Әлем флорасы мен фаунасы пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет14/15
Дата06.06.2023
өлшемі83,87 Kb.
#99250
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Склерофиттер - кішкентай, кей кезде түтікше ретінде кездесетін, жапырақтары бар құрғақ өсімдіктер. Склеренхиманың жақсы дамуымен байланысты склерофиттер 25% ылғалдыққа дейін жоғалта алады. Судың жетіспеушілігінде транспирация мөлшерін күрт төмендетеді. 
Аталмыш өсімдіктердің топтарынан басқа, көптеген өтпелі топтарды бөледі. 
72. Суккуленттер. Олардың ерекшелігі, маңызы
Ксерофиттер суккулент және склерофитболып екіге бөлінеді.
Суккуленттер - су жинақтайтын паренихимасы жақсы дамыған шырынды өсімдіктер. Олар Орталық Азия және Оңтүстік африка территорияларында кездеседі.
Суккуленттердің жапырақтары , олардың редукциясы кезінде, сабағы қалың кутикулаға, балауызды қабатқа иде болады. Өсчімдіктің іш жағында орналасқан леп тесіктер ылғалдық сақтайды. Олар күндіз жабық болғандықтан өсімдікегі транспирация мөлшерін азайтады. Суккуленттерге кактум, алоэ, агава, аспарагус секілді өсімдіктер жатады.
Суккуленттер — сабақтары жуан да етті және жапырағында мол су қоры бар, әр түрлі тұқымдас өсімдіктер тобы. Жапырақта жиналған су қорын өсімдік қуаңшылық кезеңде пайдаланады. Суккуленттер шөлдер мен шөлейттерде тараған. Мысалы, кактустар, сүттігендер және тағы басқалары.

73. Австралияның фаунасының пайда болуы және ондағы кездесетін қалталы жануарлардың түрлері мен жойылу себептері


Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен ұқсас болып келеді. Бірақ зоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеден бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін эндемикөсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің 75% – ы, ал жануарлардың 90% – ы тек қана Аустралияға тән. Материкте жергілікті жыртқыштар жоқ. Сонымен қатар гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер де бар.
Аустралияда материктің жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдердің үлесі өте көп, керісінше орман басқа материктермен салыстырғанда аз алқапты қамтиды.
Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл және шөлейт зонасы алып жатыр. Бұл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын – шашын мөлшері 200 – 250 мм – ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан, булану мөлшері жоғары болады. Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі таралған. Кристалды жыныстардан құралған қалдық тауларды тасты шөлдер, ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер, қалған бөлікті құмды шөлдер алып жатыр.
Бойында ылғал мөлшері көбірек сақталатын құмды өңірде астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер мен ксерофиттер өседі. Ал материктің ішкі аудандарында өсетін тікенекті акация мен аласа эвкалипттерден құралған қалың ну бұталар мәңгі жасыл скрэб деп аталады. Зонаның солтүстік – шығысында бөтелке ағашы өседі. Ал 1841 жылы саяхатшы Джон Эйр оңтүстік жағалаудағы шөлді Налларбор деп атаған. Латын тілінен аударғанда бұл атау «ағашсыз» деген мағынаны білдіреді және жазықтың ормансыз сипатын дәл бейнелейді. Налларборда «көгілдір бұталар» деп аталатын құрғақшылыққа төзімді, бойына ылғал жинайтын суккулентті өсімдіктер өседі. Бұл жазықта әктасты жыныстардың кеңінен таралуына байланысты үңгірлер мен оларды байланыстыратын жер асты өзендері көп.
Материктің оңтүстік – батысындағы жерорта теңіздік климат байқалатын кішігірім бөлікте діңі ауыр, термиттердің әрекетіне төзімді маргината эвкалипттерінентұратын қатты жапырақты ормандар таралған. Ал «Аустралияның өлі жүрегі»деп аталатын Эйр көлінің айналасында жылдық жауын – шашын мөлшері 100 мм – ге дейін төмендейді және бірнеше жыл бойы мүлде жаумауы да мүмкін. Мұнда «вилли – вилли» деп аталатын шаңды дауылдар мен құйындар жиі болып тұрады. Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен басты айырмашылығы – шұраттардың болмауы. Соған қарамастан олар тіршілікке біршама бай. Мұнда шөлге төзімді алып сүр кенгуру, вомбат, жабайы ит динго, эму түйеқұсы мекендейді.
Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мелшерінің артуына байланысты саванналар мен сирек ормандартаралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін бөліктерінде қызыл қоңыр топырақтыылғалды саванна таралған. Мұнда эвкалипт ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардын, орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым өседі. Саванналар мен сирек ормандарда жануарлар дүниесініңтүр құрамы мен саны артады. Ірі өзендер мен көлдердің бойында құстар мен ехидна,қолтырауындар, ал шығысқа қарай уйректұмсықтар кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет