Әлем дамуының жаңа ұстанымдары нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе, бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие



бет11/13
Дата25.04.2023
өлшемі73,75 Kb.
#86669
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Жоспарға қойылатын негізгі талаптар. Сынып жетекшісінің жоспары пәрменді документ болуы, сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға жәрдемдесуі үшін ол педагогикалық талаптарға жауап беруі керек. Мектептердің тәрбие жұмысын жоспар жөніндегі тәрбиесін талдаудың негізінде жоспарға мынадай талаптар қоюға болады:
Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін ол мектеп оқушыларына тәрбие берудегі нысаналылық, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы керек. Барлық жекелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге, оқушыларды жан-жақты дамытуға, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек.
Ең алдымен, жоспар мазмұнының идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек. Онда қоғамдық пайдалы істер басты орын алуы тиіс. Кейбір сынып жетекшілерінде көңіл көтерушілік шараларға көбірек назар аударушылық тенденциясы байқалады. Жоспарларда ән-би кештері, «Көгілдір от» т.с.с. көп орын алады. Тәрбие жұмысының жоспарларында, әсіресе жоғары сыныптарда, идеялық-саяси тәрбиеге байланысты қоғамдық пайдалы істер мен шаралар көбірек болуына тырысу қажет.
Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әр түрлі болуы. Кейбір сыныптарда тәрбиенің бірден-бір әмбебап формасы сынып жиналыстары, ал жеке тәрбиенің негізгі әдісі – артта қалушы және тәртіп бұзушы оқушылармен әңгіме өткізу ғана болып жүр. Ал алдыңғы қатарлы сынып жетекшілері тәрбие жұмысының формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы да қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар, оқушылардың қызығулары мен бейімділіктерін ескере отырып топтық та, сондай-ақ, жеке-даралық та жұмыстарды қарастыру қажет.
Жалпы мектептік жоспар әдетте педагогикалық мәжілісінде бекітіледі. Сондықтан сынып жетекшісі өзінің жоспарына жалпы мектептік жоспарлардағы өз сыныбына арнап қарастырылған шараларды ендіре алады.
Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Жоспарда белгіленген тәрбие шаралары – біртұтас процестің жеке буындары тәрізді. Әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істеген жұмыстың нәтижелерін баянды ету мүмкін емес. Оқушылар бұрын ие болған бағалы дағдыларын ұмытып қалуы мүмкін. Сонымен қатар, тәрбиенің бір ғана формасын қайталап пайдалана беру оқушылардың ықыласы мен белсенділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Бірінші, екінші және үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы және көктемгі демалыс кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жоспарларында жазғы еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы оқушыларды тәрбиелеу ісінде үзіліс болмауы керек. Бірақ демалыс кездерінде тәрбие жұмысы демалыспен ұштастырыла жүргізіледі. Сыныптан тыс оқу, экскурсия және туризм, кино көру, спорттық жұмыс және т.б. сияқты тәрбие жұмыстарының формалары демалыс кезінде де кеңінен қолданылады.
Жазғы демалыс кезінде тәрбие жұмыстарының орталығы еңбек пен демалыс лагерлерінде құрылған ұйымдарына көшіріледі. Әрине, бұл жұмысты жоспарлағанда мектеп оқушыларының ынта-ықыласы ескеріліп отырылады.
Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындай алмайтын міндет қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі сынып ұжымының мүмкіндігіне сай болуы қажет. Ананы да, мынаны да қамтимын деп тым көп шаралар белгілеуге болмайды. Бірнеше ғана нақтылы міндеттер ғана белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналармен әр түрлі, терең мағыналы және жан-жақты жұмыстар жүргізген дұрыс. Мәселен, 3-4 сыныптардың сынып жетекшілерінің бірі, бірінші тоқсанның жоспарында оқушыларды достыққа және жолдастыққа тәрбиелеу деген міндет белгілеген. Осыған байланысты ол жоспарға бірнеше қоғамдық пайдалы істер, экскурсиялар мен ұжымдық саяхаттар өткізу, достық пен жолдастыққа, оқуда көмек ұйымдастыруға арналған сыныптың қабырға газетін шығару мәселелерін енгізген. Ол, сонымен қатар, көркем өнерпаздар кештерін, «Достық пен жолдастық туралы» тақырыпқа арналған ата-аналар жиналыстарын дайындап, өткізуді белгілеген. Бұл сияқты белгілі мақсатқа бағытталған жұмыстар сынып ұжымында достық пен жолдастық қатынастарды дамытуға әсер етеді.
Жұмысты келісіп жоспарлау. Сыныптағы тәрбие жұмыстарын жоспарламастан бұрын жалпы мектептік жоспармен танысқан жөн, өйткені онда мектептің тәрбие жұмыстарының міндеттері және жалпы мектептік шаралар көрсетіледі.
Жоспар жасағанда мектеп оқушыларының ұсыныстары мен тілектерін ескеру қажет. Сынып ұжымының ісіне байланысты жоспарды сынып жиналысында талқылаған жақсы. Сонда сынып жетекшісінің жоспары бүкіл оқушылар ұжымының жұмыс жоспарына айналады. Жоспарды сол сыныпта беретін мұғалімдермен келісіп алудың да үлкен мәні бар. Себебі олардың кейбірі сол жоспарды орындауға қатысуы мүмкін. Әдебиет пәнінің мұғалімі әдетте оқырмандар конференциясын немесе әдеби диспут өткізуге қатысады. Физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері ғылым мен техникаға арналған кештер өткізуге, кәсіпорындарға экскурция ұйымдастыруға қатысады.
Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтпастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі.
Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар – ұжымның ұйытқысы.
Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса, сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыру да соғұрлым жеңіл болады.
Оқу-тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын айқындайды, өзін-өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады.
Оқушылардың санасы мен белсенділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жауапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады.
Оқу-тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл- кеңес беріп отырады.
Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін- өзі тәрбиелеуі маңызды. Өзін- өзі тәрбиелеу – баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесінен өзін-өзі дербес басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін өзгермелі, үздіксіз, сапалы процесс.
Бүгінде оқушылардың өзін-өзі басқаруды дамытуда белсенділерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне еркін араластыруына, әрбір оқушының әлеуметтану процесіне қатысуына жағдай туғызу керек. Әрине, негізгісі оларды осындай етіп міндетті түрде тәрбиелеу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет