электрондық ОҚУ ҚҰралына қойылатын талаптар 1 Жалпы мағлұмат 5


Эксперимент жасаудың күрделілігі



бет9/16
Дата02.06.2023
өлшемі1,56 Mb.
#98090
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Дипломная работа

3

Эксперимент жасаудың күрделілігі

Зертханалық аудиторияларда өткізуге мүмкін емес тәжірибелерді демонстрациялау

Зертханалардағы құрал-жабдықтардың жеткіліксіз мәселесін біршама шешу

4

Құбылыстар мен процестердің механизмін оқыту

Құбылыстарды, процестерді модельдеу, динамикада көрсету

Құбылыстар мен процестердің табиғатын ашып көрсету

5

Тез немесе жай өтетін процестерді оқыту

Проекциялық құрылғылар көмегімен табиғаттағы процестердің жүруін бақылау

Құбылыстар мен процестерді оқыту кезінде уақытты тиімді пайдалану

6

Обьектінің көрінбейтін бөлігінде

Коммуникациялық құрылғылар, WEB-камералар мүмкіндіктерін пайдалану.

Бақылау кеңістігінің шекарасын үлкейту

7

Негізгі заңдылықтар мен құбылыстарды техникада қолданудың көпсалалығы

Табиғаттағы заңдылықтардың техникада қолданылу аясымен танысу

Заңдылықтардың қолданбалы сипатын, ғылым мен техника жетістіктерін бейне- материалдармен түсіндіру

Мультимедиа интернет-технологияның да дамуына тікелей әсер етіп отыр. Интернетте бейнеконференциялар ұйымдастыруда дыбыстық және бейнелік хабардың сапасын төмендетпей ұсыну, байланысқа түскен адамның бет-бейнесін компьютер мониторынан көріп отыру мультимедианың жемісі. Мультимедиалық технологиалардың көмегімен бүгінгі таңда кез келген адам өзі жөніндегі мәліметтерді, фотосуреттерді, тіпті, өз дауысын интернет желісіне шығаруға мүмкіндік алып отыр.
Оқыту процесінде мультимедианы пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың мотивациялық аспектілері, оқытудың коммуникациялық аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері. Атап көрсетілген аспектілер негізінде мультимедиалық технологиялардың оқыту процесіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі 1- суретте бейнеленген.


Сурет 2.1 - мультимедиалық технологиялардың оқыту процесіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі


Мультимедиалық технологияларды белгілі бір оқыту жүйесінің мазмұны мен әдістеріне негізделген жағдайда пайдалану тиімді. Мультимедиалық технологиялар мен оқыту әдістерінің өзара байланысы біркелкі болмайды, яғни, бір мультимедиалық құрал бірнеше оқыту әдістерін қамтыса, ал керісінше, бір оқыту әдісінде бірнеше мультимедиалық технологиялар кешені пайдаланылуы мүмкін. Қазіргі заманғы мультимедиалық технологиялар құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсетуді және оқу ақпаратының көлемін белгілі бір реттілікпен беріп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқыту әдістерін талап етеді.
Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің модельі 2.2-суретте ұсынылған.


Сурет 2.2 - Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің моделі


Мультимедиалық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен қолдануға итермелейді.


