электрондық ОҚУ ҚҰралына қойылатын талаптар 1 Жалпы мағлұмат 5


Электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн



бет6/16
Дата02.06.2023
өлшемі1,56 Mb.
#98090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дипломная работа

Электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
 Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарлаиасына сәйкес болуы;
 Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
 Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.
Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

1. Білім мониторингісі;


2. Сауалнамалар;
3. Түрліше тестілік бақылаулар;
4. Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б.
5. Оқушыларды сырттай бақылау
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.
Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды география сабағында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.


2. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

2.1 Мультимедиалық жүйе


«Технология» ұғымы көздеген мақсатқа жету әрекеттер тізбегі, әдістері және оларды қолдануды біріктіреді.


Мультимедиалық технологиялар – бұл қоршаған ортаға қолданушылардың өзара тіл табысуынамүмкіндік беретін мәтінді, графикті, дыбысты, анимацияны қолданатын технологиялар.
Мультимедиалық құрылғыларды жасаушылардың алдарына қойған ең басты мәселе – есептеу жүйесінің мамандарынан басқа қолданушылардың ЭЕМ-де жұмыс істеу қызығушылығын арттыру.
Дербес компьютермен бірге, мультимедиалық жүйе ЭЕМ-нің төртінші сатысында пайда болды. Ең алғаш олар компьютерлік ойындарда қолданыла бастады, одан соң маңызды кәсіптік қосымшаларда қолданылды. Бірақ, барлық жерде ЭЕМ мен қолданушы арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету міндеті тұрды. Сондықтан, мультимедиалық жүйе – бұл ерекше түрде ұйымдастырылған ЭЕМ деп санау қате ұғым. Мультимедиалық жүйе – бұл құрамдық бөлігі қолданушы болып табылатын адам-машиналық жүйе.
Осындай жүйенің көмегімен келесі мақсаттарға жетуге болады:

  • қандай да бір жұмыстың орындалуында адамның қызығушылығын арттыру;

  • адамға жұмыстың орындалуына жеңілдіктер жасау;

  • адамға арналған қарапайым жұмыстың орындалуына жаңа мүмкіндіктер беру;

ЭЕМ саудасының кеңеюі, көбінесе мультимедиа жүйесінің құрылуына міндетті, олардың негіздерінде қолданушының достық қарым-қатынасы дами бастады. Дәлірек айтқанда, адамның ЭЕМ-мен қарым-қатынасы емес, екі адамның өзара қарым-қатынасы, яғни қолданушы мен бағдарламашының қарым-қатынасы. Бағдарламашы өзінің бағдарламасын құруда, сол бағдарламаға бар өзінің психологиялық қырларын салады және оны өзі сезбейді. Дәл осындай мағынада «адам-машина қатынасы» термині қолданылады.
Осылайша,ақпараттық жүйені жасау үшін міндетті түрде 3 нәтижеге жету керек:
-ол қызықтыруы тиіс;
-бұл қызығушылықтың ұзақ болуы;
-бұл жүйеге қайтып оралатындай қызығушылық тудыру;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет