жақыннан әсер ету ілімі деп аталады. Онда күштік әсерді жеткізетін – электромагнитттік өріс. Зарядқа әсер ететін күш берілген нүктедегі өрістің күйімен анықталады. Ал зарядталған денелердің өзара әсері шекті жылдамдықпен өріс арқылы беріледі. Электродинамикада өзара әсердің өрістік моделі осындай. Өзара әсердің таралу жылдамдығы (с) бойынша электромагниттік өріс – релятивистік объект болып табылады, яғни оны салыстырмалық теория тұрғысынан зерттеу керек, ал электродинамика- релятивистік теория болып табылады; өрістерді сипаттау үшін инерциалды санақ жүйесі (И.С.Ж.) қолданылады. И.С.Ж. етіп Жермен байланыстырылған жүйе алынады. Бір И.С.Ж.-нен 2-сіне өту үшін Лоренц түрлендірулері қолданылады. Классикалық электродинамикада өріс те, заряд та үздіксіз есептеледі. Бірақ та электромагниттік өріс- фотондардан құралса, заряд электрондар мен протондардан құралады.
Классикалық электродинамика – макроскопиялық теорияларға жатады, қолданылу ауқымы үлкен болғанымен, шектелген; Яғни өрістің және зарядтардың дискретті сипаты құбылыстарға әсерін тигізбейтін кезде ғана электродинамика қорытындылары дұрыс болады. Ал атомдық масштабтағы электромагниттік әсерді қарастырғанда макроскопиялық электродинамика заңдарының қолданылуы шектелген және кванттық электродинамикада көп толықтырылады.
Электродинамиканың теориялық өзегі- Максвелл дифференциалдық теңдеулер жүйесі. Электродинамика есептерінің көбісі зарядтардың орналасуы және қозғалысы берілген жағдайда өрісті анықтау мақсатын қояды. Ол үшін өріс теңдеулерін дербес жағдайлар үшін интегралдау қажет болады.
Табиғатта электромагниттік әсерлер кең таралғандықтан электродинамиканың да қолдану аумағы кең, әсіресе оның техникада қолданылуының маңызы жоғары. Заттың құрылымы және қасиеттерін түсінуде осы теорияның қызметі ерекше орын алады. Электрлік құбылыстардың қазіргі тео-риясының пайда болуының алғы шарттары – эмпирикалық фактілер мен жеке фундаменталды заңдардың ашылуы сияқ-ты жаңалықтарының жинақталуы болып табылады.
Біздер В.В.Мултановский [12] классификациясы бойын-ша электродинамикаға сипаттама берейік (2-сурет). Бұл тео-рия электр және магнит құбылыстары аумағындағы экспери-менттік фактілерді жинақтау, сараптау және ой елегінен өткізудің ұзақ тарихи периодының аяғында пайда болды. Электродинамикада