Өзгеріп отыратын электр және магнит өрістері әр уақытта да өзара байланыста болады,сондықтан да олардын ажырамас бірлігін электромагниттік өріс дейді.Айнымалы электро-магниттік өрістің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды.
Электромагниттік өріс Максвелдің 4 теңдеуімен сипатталады, олардың арқасында радиотолқындарды, жарықты, рентген сәулелерін және гамма-сәулеленуді сипаттауға мүмкіндік бар. Олар табиғаты әртүрлі сәулелер емес, толқын ұзындығы әртүрлі электромагниттік толқындар екені анықталды.
Радиотолқындар –радиобайланыста колданылатын, электр-магниттік толқындар.Радиотолқындар көзі ретінде электромагнитгік тербелістер генераторлары пайдаланылады.
Оны тербелмелі контур және макроскопиялық вибратор көмегімен алуға болады. Радиотолқындар орталармен жұтылады немесе шағылады, яғни дифракциялық және интерференциялық қасиеттер байқалады.
Радиотолқындар радиобайланыста, телевидениеде, радиолокацияда қолданылады.