Электростатика



бет30/59
Дата27.05.2022
өлшемі9,11 Mb.
#35786
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
Бақылау сұрақтары



  1. Электрлік диссоциация дегеніміз не?

  2. Электролиттердің өткізгіштігінің өрнегін жазыңдар.

  3. Электролиттер үшін Ом заңы өрнегін жазыңдар.

  4. Электролиз дегеніміз не?

  5. Фарадей заңдарын түсіндіріңдер.

  6. Электролиздің техникада қолданылуын айтыңдар.

8 Лекция. ГАЗДАРДАҒЫ ЭЛЕКТР ТОГЫ





  1. Газдардағы электр тогы. Газдардың ионизациялануы және рекомбинациялануы. Газдардағы токтың табиғаты. Газдағы разрядтың вольт-амперлік сипаттамасы. Газдағы тәуелді разряд

  2. Газдағы тәуелсіз разряд түрлері. Солғын разряд. Ұшқынды разряд. Тәжді разряд. Доғалық разряд

  3. Плазма туралы түсінік

Ионизатор әсерінен (қатты қызу, қатаң сәуле шығару, бөлшектер ағыны) газдың бейтарап молекулалары оң иондар мен еркін электрондарға жіктеледі және бейтарап молекулалар мен еркін электрондар бірігіп теріс ион түзеді, яғни газ ионизациясы жүреді. Рекомбинация деп ионизацияға кері прцесті атайды: оң таңбалы және теріс таңбалы иондар, оң иондар және электрондар кездесіп, өзара қайта бірігіп, бейтарап атомдар және молекулалар құрады. Газдардың электр тогын өткізуін газдық разряд деп аталады. Тек сыртқы ионизаторлардың әсерінен болатын разряд тәуелді газдық разряд деп аталады. Сыртқы ионизатордың әсері тоқталғаннан кейін сақталатын газдағы разряд тәуелсіз газдық разряд деп аталады.


Ионизатордың интенсивтілігі бойынша тұрақты, үздіксіз әсерінде болатын тізбектің газдық аралығын (1-сурет) қарастырайық.. Ионизатордың әсерінің нәтижесінде газда электр

1-сурет



өткізгіштік пайда болып, тізбекпен ток жүреді, оның түсірілген кернеуге тәуелділігі (вольт- амперлік сипаттамасы) 2-суретте көрсетілген. ОА бөлігінде Ом заңы орындалады. Содан кейін (АВ бөлігі) ток күшінің артуы төмендейді (ВС бөлігінде) толығымен тоқтайды. Бұл жағдайда сыртқы ионизатордың жасайтын электрондар мен иондар саны, (электродтарда, бейтараптанады), электродқа жететін иондар мен электрондар санына тең. ВС бөлігіне тәуелді разряд сәйкес келеді. Тәуелді разряд сәйкес келетін Iкан ток, қанығу тогы деп аталады және оның шамасы ионизатор қуатымен анықталады. Электр өрісі арқылы үдетілген алғашқы электрондар кернеу артқанда олар газ молекулаларын екпінді ионизациалайды, соның нәтижесінде екінші реттік электрондар және иондар пайда болады. Электронның және иондардың жалпы саны анодқа жақындағанда тасқын тәрізді өседі. Бұл СD бөлігіндегі токтың артуының себебі болады. Бұл сипатталған процесс екпінді иондалу деп аталады.
Ақырында газдық аралықта елеулі кернеуде электродтар арасындағы электр өрісімен үдетілген оң иондар газ молекуласын ионизациалауға жеткілікті энергия алып иондық тасқын тудырады. Электрондық тасқыннан басқа иондық тасқын (лавина)пайда болғанда кернеу өспей-ақ іс жүзінде токтың артуы байқалады (DЕ бөлігі). Электрон мен иондардың қарқынды тасқын тәрізді көбею тәуелсіз разрядқа әкеледі, яғни сыртқы ионизатордың әсері тоқтағаннан кейін де разряд сақталады. Тәуелсіз разряд пайда болатын кернеу тесіп өту кернеуі деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет