Қызығушылықтың тұрақты болуына мағына арқылы қол жеткізуге болады, негізгі тасушылары – мәтін, графика, дыбыс, анимация. Ал жүйеге қайта айналып келу үшін бұл жүйені қажетті, жаңа, пайдалы ақпараттармен қамтамасыз ету керек.
Бағдарламаға салынған психологиялық тілдесу маңызды роль атқарады, сол арқылы бағдарламашы өз өніміне қатынау орнатады. Адамдарға әртүрлі психологиялық әсер етуге болады, яғни, әртүрлі ақпарат түрлерінің көмегімен. Мысалы, дәрістерде студенттер ақпараттың 70% қабылдайды, кітап оқығанда шамамен 70%, ал егер бұл екеуін біріктіретін болсақ, яғни әртүрлі ақпараттың бірігуінен 70% артық ақпарат қабылдайды екен.
Сонымен, мультимедиа – бұл адамның психологиялық күйіне, ақпарат қабылдау қабілеттілігіне, жұмыс істеу қабілеттілігіне әсер ететін мәтін, дыбыс, графикалық бейнелер және анимацияларды компьютерлік жүйеге біріктіретін ақпараттық технология.
Мультимедиалық жүйенің негізгі ерекшеліктері болып табылады:
1) Бір бағдарламалық өнімде әртүрлі ақпарат түрлерінің бірігуі (интеграциясы);
2) ЭЕМ құрамындағы енгізу-шығару және әртүрлі ақпаратты өңдеу құрылғыларының өзгешелігі;
3) Ақпараттың динамикалық түрін қолдануға байланысты, мультимедиалық жүйенің ауқымды уақыт ішіндегі қызметі;
4) Адамның ЭЕМ-мен қарым-қатынасының жаңа деңгейінің пайда болуы. Соның арқасында адамның ақпаратты қабылдау деңгейі көтерілуде.
Мультимедиалық жүйенің пайда болуына байланысты, адам үшін жаңа ақпарат көздері пайда болды: электрондық оқулықтар, музейлік және туристік сілтемелер, оқыту жүйелері, консультация және диагностикалық жүйелер, жарнама роликтері, бейне-клиптар, әртүрлі презентациялар.
Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезеңінде ақпараттар ағынынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, екшеп пайдалана білуі – бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Бұл, әсіресе, өскелең ұрпақтың санасын сан алуан ақпараттармен улап, ой-өрісінің дамуын дүбара күйде қалдырмаудың басты шарттарының бірі. Осыдан келіп туындайтын мәселелердің бірі – жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беретін орта мектепте, колледжде, жоғары оқу орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру; оқытудың жаңа технологияларын іздестіру; оқушыны, студентті ақпаратты талдай білуге, ақпараттық, мультимедиалық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету.
Мультимедиалық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедиа статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады.
«Мультимедиа» термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, «көпорталы» деген мағына береді, яғни көп көлемдегі ақпарат түрлерін қолдану.
Мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектерді саралай келе мультимедиа терминіне « ақпараттық орта » деген мағына беруге болады. Ал, «ақпараттық орта» түсінігін белгілі бір ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған үрдіс деп қабылдауымызға болады.
Зерттеуші ғалымдар мультимедиаға мынадай анықтамалар береді:
Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология ( D. Little ).
Мультимедиа – екі не одан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру ( D.H.Jonassen ).
Мультимедиа - әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің ақпараттық және бағдарламалық құралдар кешені (И.И.Косенко).
И.Вернердің пікірі бойынша мультимедиа – «графика, гипермәтін, дыбыс, анимация, бейнемәліметтерді пайдалануға мүмкіндік туғызатын ақпараттық және бағдарламалық құралдар кешені».
Осы орайда, мультимедиаға және оған қатысты ұғымдарға анықтама бере кетейін.
Мультимедиа – компьютерлік графикамен, суреттермен, қозғалыстағы бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтіндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін интерактивті жүйе.
Мультимедиалық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, ұсыну әрекеттерін аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Білім берудегі мультимедиа – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал.
Мультимедианың бағдарламалық құралдары – интерактивті режимде әртүрлі типті ақпараттарды дайындау, өңдеу, ұсыну, біріктіру секілді іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін компьютердің бағдарламалық жабдықтары. Мультимедиялық бағдарламалардың негізгі атқаратын функцияларының бірі – басқаруды қамтамасыз ету. Яғни, қажетті ақпаратқа еш кедергісіз ауысу мүмкіндігінің болуы.
Мультимедиялық өнімдер – мультимедиялық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған ақпарат.
Көптеген шет елдік зерттеушілер «мультимедиа» және «гипермедиа» ұғымдарын бір мағынада қарастырады. Мысалы, I.Brown «гипермедиа мультимедианың сызықтық емес түрде ұсынылған жиынтығы» деген пікір айтады. Негізінде, мультимедиа пайдаланушыға әртүрлі типті ақпараттарды біріктіріп ұсыну технологиясы, ал, гипермедиа – пайдаланушының түрліше типті ақпараттардың бірінен екіншісіне оңай ауысуын жүзеге асыру технологиясы. Мультимедиалық ақпарат түрлерін (мәтін, графика, анимация, дыбыс, бейнеақпарат т.б) өзара байланыстыру нәтижесінде гипермедиа технологиясы пайда болды.
Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқыту әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал, мультимедиалық интерактивті оқыту бағдарламалары көмегімен берілген материалдың 75%-ы есте сақталады екен. Америка ғалымдары Флетчер, Макнейл, Нельсон, дәстүрлі оқыту әдісі мен мультимедиалық технологиямен оқытуға салыстыру анализін жүргізген. Жеке ойларын қорыта, ортақ бір шешімге келген: мультимедиалық технология дәстүрлі оқыту әдісінен анағұрлым тиімді.
Мультимедиалық технологиялар мен дәстүрлі оқыту әдістерін оқытуда пайдалану арасындағы айырмашылықты М.Кирмайэрдің келтірген диаграммасынан (диаграмма 1) көруге болады[5,38б].
Диаграмма 2.1 – Мультимедианың оқытудағы тиімділігінің көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: |