Әлемдiк экономика: кyнгейi мен көЛЕҢкесi



бет2/4
Дата19.04.2023
өлшемі51,5 Kb.
#84222
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады. Оған мысал ретінде халық санағын немесе кәсіпорындардың, мекемелердің ұжымдардың және т.б. белгілі бір уақыт мерзімінде жүргізіліп отыратын есеп беру формаларын алуға болады. Сондықтап, жаппай бақылау бастапқы деректерді жинаудың негізгі көзі болып саналады. Сондай-ақ статистикалық зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады.
Жартылай бақылау кезінде зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады. Жартылай бақылау арқылы жиналған мәліметтер жаппай бақылау мәліметтерімен салыстырғанда көлемі жағынан аз болады. Бірақ, осы тәсіл арқылы жиналған мәліметтердің қорытындысы жалпы жиынтық көрсеткіштеріне жақын болуы тиіс. Яғни оны жаппай жиынтық қорытындысы ретінде, толық түрінде қолдануға болады.
Ішінара бақылау. Егер, жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын-ала іріктеліп алынған бөліктері негізінде ғылыми жүйеде зерттелетін болса, онда оны ішінаpa бақылау деп атайды. Ішінара бақылау жартылай бақылаудың ішіндегі ең көп қолданылатын жетілдірілген түрі және статистикалық зерттеуде оның атқаратын рөлі (орны) өте жоғары. Сондықтанг, бұл тәсіл жеке тақырып ретінде оқулықтың 9-тарауында толық қарастырылады.
Жеке ауқымды (монографиялық) бақылау- бүгінгі күннің жетістіктерін насихаттаушы оның кемшіліктері мен жетіспеушіліктерінің бетін ашуға мүмкіндік беретін зерттеу тәсілі болып саналады. Басқа тәсілдерімен салыстырғанда бұл әдістің айырмашылығы сонда, ол барлық жиынтықты зерттеуге міндетті емес.
Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті немесе кезеңдік болып екі түрге бөлінеді.
Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау деп болған фактінің пайда болғанына қарай тұрақты, жүйелі түрде, белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады. Мысалы, азаматтардың хал актілерін тіркеу, яғни баланың тууын, адамның өлімін, некелесу мен ажырасуды күнделікті тіркеп отыру, күнделікті өндірілген өнімді есепке алу, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келген, келмегендерін есепке алып отыру және т.с.с. жатады. Тіркеудің осынау түрі тәжірибеде жиі қолданылады және қазіргі уақытта оған статистика органдары көп көңіл бөлуде.
Үзілісті бақылау деп зерттеуге алынған құбылысты, процесті ұдайы, бірақ, белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады. Оған, мысалы, халық санағы, мал санағы, өндірістік құрал-жабдықтарды есепке алу және т.б. жатады.
Сонымен, статистикалық бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде жоғарыда көрсетілген уақыт мерзіміне қарай тіркеудің екі түрі де қолданылады. Бірақ, бақылаудың қай түрін қай уақытта қолдану зерттеудің міндеті мен оның ерекшелігіне тығыз байланысты екенін ұмытуға болмайды.
Үзілісті бақылау уақыт мерзіміне қарай кезеңдік, мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер, зерттеу жқмыстары бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, онда оны кезеңдік немесе мерзімдік, ал егер зерттеу жұмыстары бір-ақ рет жүргізілетін болса, онда оны бір жолғы бақылау деп атайды.
Бақылау жүргізу кезінде бақылаудың ең негізгісі болып шекті уақыт кезеңін анықтау саналады. Статистикалық бақылаудың шекті уақыт кезеңі дегеніміз – зерттеу жұмыстарын есепке алдатын күн мен уақыт мерзімі. Мысалы, 1989 жылғы өткізілген халық санағы кезінде есепке алу уақыт кезеі қаңтардың 11-інен 12-сіне қараған түнгі сағат 12.00 болып есептелінеді. Бұл дегеніміз – осы көрсетілген уақытқа дейінгі болған барлық адамдар ғана халық санағының есебіне алынды деген ұғым. Атап айтқанда, түнгі сағат 12.00-ге дейін дүниеге келген балалар санаққа жатқызылады да, ал содан кейін дүниеге келген нәрестелер есепке алынбайды. Бірақ, өлгендерді есепке алу керісінше жүргізіледі. Қаңтардың 11-інен 12-сіне қараған түнгі сағат 12-ге дейін дүниеден өткен адамдар санақ есебіне алынбайды да, ал содан кейін қайтыс болғандар болса санақ есебіне алынады. Себебі, санақ басталған уақыт мерзімінде, ол адам тірі болды. Мұндай шартты уақыт кезеңін белгілеу қоғамымыздағы өзгерістердің жиі болып тұратындығына және есеп жұмыстарының дұрыс жүргізілуіне тікелей қатысты.
Керекті мәліметтерді қандай жолмен жинаудың тәсілін анықтау статистикалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың ішіндегі ең күрделі мәселе болып табылады. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, құжаттар жене сұрақ-жауап арқылы болып үш түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет