Kundelik.kz бағдарламасы іске қосу нәтежесінде Қазақстан Республикасындағы білім процесінің барлық қатысушылары үшін электрондық білім беру технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдары мен орта білімді басқару органдарының білім беру, тәрбие және басқарушылық қызметтерінің функциялары мен процестерін автоматтандыру арқылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының оқу жетістіктерін есепке алу жүйесін жетілдіру болып табылады.
Ø ҚР БҒМ жаңа жобасы. Ыңғайлы,жылдам əрі ұтқыр.
Ø Kundelik kz сайтын қолдану арқылы ата-аналар өз балаларының жетістігін сырттай бақылай алады.
Ø Оқушылар Е - кітапхана жəне т. б қызметтердің есебінен білімін толықтырып, қызықты ақпараттар жинай алады. Бұл парақшада:
Ø Əріптестеріңізбен тəжірбие алмаса аласыз
Ø Күн сайынғы қызықты деректер
Ø Еліміздегі айтулы жаңалықтар
Ø Мамандардан кеңес
Күнделік кз мүмкіндіктері
Электрондық күнделіктің «ұстаз-оқушы-ата-ана» үшін беретін мүмкіндіктері
Электрондық күнделіктің күні бүгін ғана басталған жоқ. Дегенмен, біздің елімізде енді қарқын алып келе жатқан күнделіктің бұл түрінің тиімді және тиімсіз жақтары бар. Ендеше оларды қарастырайық:
Ата-ананың мүмкіндіктері:
Электрондық күнделік-бұл кез-келген оқуға байланысты ақпаратқа нақты уақыт режиміндегі қатынас. Кестедегі өзгерістерді, оқушының ағымдық және қорытынды (жиынтық) жетістіктерін бақылайды. Үй тапсырмаларын көріп, оқу туралы хабарландырулар e.mail арқылы хабардар болып, тілдесе алады.Тақырыптық форумдар жасап, іс-шаралардағы фотосуреттермен алмасуға, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен байланысуға болады.
Оқушының мүмкіндіктері:
«kundelik.kz»-сайты қағаз күнделіктің мүмкіндіктерін оңай шешеді және басқа мүмкіндіктер береді: кесте, үй тапсырмалары, барлық қойылған бағалар, сабақ барысында пайдаланатын материалдар. Орташа балл, өткізілілген және келешектегі сабақтардың тақырыптары, мұғалімнің түсініктемелері.
Білім беру ресурстары: онлайн кітапхана мектепте оқытылатын барлық туындыларды қамтиды. Медиатехникада барлық пәндер бойынша сабаққа жақсырақ дайындалуға көмектесетін бейнефайлдар, аудиофайлдар және көрсетілімдер жиналған.
Тілдесу: (общение) @ project-long-kz@ сайтымен оңай: басқа мектеп оқушыларымен хабар алмасу, өз мектебіңіздің тақырыптық үйірмелерін өздігінен жүргізу немесе оларға қатысу, сыныптың іс-шаралары мен жаңалықтарын талқылау, мектептік өмірдің фотосуреттерімен алмасу.
Байқаулар бөлімінің қолжетімділігі: «kundelik.kz» сайтымен қызықты әрі пайдалы уақыт өткізу –бұл әр түрлі тақырып бойынша көптеген байқауларға қатысу. Байқаулар өнерпаздық әрі зияткерлік болуы мүмкін. Өз бетіңмен немесе сыныптастармен бірге қатысып, бағалы ұтыстарға ие болуға
болады.
Мұғалімнің мүмкіндіктері: Мектеп парақшасы: білім беру мекемесінің «kundelik.kz» сайтындағы визит картасы: әкімшілік тұлғалар, контактілер, жаңалықтар, құқықтық және т.б. құжаттар, хабарландырулар, фотогалерея, форум. Мектеп парақшасы мен оның жариялылығын реттеуге болады.
Кесте және сабақтар: кестенің қарапайым түрі, түсінікті енгізу. Сабақ ауыстыруларын және өткізілмейтін сабақтарды белгілеу. Сынып бойынша кестені 1 аптаға немесе барлық торды қараңыз немесе басып шығаруға болады.
Электрондық журнал: үйреншікті қағаз журналының стандартты көрінісі және бірнеше қосымша көріністер: күн бойынша, апта бойынша жоспарлау, сабақ парақшасы. Әкімшілік сабақтағы бағалау жүйелерін және жұмыстар типтерін таңдай алады. Журналдың барлық көріністері түсті немесе қара-ала нұсқаларда қолжетімді. Мысалы, кез-келген сабаққа түсініктеме немесе қосымша материалдар қоса алады.
Үй тапсырмаларын басқару: үй тапсырмаларын басқарудың интерактивті модулі оларды сыныптың барлығына немесе бөлек оқушыларға беруге, әр түрлі сыныптар үшін тапсырмаларды көшіруге, оларға файлдарды қосуға және орындалу барысын басқаруға мүмкіндік береді.
Есептер: құрамына стандартты тізімдемелер мен білім беру мекемесінің есептері де, қосымша тізімдемелер кіретін толық статистика. Бұрын мектепте қолмен толтырылған есептер қазір автоматты түрде жасалады. Барлық деректер нақты уақыт режимінде жаңартылады.