Статистикалық бақылаудың әдіс-тәсілдері
Султанханов Нұрхан Темірханұлы 6В04101-Экономика білім беру бағдарламасы ЭК-120 жк тобы студенті ғылыми жетекшісі Алсеитова Р.С.
Резюме
В нашем обществе статистическая отчетность является основной формой статистического контроля.
Summary
In our society, statistical reporting is the main form of statistical control.
Қазіргі кезде статистика деген сөзді естімедім, білмедім деген адамдар сирек болар. Солай дей тұрсақ та, кейбіреулер «статистиканы» ешқандай маңызы жоқ, қаз-қатар сандар тізбесі деп түсінеді. Мұндай ұғымды ұстанушылар - көрсетілген сандық көрсеткіштердің неге керек екенін білмейтіндер, оның мағынасын жетік түсінбейтіндер және өзі өмір сүріп жатқан елінің жетістіктері мен кемшіліктерін саралай алмайтындар. Шын мәнінде статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. «Статистика» - латынның статус (status) деген сөзі - қазақшаға аударғанда заттың , нәрсенің, құбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің, негізінен, итальянның «stato» - мемлекет, statisto- мемлекеттің жағдайын жетік білу деген сөзі шығады. Қазіргі кезеңде «статистика» термині төмендегідей әртүрлі мағынада қолданылып жүр:
- статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;
- статистика – статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер;
- статистика – қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым. Статистика органдары бастапқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың негізгі екі жолын (формасын) қолданады. Оның біріншісі - есеп беру, екіншісі - арнайы ұйымдастырылған бақылау.
Біздің қоғамымызда статистикалық есеп беру статистикалық бақылаудың негізгі формасы болып саналады. Себебі, бастапқы мәліметтердің көпшілігі бухгалтерлік есеп беру формалары арқылы жиналады. Демек, есеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, ұжымшарлар мен кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары, туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті орындарға тапсырып отыруды айтамыз.
Есеп беру формаларындағы мәліметтердің келіп түсуіне, жеткізілуіне қарай почталық және телеграфтың болып екіге бөлінеді. Негізгі, мәліметтер құжат түрінде почта арқылы жеткізіледі, ал телеграф, телетайп, телефон арқылы тек шұғыл көрсеткіштер ғана беріледі де, соңынан құжаттармен куәландырылады.
Әрбір есеп беру формаларында төмендегідей реквизиттер міндеті түрде көрсетілуі қажет:
1) есеп беру формасының мазмұнын толық көрсететін аты;
2) Статистика агенттігінің бекіткен уақыт мерзімі және нөмірі;
3) мәліметтердің есепке алынған уақыт мерзімі, кезеңі;
4) есеп берудің кесімді уақыты;
5) есеп беру формасы жіберілетін мекеменің аты, мекен-жайы;
6) есеп беру формасын жіберген мекеменің аты, мекен-жайы;
7) мекеме, кәсіпорын және шаруашылық бағынатын министрліктің аты;
8) есеп беру формаларында көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығына, нақтылығына жауап беретін адамдардың қолдары мен аты-жөндері толық көрсетілуі керек.
Қазіргі кезде, республикамыздың егемендігі өз қолына тигеннен бастап статистика органдарының алдарына үлкен міндеттер қойылуда. Яғни статистикалық мәліметтерді жинаудың, топтаудың, өңдеудің және қолданатын орындарға дер кезінде жеткізіп берудің жаңа технологиялық әдістерін жоғары дәрежеге көтеру олардың басты бағыты болып табылады. Бұл - есеп жүйесін жетілдірудегі жаңа талапқа байланысты автоматтандырылған мәліметтер қоймасын (АМК), автоматтандырылған статистикалық ақпараттар жүйесін (АСАЖ) және ғылыми негізге сүйене отырып, осы заманғы компьютерді кеңінен қолдануды іске асыру деген ұғым.
Статистикалық зерттеу тәжірибесінде бақылау бағдарламасы жасалынғаннан кейінгі шешуші жұмыстардың бірі - бақылаудың түрін анықтау. Ол бақылауды жүргізудің алдына қойған мақсатына байланысты. Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттелініп отырған зерзаттың жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне қарай жаппай және жартылай бақылау болып екі түрге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |