Контурдағы еріксіз тербелістер. Резонанс. Егер қарастырған тербелмелі контурдың элементтеріне айнымалы э. қ. к-ін қосатын болсақ, немесе айнымалы кернеу U берсек, онда контурда еріксіз электромагниттік тербеліс пайда болады. Тербелмелі жүйеге беретін сыртқы кернеу U уақытқа байланысты синусоидалы заңдылық бойынша өзгерсін, яғни
. (14)
Енді еріксіз тербелістің дифференцилдық теңдеуін табу үшін, тұйық тізбекке арналған Кирхгофтың екінші ережесін мына түрде жазамыз:
. (15)
немесе
,
мұндағы токты заряд арқылы өрнектеп және (6) пен (11) белгілеулерді қолдансақ, онда бұл формула мына түрге келеді
(16)
Осы өрнек ерiксiз электромагниттiк тербелiстiң дифференциалдьқ теңдеуi деп аталады.
Бұл теңдеудiң шешуi
. (17)
Тербелiстегі зарядтың амплитудасы және заряд пен кернеудің арасындағы фазаларының айырымы мынадай болады:
,
. (18)
q зарядты С сыйымдылыққа бөліп кондесатордағы кернеуді аламыз
мұндағы
. (19)
(17) функцияны t бойынша дифференциалдап, контурдағы орныққан токты табамыз
(20)
Ток күшінің амплитудасы мынаған тең
(21)
(20) өрнекке белгілеуін енгізіп, біз ток күші мен сыртқы кернеудің арасындағы фазалар айырымын табамыз
Егер R=сопst болса, ток амплитудасы өзiнiң максимал мәнiне жетедi, яғни
; . (22)
Сөйтiп, шартының орындалуы, яғни сыртқы кернеу жиiлiгi мен контурдың меншiктi тербелiс жиiлiгi өзара тең болса, онда мұндай құбылысты электрлiк резонанс деп атайды. 2-суретте ток күшi үшiн тербелiс жиiлiгiмен байланысты резонанстық қисықтар кескiнделген.
2-сурет
Айнымалы электр қозғаушы күшін өндіру.Өткізгіш орамын магнит өрісінде айналдыру арқылы айнымалы ток алуға арналған қарапайым тәжірибені қарастырайық.. Магниттің немесе электромагниттің полюстері аралығында , тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналатын рама орналассын. Кез келген уақыт мезетіндегі рама орамның ауданын тесіп өтетін магнит ағыны мынаған тең, яғни
Өткізгіш орамы магнит өрісін қиып өткен кезде айнымалы э.қ.к. пайда болады
(23)
Мұндағы
(24)
өрнегі айнымалы э.қ.к.-нің амплитудалық мәні.