Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) электрондық үкіметті дамыту индексі (The UN Global e-Government Development Index) — азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануда ұлттық мемлекеттік құрылымдардың дайындығы мен мүмкіндіктерін бағалайтын кешенді көрсеткіш. Екі жылда бір рет шығарылып тұрады.Зерттеу әртүрлі елдердегі электрондық үкіметтің даму деңгейі туралы деректерді, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың АКТ-ны пайдалануындағы үрдістерді жүйелі бағалауды қамтиды. Осы зерттеулермен қамтылған барлық елдер рейтингте келесідей негізгі үш көрсеткіш бойынша жасалған бағалау индексі негізінде сараланады:
1) Интернет-қызметтердің қамту дәрежесі және сапасы
2) АКТ-инфрақұрылымның даму деңгейі
3) Адами капитал.
Бұл елімізде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалануда жақсы жұмыстардың жүргізіліп жатқанын аңғартатындай.
«Электрондық үкімет» порталы (www.egov.kz) – мемлекеттік органдар қызметіне онлайн режимде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Электрондық бақылау іс жүргізу Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі (БААТЖ) бағдарламасының тұтас бағдарламалық бөлшегі болып табылады Басты талап, пайдаланушыда электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет. ЖСН-і бар Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы ЭЦҚ-ны алуға және пайдалануға құқылы.
Бұл порталдың артықшылығы: -кезек күтпей,дәрігерге жазылуға болады;
-талонды емханаға келмей инернет желісі арқылы алуға болады;
-керекті мәліметтерді портал арқылы алуға болады;
-дәрі алатын науқастар үшін қағазды тіркеуге болады.
Ал кемшіліктері:
-Интернет желісі үй жағдайында болмауы;
-Кәрі егде жастағы науқастардың интернет желісін түсінбеуі;
-ЦОН-ға тіркелмеген,кілт ашылмаған жағдайда порталға кіре алмау; және т.с.с.