1.3 Электронды оқу құралының мазмұнына қойылатын талаптар
Электрондық оқу басылымының контенті үш деңгейлі бөліктерге бөліну керек:
1-деңгей. Модулдер
2-деңгей.Блоктар
3-деңгей.Сабақтар
- Модул блоктан бұлаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылдымындағы ірі семантикалық оқу бірлігі.
- Блок сабақтан-сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы орташа семантикалық оқу бірлігі.
- Сабақ минималды семантикалық бірлік және ол бірнеше оқу элементтерінен тұрады. Міндетті оқу бірлігі болып теория, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал міндетті емес элементтерге оқу ақпаратын меңгеру, тұсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық, графикалық, аудио және видео жатады.
- Теория таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны тұсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және тұсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.
- Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерін жаттығуды орындау, есепті шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т.б. тұріндегі детальдық таңдауын қамтамасыз етуі керек.
- Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының ішкі байланысын анықтауға, олардың әртұрлі сыртқы әсерлер кезіндегі функционалдық қасиеттерін зерттеуге және жаттығуларды орындау мен есептерді шешудегі практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың формулировкасында атқарылатын іс-әрекеттердің реті мен күтілетін нәтижеге және олардың берілу формасына қойылатын талаптарға тұсініктемелер болуы керек.
- Сұрақ-жауаптар білімді меңгеру үшін және практикалық жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру үшін қиындық деңгейі, характері және жауаптардың берілу формасы бойынша вариациялануы керек.
- Тесттерде сұрақтар және арасында бір дұрыс және бірнеше дұрыс емес жауаптар болуы керек және дұрыс жауапты таңдау кезінде қарапайым әдісін қолданбау үшін мағынасын тұсінбей жауап беретін сұрақтар болмауы керек. Дұрыс емес жауаптар өздерінің мазмұны бойынша білім алушы оқу материалын терең білгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшін дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тесттерде білім алушылардың іс-әрекеттері мен жауаптарындағы әдеттегі қателіктер туралы ескертулер және сол қателіктерді жібермеу мен тұзету туралы тұсініктемелер қамту мүмкін.
- Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау, есептерді шешу мен тәжірибе өткізуге, курстық, дипломдық және т.б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелік, графикалық және басқа оқу-әдістемелік мәліметтер қамту керек.
- Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтарын және жағдайларын ашу және көрсету үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.