Жаңа мультимедиалық технологияларға байланысты компьютерлік бағдарламаларды да көрнекі материал ретінде қолданып, тесттер және бақылау жұмыстарын өткізіп, шығармашылықты дамытатын есептер шығарып, қашықтан оқыту сабақтарына қатысып, бұрынғы қалыптағы тәсілмен қоса компьютерде де жұмыс істеуді қатар атқарып, әрбір балаға бағытталған ойын сабақтарын, т.с.с жасау мүмкін болып отыр.
Интерактивті негіздегі мультимедиалық технологиялар интернет желісі және CD-курстар арқылы ауыл мектептерінің «оқшау қалып қою» мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Мультимедианы білім беруде және оқытуда қолданудың жалпы білім үшін және өздік білім үшін де, сондай-ақ, бизнес және маманның әуесқойлық дамуы үшін де болашағы зор.
Мультимедиалық технологияларды пайдаланып оқыту, атап айтқанда, мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
-оқу материалын терең түсінуге;
-оқу мотивациясының артуына;
-алынған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
-білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т.б.
Мультимедиалық технологияларды қазіргі білім беру саласында дер кезінде игеру және тиімді пайдалану өз дәрежесінде жүргізілмеуде. Мұның себептері: 1) мультимедиалық технологияларды педагогикалық іс-әрекет ретінде тиімді пайдалана алатын мұғалімдердің аз болуы; 2) оқу орындарының материалдық-техникалық базасын үнемі жаңа технологиялармен жабдықтап отыру қажеттілігінің ескерілмеуі; 3) оқу-әдістемелік жұмыстардың жаңаша сипатта жүргізілмеуі т.б жағдайлар себеп болып отыр.
Аталған мәселелерге жекелей тоқталатын болсақ, біріншіден, мультимедиалық технологиялардың орасан зор потенциалдық мүмкіндіктері мен оны өз дәрежесінде пайдалана алатын мұғалімдердің аз болуы арасында шешімін күтіп тұрған мәселелер жетерлік. Себебі, елімізде 2005-2007 жылдарда 6230-ға жуық мектептер (жалпы мектептің 80%-ға жуығы) мультимедиа кабинеттерімен жабдықталады деп жоспарланған. Ал, қазіргі таңда жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарына жүргізілетін «Оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар» (НИТО) курсының бағдарламасында тек компьютерді оқытуға ғана мән берілген, мультимедиа технологиясы ескерілмеген. Бұл, жоғарғы оқу орнын бітірген маман мультимедиалық технологияларды өз дәрежесінде пайдалана алмайтындығын аңғартады.
Екіншіден, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңа технологиялармен толықтырып ,жаңартып отыру қажеттілігінің ескерілмеуінен орта мектептердің көпшілігіндегі компьютерлердің техникалық мүмкіндігі жаңа бағдарламалық жабдықтармен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ете алмауда. Мұнымен қатар, 2005 жылдың соңына қарай республикадағы мектептердің 75%-ы интернет желісіне қосылады деп жоспарланған. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру және білім беруде ақпараттвқ-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру үшін орта мектептерде компьютерлік технологияларды жаңартып иотырудың, мультимедиалық технологиялармен жабдықтаудың қажеттілігі байқалып отыр.
Үшіншіден, оқу-әдістемелік жұмыстарды жандандыруды, жаңаша сипатта ұйымдастыруды білім беруді ақпараттандыру бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет. Елімізде орта мектептерді ақпаратты-коммуникациялық тұрғыдан жабдықтау мақсаты іске асырылып келе жатқанымен, сол мақсат-мүдденің қандай қажеттіліктен туындағанына мән берілмей келеді. Атап айтқанда, орта мектептерді интернет желісіне қосу міндеттері біртіндеп жүзеге асуда, бірақ, сол әлемдік желі арқылы мультимедиалық технологияларды, интерактивті бағдарламаларды тиімді пайдаланып, оқытуды жаңаша формада жүргізу жолға қойылмаған.
Еліміздегі орта мектептерде, колледждерде, университеттерде мультимедиалық технологиялар оқыту процесінде ішінара пайдаланыла бастады. Бірақ, қазіргі таңда жоғары оқу орындарындағы « Оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар » ( НИТО ) пәнінің типтік оқу бағдарламасында мультимедиалық технологиялар қарастырылмаған.
Білім беруде мультимедиалық технологиаларды тиімді пайдалана алуы үшін болашақ мамандар мынадай білімдерді меңгеруі қажет:
-пәндік, пәнаралық, арнаулы курстарды жүргізуде мультимедиалық технологияларды қай жерде, қандай мақсатта және қалай пайдалануы керектігін білуі;
-мультимедианы әртүрлі оқыту модельдеріне ( сызықтық, сызықтық емес, ізденушілік, аралас т.б.) сәйкесті қолдана білуі;
-оқыту құралдарының жүйесін құру;
-мультимедиалық технологияларды пайдаланудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкесті іс-әрекет мазмұнын таңдау[7,45б].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет