Электродинамика және арнаулы салыстырмалық теориясы «Физика», «Физика және информатика»


Арнаулы салыстырмалық теориясының



бет7/27
Дата21.09.2023
өлшемі1,19 Mb.
#109455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Арнаулы салыстырмалық теориясының негізінде Эйнштейннің салыстырмалылық принципі жатыр. Механикада осыған ұқсас Галилейдің салыстырмалылық принципі қабылданған: Барлық инерциалды салыстырмалы санақ жүйелерінде механикалық құбылыстар бірдей өтеді. Немесе: ешқандай механикалық құбылыстарды пайдаланып, санау жүйесінің тыныштықта тұрғанын немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста екенін анықтауға болмайды. Бірақ электромагниттік өріс заңдары Галилейдің салыстырмалы принципіне қайшы келеді (сол себепті ХХ ғасырдың басында салыстырмалы принциптің мағынасын кеңейту мәселесі пайда болды). Бұл қайшылықты дәлелдейтін экспериментальдық фактілер: Майкельсон – Морли тәжірибесі, Физо тәжірибесі, астрономиялық аберрация эффектісі. Бұл тәжірибелерден шығатын негізгі қорытынды: Барлық санақ жүйелерде өлшегенде C= 3*108 км/с-қа тең. Майкельсон – Морли тәжірибесінде (3-сурет) жарық сәулесі S жарық көзінен шығып, П- жартылай мөлдір әйнекте екіге бөлінеді. екі сәуле- ұзындықтары бірдей ПА=ПВ= l қашықтықтарды өзара перпендикуляр бағытта жүріп өтеді және А мен В айналардан шағылады. 1-сәуле П пластинадан өтіп, ал 2-сәуле одан шағылғаннан кейін Т тұрбаға түсіп, егер екеуінің жылдамдықтары әртүрлі болып, фаза айырмашылықтары пайда болса, интерференция құбылыс ын туғызуы тиіс. Бұл тәжірибенің идеясын 1879 жылы Максвелл айтып, 1881 жылы Майкельсон орындады (идеясы мен теориясын Беллюстин[5] кітабынан оқуы-ңызға болады.). Тәжірибенің мақсаты-Жердің эфирге қатыс-ты V жылдамдығын өлшеу. Бірақ екі сәуледе фаза айыры-мы пайда болмады, демек Жер эфирге қатысты қозғалмайтын немесе эфир Жермен бірге іле-сіп қозғалатын болып шықты. Бірақ соңғы қорытындыны Физо тәжірибесі растамады. (Физо тәжірибесінің сипаттамасы §7-де)
Ж ұлдыздық аберрация құбылысы дегеніміз бақы-лаушының қозғалысы сал-дарынан жұлдыз кескінінің-(S) шын (яғни нақты) (S') қалпынан ауытқу құбылы-сын айтады. Бұның себебі Жердің орбиталды қозғалы-сы, ал ауытқу осы қозғалыс-тың V жылдамдығына ғана тәуелді. Эфир Жермен ілесе қозғалатын болса, бұндай құбылыс байқалмауы тиіс еді. [8](V≈30 км/с) (4-сурет)
Осы 3 тәжірибенің нәтижесі физикада дағдарыс туғыз-ды. Дағдарыстан шығу үшін Галилейдің салыстырмалық принципінен бастарту керек немесе электродинамиканы басқаша құру керек, екеуі бір-біріне үйлеспейтін сияқты болды. Дағдарысты жеңудің жолын Эйнштейн тапты. Ол салыстырмалық принципін (постулатын) және электродина-мика принциптерін үйлестіру мүмкін деп тапты.
Физика дамуы арқасында физикалық қозғалыстың мағынасы кеңейіп, қозғалыстың басқа түрлерін де қамтыған, соның ішінде электромагниттік өрістің қозғалысы да бар. Альберт Эйнштейн бұл постулатты кеңейтіп, механикалық қана емес, электрлік, магниттік, оптикалық, ядролық, атом-дық, молекулалақ, жалпы физикалық құбылыстарды пайда-ланып, санау жүйесінің тыныштықта тұрғанын немесе бірқа-лыпты түзу сызықты қозғалыста екенін айырып білуге бол-майды дейді. Сонымен, Эйнштейннің салыстырмалылық принципі: Барлық инерциалды санақ жүйелерінде физикалық құбылыстардың мағынасы өзгермейді, яғни бірқалыпты қозғалыс физикалық құбылыстардың өтуіне әсерін тигізбейді, - дейді. Басқаша айтқанда, ешқандай физикалық құбылыстарды пайдаланып санау жүйесінің тыныштықта тұрғанын немесе бірқалыпты түзу сызық-ты қозғалыста екенін ажыратуға болмайды.
Осы тұжырым және жарық жылдамдығының тұрақ-тылығы жөніндегі постулат арнаулы салыстырмалық тео-риясының негізгі постулаттары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет