Электростатика


Контактылық потенциалдар айырымы. Вольта заңы



бет25/59
Дата27.05.2022
өлшемі9,11 Mb.
#35786
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Контактылық потенциалдар айырымы. Вольта заңы. Көлеміндегі электрондарының шоғырлануы n0 бірдей әр түрлі екі металдың электрондарының бөлініп шығу жұмыстары мен бірдей емес. Сондықтан да термоэлектрондық эмиссияға байланысты болатын электрондардың металдардан тысқары шоғырлануы да әр түрлі болады:
, .
Металдарды түйістірген кезде электрондардың бөлініп шығу жұмысы үлкен болатын металдарға электрондар диффузияланады. Осының нәтижесінде жанасу аймағында

өрнегімен анықталатын потенциалдар айырымы пайда болады:
. (12)
Осы формуламен бөлме температурасындай температурада анықталған -дің мәні 10-210-13 В аралығында болады. Әр түрлі металдардан жалғастырылған тұйық тізбекті қарастырайық (3-сурет) (12) өрнегіне сәйкес
.
Осы соңғы өрнектен тұйық тізбектегі ішкі контактылық потенциалдар айырымының нөлге тең болатыны шығады. Егер тізбек тұйықталмаған болса, онда мынау өрнек шығады:
(13)
(13) –өрнегінен потенциалдар айырымы шеткі металдардың қасиеттеріне ғана байланысты болып, олардың аралығында орналасқан бірінші текті өткізгіштердің қасиеттеріне тәуелсіз болатыны байқалады. Бұл-Вольта заңы.

3-сурет 4-сурет


Термоэлектрлік құбылыстар. Зеебек, Пельте, және Томсон эффектілері, олардың іс жүзіндегі құндылығы
1) Зеебек 1821 жылы тұйық тізбек құрайтын әр текті 1 және 2 дене керілген екі металды екі түрлі Т1 және Т2 температурада ұстаған жағдайда (4-сурет) осы тізбекте термоэлектр қозғаушы күшінің шамасы температуралар айырымына пропорционал болып шыққан:
(14)
Зеебек құбылысы температуралар айырымын өлшеу үшін қолданылады. Мұндай қондырғы термопара деп аталады. Ол үшін термопара дәнекерінің бірін тұрақты температурада ұстап (мысалы, 00 С-та), екіншісі температурасы өлшенетін ортаға орналастырылады.
2)Пельтье құбылысында әр текті металдардан немесе жартылай өткізгіштерден тұратын тізбек арқылы ток өткенде, әдеттегі Джоуль — Ленц жылуына қосымша жылу мөлшері не бөлініп шығады, не жұтылады. 3)Томсон құбылысында бойында температура градиенті бар біртекті өткізгіштен ток өткенде онда бөлінетін (немесе жұтылатын) жылу қуаты мынаған тең:
(15)
мұндағы - берілген орындағы температура градиенті, j — ток тығыздығы, τ — Томсон коэффициенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет