Әлемдік саясаттың жаһандануы. Халықаралық



Pdf көрінісі
Дата02.12.2023
өлшемі0,83 Mb.
#131699


2-дәріс
Әлемдік саясаттың тарихы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТЫҢ 
ЖАҺАНДАНУЫ. 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Әлемдік саясаттың жаһандануы. Халықаралық қатынасқа кіріспе
Әлемдік саясаттың тарихы
2
Әлемдік саясат зерттеп келе жатқан қазіргі саяси әлем мыңдаған жылдар бойы қалыптасты. Адамдар 
көптеген ғасырлар бойы ауылдар, қалалар, мемлекеттер қалыптастырып, бірге қоныстанып отырды. Елді 
мекендер өзара әрекеттестікте болды – сауда-саттық жасады және соғысты, шарттар бекітті, тіпті әртүрлі 
өкілдіктері де болды. 
Вестфаль халықаралық қатынастар жүйесі 
Мемлекеттер мен халықаратық қатынастардың тұтас заманауи жүйесін дамытудағы маңызды 
бетбұрысы Вестфаль бітімі деп есептеледі. 1648 ж. Вестфалияда арнайы шақырылған конгресс аясында, 
Мюнстер және Оснабрюкте (Вестфалия) екі бітім шартына қол қойылды, олар XVI–XVII ғасырлардағы 
Реформациялау дәуіріндегі діни соғыстар сериясындағы соңғысы, Отыз жылдық соғысты (1618–1648) 
тоқтатты. Вестфаль бітімі жаңа әлемдік тәртіпке – егемен және тең мемлекет-ұлттардың орталықсыз 
етілген жүйесінің негізін қалаған деп санау қалыптасып кеткен.
Вена халықаралық қатынастар жүйесі 
Вестфаль бітімі моделінің аясында халықаралық (мемлекетаралық) қатынастар жүйесі қалыптасты, ол 
«Еуропалық концерт» немесе Вена халықаралық қатынастар жүйесі деген атауға ие болды. «Еуропалық 
концертте» басты аспапта Ресей, Аустрия (кейіннен – Аустро Венгрия), Ұлыбритания, Пруссия (кейіннен 
– Германия) және Франция ойнады. 
Версаль-Вашингтон халықаралық қатынастар жүйесі
1919 ж. маусым айында Версальда бітім шартына қол қойылды, Германияның жаңа аумақтық шекарасы 
бекітілді. Версаль бітім шартының құрамдас бөлігі үкіметаралық ұйым - Ұлттар лигасының Жарғысы 
болды, ол негізгі мақсаттар ретінде халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамытуды, олардың 
бейбітшілігі мен қауіпсіздігі кепілдерін айқындады. Алғашында оған 44 мемлекет қол қойды. АҚШ бұл 
шартты ратификациялаған жоқ және Ұлттар лигасы мүшелерінің қатарына кірген жоқ. Оған КСРО мен 
Германия да кірген жоқ. 
Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесі
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы халықаралық қатынастардың жаңа - Ялта-Потсдам (соғыстан 
кейінгі) жүйесіне бастау болды, ол да алдынғылары сияқты Вестфаль бейбітшілік жүйесінің бөлігі болды. 
Әлемнің биополярлы құрылымы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа жиі қауіп төндіріп отырды (мысалы, 
Кариб дағдарысы барысында), алайда жалпы әлемді жаңа соғыстан тежеді. Екі қарсы тұрушы блоктың да 
әскери одақтары болды – 1949 ж. құрылған Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымы (НАТО) және 1955 ж. 
құрылған Варшава келісімі ұйымы (ВКҰ). 
Жаңа әлемдік тәртіп: бір полярлы және көп полярлы әлем 
Заманауи әлемдік саяси процесс АҚШ-тың үстемдік ету позицияларының сақталуымен биополярлықтан 
көп полюсты әлемге өтумен сипатталады. Заманауи әлемдік саяси процеске тән қасиеттер мынадай:
• 
БҰҰ әрекет ететін орталықтың болуы; «сегіздік» елдерінің өзара әрекеттесуі; НАТО, ХВҚ және т.б. 
халықаралық жетекші институттар мен ұйымдардың қызметі;
• 
заманауи өркениеттің ғаламдық проблемаларын алдынғы қатарға шығару;
• 
ынтымақтастық, өзара әрекеттестік және саяси дамудың артып келе жатқан алуан түрлілігі үрдісінің 
артуы;
• 
базалық (орталық) және шалғай, трансұлттық, өңірлік, ұлттық және жергілікті, өркениеттік және 
этносаяси процестердің күрделі жиынтығының болуы; көп полюсты және бір полярлы әлемге 
үрдістердің қарама-қайшы әсері; халықаралық негізгі күш орталықтары арасындағы қайшылықты 
өзара әрекеттестік; өркениеттер арасындағы қайшылықтар;
• 
әлеуметтік-саяси күштердің, саясатты іске асыру құралдары, формалары мен әдістерінің алуан 
түрлілігі;
• 
әлемдік саясаттың салыстырмалы дербестігі.
Сыртқы саясат-мемлекеттің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген саясаты. 


3
Кітап:
Дәріс:
Әлемдік саясаттың жаһандануы. Халықаралық қатынасқа кіріспе
Әлемдік саясаттың тарихы
Еуроцентризм 
– ғылым,білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана 
дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.
Глобальдылық (жаһандық)
– бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған 
ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау, айналадағы ортаны 
экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде демографиялық жағдайды тұрақтандыру, халықаралық терроризм, 
нашақорлық, маскүнемдік, СПИД-тің өріс алуын тоқтату және т.с.с. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет