігінде болады. Ал АСТ – бұларға жаңа релятивистік элементтерін енгізеді. Осы нақтылы қорытындылар материя қозғалысының әртүрлі жағ-дайларына кеңістік- уақыттың геометриялық моделін қолда-нумен байланысты. Бұл салалар: релятивистік механика және релятивистік термодинамика. Релятивистік шегіне жеткен объект: электромагниттік өріс, оның теориясы – толық реля-тивистік теория болып табылады. Физиканың қазіргі заманғы бөлімдері: кванттық электродинамика және элементар бөлшектер теориясы релятивистік негізде құрылған. АСТ және электродинамикамен байланысты негізгі физикалық идеясы: жақыннан әсер ету ілімі. Оның классикалық физикадағы алыстан әсер ету ілімінен айырмашылығы: материалдық объектілердің қашықтықта әсерлесуі материал-дық делдал ортасыз мүмкін еместігі. Электродинамика бұндай әсер тасушы делдал орта етіп электромагниттік өрісті айтады, және материалдық объектілердің қозғалыс жылдам-дығын жарық жылдамдығымен шектейді. Эфир жайындағы механистикалық концепцияның орнына өрістік концепция келді. Электродинамиканың пайда болуы және дамуы нәти-жесінде материяның дуализмі идеясы орнығады: материя зат және өрістен құралады. Механика заттың қозғалысын, электродинамика өрістің қозғалысын сипаттайды. Зат өрістің қайнар көзі,өріс заттың әсерлерін жеткізуші болып табылады.