Әлем флорасы мен фаунасы пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет4/15
Дата06.06.2023
өлшемі83,87 Kb.
#99250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Тіл

  • Бақылау

  • Өңдеу

    Фитогеографияөсімдік географиясы — өсімдіктердің жер бетіне таралуын зерттейтін ғылым; өсімдік түрлерінің және ірі жүйелік категориялардың (туыс, тұқымдас және т.б.) өткен дәуірлер мен қазіргі кездегі географиялық таралу заңдылықтарын зерттейтін ботаника мен физикалық географияның бөлімі.
    Өсімдіктер географиясының негізгі объектісіне жеке түрлердің ареалдары, сондай-ақ жердің әр түрлі аудандарының флорасы жатады. Флораның және оның жеке элементтерінің генезисін анықтау, сондай-ақ флораны аудандау — өсімдіктер географиясының маңызды міндеттері. Өсімдіктер географиясы ғылым ретінде XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасты.[1]
    Өсімдіктердің таралуы көптеген жағдайларға байланысты. Бұл жағдайларға: жердің өткен геологиялық дәуірі, климаты, жер бетінің құрылымы, жануарлар мен адамдардың әрекеті жатады. Фитогеографияның міндеті — әрбір түрдің ареалын (орналасу ауданын), фитоценозын (өсімдіктер жиынтығын) зерттеп, білу.
    Қазіргі фитогеография жер бетін әрқайсысының өзіне тән өсімдік жамылғысының құрамы бар алты облысқа бөледі. Олар —голарктика, палеотропик, неотропик, австралия, кап және антрактида облыстары
    7. Ареал. Ареалдың типтері
    Ареал — (лат. area – алаң, кеңістік) – өсімдіктер мен жануарлар түрінің, туысының, тұқымдасының құрлықта не судағы таралған аймағы; берілген таксон таралып және оның дамуынын толық циклі өтетеін жердің немесе теңіздің беті (түр, топ, қатар және т.б.). Ареал онда ағзалар соның бойымен немесе бірқалыпты орналасса ол тұтас болады, егер ағзалардың таралуы екі немесе бірнеше бір-бірінен оқшауланған аймақтармен шектелсе онда бөлінген болады. Ареалдар космополитті олар жер шарының көптеген аумағын алып жатыр. Өсімдіктердің эндемикалық түрлері осыларға қарама кайшы келетін жіңішке ареалдар бөледі; жер бетінде қандай да бір табиғи құбылыстың (жануарлар, өсімдіктер, пайдалы қазбалар түрлері және тағы да басқалары) таралған атырабы[1]; физикалық және қоғамдық географияда қолданылатын ұғым. Мысалы, биогеографияда Ареал — тірі организм топтарының (түрдің, туыстың және тағы да басқалары), экономикалық географияда — әр ауыл шаруашылығы да немесе өнеркәсіп саласының таралған атырабы және тағы да басқалары.[
    Ареалдың мынадай түрлері бар: бастапқы Ареал – бір түрдің ең алғаш ерекше қалыптасқан аймағы. Бұл түрдің дәуірлеп, жаңа аймақтарда таралуы арқасында ол кеңейеді, ал азайып, жойылуы нәтижесінде тарылады; тұтас Ареал – бір түрдің тіршілік етуіне қолайлы мекендерге таралуы; үзілмелі (дезъюнктивті) Ареал – өсімдіктердің тұқым алмасуы, ал жануарлардың қоныс аударуы арқылы бір-біріне қатынаса алмайтындай, шалғай орналасқан аймағы (мыс., көгілдір сауысқан Пиреней түбегінде де, Қиыр Шығыста да тіршілік етеді); реликті Ареал – ертеде кең таралған түрлердің кейін әр түрлі себептермен тіршілік ету аймағы тарылып, шағын аумақтарда сақталып қалуы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін жалғыз түр – гинко ағашының сақталуы); космополитті Ареал– кейбір өсімдіктер мен жануарлардың жер шарына жаппай таралуы (мыс., үй шыбыны, су егеуқұйрығы, т.б.); эндемикті Ареал – өсімдіктер мен жануарлардың шектеулі аймақтарды ғана мекендеуі [мыс., Жетісу аяқты балығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының 1800 – 2500 м биіктіктегі бұлақтарында ғана кездеседі]. Қазіргі кезде көптеген тіршілік иелерінің Ареалдары адамның әр түрлі әрекеттерінің (тың жерлерді егістікке айналдыру, ормандарды кесу, шөлді жерлерді суландыру, батпақтарды құрғату, т.б.) нәтижесінде өзгеріске ұшырауда. Нақтылы Ареалдың сипаттамасы картаға түсіру арқылы анықталады. Ареал карталары ғылыми, денсаулық сақтау, шаруашылық мақсатта кеңінен қолданылады.



    1. Космополит, эврихорлы, диаспора түсініктері



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет