Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет36/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
—  албастының  балтасы  тасқа  шабылады. 
Қара  күштің  иесі  жұртты  аңдыстырып, 
тартыстырып,  бір  біріне  айдап  салып, 
жеңіске жетіп отыр. 
Фанатизм  мен  бөлінудің  Масых  екінші 
рет  жер  бетіне  келетіні жайлы  хабарымен 
еш  байланысы  жоқ.  Ол  1844-ші  жылдың 
жазында адвентистер күдіктену мен абыр-
жу  үстінде  жүрген  кездерінде  пайда  бол-
ды.  Бірінші  періштенің  хабары  және  «түн 
ортасында  шыққан  айғай»  бөліну  мен 
фанатизмнің күштерін тежеп тұрды. Айту-
лы  салтанатты  қозғалыстың  мүшелері  бір 
жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып 
тұрған  болатын,  яғни  олардың  арасында 
бірлік  болды.  Бұл  жандардың  жүректері 
бір 
— 
біріне 
және 
Исаға 
деген 
сүйіспеншілікке  толы  еді.  Сенімдерінің 
бірлігі,  болашақтан  күтіліп  тұрған  жан 
дүниелерінің  тыныштығы,  алдағы  рахат 
өмір  олардың  бастарын  қосып,  Ібілістің 
шабуылынан қорғап тұрды. 
«Күйеу 
жігіт 
кешіккендіктен, 
олар 
ұйықтап  қалды.  Түн  ортасында:  «Мінекей 
күйеу  жігіт  келеді,  оны  қарсы  алуға 
шығыңдар!»  —  деген  айғай  шыққанда, 
қалыңдықтар 
оянып, 
майшамдарын 
түзеді» (Матай 25: 5-7). 1844-ші жылы жаз-
да  бастапқыда  күтілгендей  2300  жыл 
аяқталуға тиісті болған мезгілдің жартысы 
өткен  болатын.  Және  сол  жылы  күзде, 
кейінгі  бақылаулар  бойынша,  айтулы 
кезең  аяқталып  қалған  болатын.  Дәл  осы 
мезгілде: «Міне күйеу жігіт келеді» — деген 
хабар шықты. 
Иерусалимнің  қайта  құрылуы  жайлы 
Артаксеркстың  бұйрығынан  бастап  сана-
латын  2300  күн  жайлы  кезең,  алғашқыда 
күтілгендей,  біздің  дәуірге  дейінгі  457-ші 
жылдың басында емес, күзінде күшіне ен-
ген болатын және жоғарыда айтылып кет-
кен  адвентистік  қозғалыстың  импульсі 
болды.  457-ші  жылдың  күзінде  басталған 
2300 жыл кезеңі 1844-ші жылдың күзінде 
аяқталды. 
Киелі  Кітапта  берілген  «қасиетхананың 
тазартылуы»  жайлы  оқиға  да  Көне 
Өсиеттегі  бейнелер  бойынша  күз  айына 
мезгеп тұрған болатын. 
Исаның  бірінші  рет  жер  бетіне  келетіні 
жайлы  айтқан  аяндарда  орындалған  бей-
нелер, бұл жағдайды одан сайын анықтай 
түседі. 
Құрбан 
шалу 
дегеніміз 
— 
болашақта болатын Ұлы Құрбандық — Иса 
Масіхке  мезгеген.  Бұл  жөнінде  Пауыл 
пайғамбар:  «Біз  үшін  жанын  қиған  Масіх 
—  біздің  Құрбанымыз»  дейді  (1Қор.  5:7). 
Айт  кезінде  әкелінетін  егіннің  буылған  — 
буынтығы Исаның қайта тірілетінін мезгеп 
тұрған рәміз болатын. Оның келер алдын-
да    әркім  өз  ретімен,  әуелі  Масіх 
тұңғышымыз, онан соң біз — масіхшылар,» 

181 
 
—  деп  жазған  болатын  Пауыл  пайғамбар 
(1Қор.  15:23).  Алғашқы  піскен  егіннің 
буынтығы секілді Иса Масіх  те мәңгілікке 
қайта  тірілетін  жандардың  басы  — 
тұңғышы  болып  саналады.  Айтылған  аян-
дар  шынымен  орындалып  қана  қойған 
жоқ, олардың белгіленген уақыты да дәлме 
—  дәл  келді.  Он  бес  ғасыр  бойы 
яхудейлердің  бірінші  айының  он  төртінші 
жұлдызында  айт  шалынып  отырған.  Дәл 
осы  күні  Масіх  Өзінің  шәкірттерімен  айт-
тады  және  осы  күнді  мерекелік  кеш 
ретінде  тойланып  отыратын  қылып  өсиет 
етті.  Осы  түні  Ол  тұтқынға  алынып, 
айқыш  ағашқа  керіліп,  өлтірілді.  Және 
Оған  ұқсастырылып  тұрған  алғашқы 
егіннің  буынтығы  сияқты  —  Иса  Мәсіх 
үшінші  күні  қайта  тірілді.  Жаңа  өмірге 
қайта  тірілген  Масіх  секілді  Оның  барлық 
ізбасарлары да жаңа өмірге қайта тірілетін 
болады, оған дәлел біздің тіршілігіміз көкте 
және  біз  ол  жақтан  Құтқарушымыз, 
Тәңіріміз  Иса  Мәсіхті  күтудеміз.  Ол  біздің 
қажыған  денеміздің  қайта  жаңартуын 
Оның  даңты  Денесіне  лайықты  өзгертеді, 
Ол  өз  күшімен  әсер  етіп  бәрін  Өзіне 
бағындырады  —  делінген  (Філіпіліктерге 
арналған хат 3:20,21). 
Мәсіхтың  жер  бетіне  екінші  рет  келуіне 
байланысты  берілген  аяндар  да  дәл 
айтылғандай  орындалуға  тиісті  болды. 
Мұса  пайғамбарының  заңы  бойынша 
қасиетхананың тазаруы немесе ұлы ақталу 
күні яхудейлердің жетінші айының 10-шы 
жұлдызында  болатын  (Леуілдер  16:29-34). 
Осы  күні  Құдайдың  бірінші  қызметшісі 
барлық  Ысрайыл  халқы  үшін  кешірім 
сұрап,  қасиетхананы  күнәдан  тазартып, 
соңында  халыққа  батасын  беру  үшін 
сыртқа шыққан. 
Дәл  солай  Масых  Иса  Өз  қызметін 
аяқтап  болған  соң,  жер  бетіне  келіп,  оны 
күнәдан тазартып, Өз пенделеріне мәңгілік 
өмір  сыйлайтынына  Оның  халқы  қатты 
сенген.  Жетінші  айдың  оныншы жұлдызы 
—  ақталатын  ұлы  күн,  қасиетхананың  та-
зартылатын күні. Осы айтулы күн 1844-ші 
жылдың  қазан  айының  22-ші  жұлдызына 
сәйкес  келді.  Халық  болса  өздерінің 
Құтқарушылары  Масых  Иса  осы  күні 
келеді  деп  есептеді.  Нәтиже  талассыз  осы 
күнді  көрсетті.  «Түн  ортасында  шыққан 
айғай» — деген аян да орындалды, өйткені 
бұл хабарды мыңдаған халық жер — жерге 
жария  етті.  Мемлекетті  небір  орасан  зор 
толқын  шайып  өткендей  болды.  Хабар 
қаладан  -қалаға,  елден  —  елге  тарап, 
түкпір  —  түкпірдегілердің  барлығына 
жетті. 
Ешқандай 
фанатизмге 
орын 
қалмады.  Небір  «киелі»  тыныштық  пайда 
болды.  Адамдар  жүректерінің  қуыс  — 
қ у ы с т а р ы н д а  
т ы ғ ы л ы п  
ж а т қ а н 
күнәларына  кешірім  сұрап  дұға  оқыды. 
Ойын- сауық деген тоқтатылды. Осы кезді 
суреттей  отыра  Миллер  былай  дейді: 
«Халық 
өз 
қуаныштарын 
көрсетпей, 
болашақта  болатын  салтанатты  оқиғаға 
арнап,  сақтап  отырғандай  көрінді».  Осы 
оқиғалардың  куәсі  болған  тағы  біреу  бы-
лай  дейді:  «Жұрт  көзқарастарын  өзгертіп, 
жауласқандарын  тоқтатып,  күнәларына 
кешірім 
сұрап, 
Құдайдың 
алдында 
жүректерін 
иіп 
тұрды ». 
Мұндай 
таңқаларлық 
оқиға 
ешқашан 
болып 
көрген  емес.  1844-ші жыл  тарихта  қалған 
әйгілі  жыл  болды.  Фермерлер  егістік дала-
сын тастап, кәсіпкерлер кәсібін қалдырып, 
барлық  жан  Киелі  Жазбаны  зерттеп,  Ізгі 
хабарды уағыздауға кірісті. Шіркеулер бол-
са бұл хабарды қабылдамады. Ал олардың 
арасында 
қабылдағандары 
болса, 
шіркеулерден  бөлініп  шықты.  Дегенмен  
адвентистік  қозғалысқа  қосылғандардың 
кейбіреулері    әуесқойлар,  енді  біреулері 
жай қызығушылық танытқандар болатын.  
Соған  қарамастан  «мінекей  күйеу  жігіт 
келеді» деген сөздің күші оларға әсер етпей 
қойған жоқ.  
Ол  кездегі  адамдардың  сенімі    қазіргі 
кездегілерге  қарағанда әлде қайда мықты 
болатын. Олар өздерінің сенімдеріне қарай 
дұғалары мен салауаттарының  арқасында 
сауалдарына  жауап  алатын.  Өздері  және 
жақындары  үшін  дұға  оқып,  Құдайды 
мадақтайтын  әндер  салып,  Алланы  шын 
ниеттерімен  күтті.  Бірақ  бұл  адамдар, 
к ө ң і л д е р і  
қ а л а т ы н  
к е з е ң н і ң 
табалдырығында тұрғандарын білмеді.  
Айтулы мезгіл де өтті, бірақ Құтқарушы 
келген  жоқ.    Бастапқы  кезде  Құдайға 
сенбейтіндер сенушілерді күлкі қылуға ша-
малары  келмеді,  өйткені  олардың  бойла-
рынан  әлі  де  болса  қасиетті  қорқыныш 
кете қоймаған болатын, бірақ бара — бара 
Жаратқанның 
қаһарының 
белгілері 
көрінбегендіктен,  олар  өздерінің  алданып 

182 
 
қалғандарына 
намыстанып, 
өш 
алу 
мақсатымен  айыздары  қанғанша    иман-
дыларды  мазақ  етті.  Кезіндегі  Жүніс 
пайғамбары  секілді  олар  да    Құдайды 
жазғырып,  бүйтіп  алданғанша,  өлгеніміз 
артық  еді  деп  жариялады.  Осылайша 
біреудің сеніміне сүйеніп жүрген сорлылар 
енді  өздерінің  көз  қарастарын  бірден 
өзгертіп  шыға  келді.  Олар:  «қорқатындай 
дәнеңе жоқ, уақыт өтті, Құдай келген жоқ, 
келмейді де, өмір қандай болса сондай бо-
лып қала береді» деп жариялады. Дәл осы 
к е з д е  
Қ ұ д а йд ы  
шы н  
ни е т і м е н 
күткендердің  сенімдерінің  шыңдалатын 
шағы  жетті.  Дегенмен  олардың  көңіл 
к ү й ле р і ,  
к е з і нд е  
И с а ны  
т ақ қ а 
о т ы р ғы з а м ы з  
д е п  
д а й ы нд а л ы п , 
ойлағандары  болмай  қалғанда  қатты 
қынжылған  елшілердің  көңіл  күйлерінен 
әлдеқайда  жеңіл  болды.  Ол  заманда 
Исаның оқушылары Оның таққа отыраты-
нын  емес,  керісінше  айқыш  ағашқа 
керілетінін  алдын  ала  білгенде,  айтулы 
аянды  орындауға  шамалары  келмеген  бо-
лар  еді.  Сол  секілді  Миллер  мен  оның 
әріптестері  де  Исаның  әзірге  жер  бетіне 
келмейтінін 
алдын 
ала 
білгенде, 
соншалықты 
маңызы 
зор 
жұмысты 
атқаруға  шамасы  келмеген  болар  еді. 
Барлық  әлем  Масых  Иса  жерге  келмеді, 
енді  бұл  қозғалыстың  іс  —  әрекеті 
тоқталады деп ойлады. Шынымен де біраз 
адамдардың  сенімдері  шайқалып,  олар 
ұлы 
қозғалыстың 
қатарынан 
шығып 
қалды. 
Дегенмен 
аяқтарынан 
нық 
тұрғандар 
да 
жеткілікті 
болатын.  
Қоғамның  барлық  саласындағы  адамдар 
оларды  күлкі  қылды,  соған  қарамастан 
олар  ақиқаттан  бас  тартқан  жоқ.  Жүніс 
пайғамбары    Ниневияға  келіп:    «қырық 
күннен кейін бұл қала қирап бұзылады да 
тып-типыл 
болып 
құриды» 
— 
деп 
жариялағанда, 
Ниневия 
халқының 
өзгергенін  көріп,  Құдай  оларға  сынақ 
уақытын  ұзартқан  болатын.  Соған  қарап, 
Жүністің  уағызы  Құдайдан  емес  деп 
айтуға  болмайды.  Дәл  сол  кездегідей  ад-
вентистер  уағыздаған  хабар  да  Құдайдың 
тарапынан  берілген  болатын.  Алла  адам 
баласын  қатал  сынақтан    өткізді.  Бұл  ха-
бар  адамдарды  екі  топқа  бөліп  тастады. 
Бірі  Құдай  жағындағылар,  енді  бірі  Оның 
қарсыластары болатын. «Егер мен өмірімді 
жаңадан  бастаған  болсам,  қайтадан  осы 
жолмен жүріп  өтер  едім»  — дейді Миллер. 
Көп  күткен  салтанатты  кездесудің  болмай 
қалғанына 
қынжылғаным 
рас, 
бірақ 
Құдайдың 
міндетті 
түрде 
келетініне 
күмәнім  жоқ.  Қателессем  де,  шынайы 
қателестім, 
 
өйткені 
мен 
 
Құдай 
алдындағы  парызымды  өтеген  болатын-
мын.  Өзім неге сенсем, соны уағыздадым, 
еңбегім зая болды деп айта алмаймын, осы 
уағыздардың  арқасында  қаншама  халық 
Киелі  Жазуды  зерттеп,  ақиқатты    танып 
білді.  Мен ешкімнен қорыққаным да жоқ, 
жағынғаным  да  жоқ.  Бұл  өмірге  жармас-
паймын, егер Алланың жарлығы солай бол-
са, өлім алдында селт етпеймін.   
Бірақ  Құдай  Өз  халқын  көзінен  бір  сәт 
таса  қалдырған  жоқ.  Дағдарыс  кезінде 
Масых  Өз  халқын:  «сенімдеріңе  берік 
болыңдар, өйткені алатын сыйларың алда! 
Шыдаңдар!  Көп  қалған  жоқ.  Тәңірлерің 
келеді, 
кешікпейді. 
Құдай 
дегендер 
сенімдерінің арқасында тірі болады» — деп 
жұбатады  (Еврейлерге  жолданған  хат 
10:35- 39).  
Бұл  сөздердің  ақыр  заманға  лайықты 
а й т ы л ға ны  
т ү с і ні к т і .  
Қ ұ д айд ы ң 
асықпағанын,  біз  кешіккендей  көреміз. 
Шын мәнінде Ол адамзат баласына уақыт 
беріп  сынайды,  шыдамдылықпен  күтеді, 
өйткені Жаратқанның мақсаты киелі.  
Осындай  қиын  сәттерде  әрбір  адамның 
көкейінде:  «осы  мен  кімнің  жетелеуінде 
жүрмін?» — деген сұрақ туындауы мүмкін. 
Оның жауабы біреу-ақ.  
«Әділетті  иманының  арқасында  тірі  бо-
лады».  «Түнгі  айғайдың»  айқын  сәулесі 
сенетіндердің  жолына  жарық  түсіргенде, 
аяндардан 
мөр 
алынып, 
олардың 
түсініктері кеңейді, ал белгілердің тез ара-
да орындалып жатқандары Исаның екінші 
рет  келетін  уақытының  алыс  емес  екенін 
көрсетті  және  олар  шыныменде  жарықта 
жүрген  еді.  Асыға  күткен  оқиға  орындал-
май  қалғанда,  қапаланып  қалған  бұл 
жандардың  Құдайға  және  Оның  Сөзіне 
деген  сенімі  арқылы  ғана  қиындыққа 
төтеп  бере  алатыны  һақ  болатын.  Арсыз 
дүние болса оларға: «Сендер алдандыңдар, 
енді 
сенімдеріңнен 
бас 
тартып, 
адвентистік  қозғалыс  албастының  ісі 
екенін  мойындаңдар»  —  деп  даттады. 
Бірақ,  Құдай  Сөзі:  «Теңіз  толқынындай 

183 
 
толқып 
тұратындар 
Менің 
көңіліме 
ұнамайды»  —  дейді.  Сенімнен  бас  тарту, 
сол хабарды жеткізіп тұрған Киелі Рухтың 
күшін  мойындамау  өліммен  бірдей.  Елші 
Пауылдың:  «Иманнан  бас  тартпаңдар, 
имандылар  сыйларын  міндетті  түрде  ала-
ды. Сендерге керегі сабыр сақтау, сәл ғана 
шыдаңдар»  —  деген  сөзі  сенетіндердің 
бойларына әл, жүректеріне нәр болды. Сол 
себеті  де    Құдай  жолында  жүргендер  са-
быр сақтап,  Оның  кітабын оқып, Алладан 
түскен  сәулені  жоғалтып  алмауға  тырысу-
лары керек. Ең бастысы Құдай сөзінің бір 
әріпі  қалмай  орындалатына  кәміл  сене 
білген жөн.  

184 
 
23 
Қасиетхана дегеніміз не?  
Сонда  маған  айтылды:  «екі  мың  үш  жүз 
кештер 
 
және 
таңдар 
өткен 
соң  
қасиетхана  тазарады»    (Даниял  8:14)  — 
деген  пайғамбардың    сөздері  адвентистер 
(құдайдың  еркін  орындаушы  қауымдар) 
сенімінің  іргетасы  мен  бағанасы  болып 
табылады.  Бұл  сөздер  имандылықта  (таза 
сенімде)  жүргендердің  барлығына  таныс. 
Мыңдаған  адамдар  оны  күн  сайын 
қайталап 
айтып 
отыратын. 
Бұл 
пайғамбарлық    күндер  (уақыт)  1844-ші 
жылдың  күзінде  аяқталуға  тиісті  болған. 
Барлық  христиан  әлемі  секілді  адвенти-
стер  де  «қасиетхана»  болып  жер  немесе 
оның  бір  бөлігі  саналады  деп  есептеген. 
Олар:  «Қасиетхананың  тазаруы  дегеніміз 
жердің отпен аластатылып тазаруы» — деп 
ойлаған  және де бұл Исаның II-ші рет жер 
бетіне  келген  кезіндегі  орындалуға  тиісті 
ақірет  оқиғасы  болатын.  Ендеше  Киелі 
Кітапта жазылғандай Иса жер бетіне 1844 
—  ші  жылы  қайта  оралуға  тиісті  болды. 
Бірақ  айтулы  мезгіл  өтті,  ал  Иса  болса 
жерге  келген  жоқ.  Соған  қарағанда 
жоғарыда 
сөз 
болған 
аян 
қате 
талқыланған секілді. Бірақ қай жерде қате 
кетуі  мүмкін?-  деген  сұрақ  туындайды. 
Біреулер 
2300 
күн 
1844-ші 
жылы 
аяқталмаған 
болуы 
керек 
деген 
тұжырымға 
келді. 
Бірақ 
Исаның 
келмегеніне қарап 2300 жыл 1844-ші жы-
лы  аяқталған  жоқ  деуге  болмайтын  еді. 
Өйткені  жыл  санауда  қате  кетуі  мүмкін 
емес.  Даниял  (9:25-27)  пайғамбардың 
кітабында  жазылған  бұл  аян  дәл  осы 
күндерге сәйкес келіп тұр. 
69 рет жеті немесе 2300 жылдан алынып 
тұрған 483 жыл Масых Исаға дейінгі жыл-
дар. Ал Иса біздің дәуіріміздің 27-ші жылы 
шомылу рәсімінен өтіп, Құдайдың батасын 
алған.  Жетпіс  рет  жетінің  ортасында  Ма-
сых өлуге тиісті болды. Иман келтіріп, суға 
шомылу  рәсімінен  өткеннен  кейін  үш  жа-
рым  жылдан  соң  Масых  Иса  31-ші 
жылдың  көктем  айында  айқыш  ағашқа 
керілді.  Жетпіс  рет  жеті  немесе  490    жыл 
бойғы  уақыт  яхудейдің  тәубеге  келуі  үшін 
берілген  болатын.  Айтулы  мезгіл  өткеннен 
кейін яхудейлер Иса Масіхтан  бас тартып, 
Оның  шәкірттерін  қуғындай  бастады.  Со-
дан  кейін  34  жылдан  бастап  елшілер  өз 
уағыздарын Құдайды білмейтін кәпірлерге 
(язычниктерге)  бағыттады.  2300-ші  жыл-
дан  шегерілуге  тиісті  490  жыл  өткенде 
1810  жыл  қалып  тұр.  Егер  34-ші  жылдан 
1810 жылды алға қарай санап алсақ, 1844
-ші  жыл  шығады.  Періштенің  айтуынша 
осы  мезгілде  «қасиетхана»  тазаруға  тиісті 
болатын.  Бұл  аян  өз  уақытында  орындал-
ды.  Осы  арада  бір  нәрседен  басқасының 
бәрі  түсінікті,  тек  түсініксіз  жағдай 
Исаның келмей қалғаны ғана. 
Десе  де  осы  уақытқа  дейін  Өз  халқын 
жетелеп  келген  Алла,  оларды  осындай 
қиын  сәтте  қалдырған  жоқ.  Киелі  Жазба-
ны мазақ қылуға және ақиқатты түнектің 
сырып әкетуіне жол берілмеді. Біреулер өз 
сенімдерінен  бас  тартып  жатса,  енді 
біреулердің  сенімдері  шыңдалатын  шағы 
жетті.  Олар  Киелі  Жазбаны  қолдарына 
алып, қай жерде қате жіберіп алғандарын 
айқындау  үшін  оны  әрі  қарай  зерттеуге 
кірісті.  Пайғамбарлық  кезеңнің  есептелуі 
кезінде 
ешқандай 
қатенің 
жоғына 
көздерін  жеткізген  олар,  «қасиетхана»  де-
ген  сөзге  келіп  тірелді.  Енді  олар  зертте-
улер 
кезінде 
алғашқыда 
ойлағандай 
қасиетхананың  жер  екеніне  Киелі  Жазба-
дан  еш  дәлел  таба  алмады.  Дегенмен 
қасиетхананың 
не 
екеніне 
толық 
түсініктеме  алды.  Қасиетхана  деген  не? 
Оның  ішінде  қандай  қызмет  атқарылды? 
Осыған жауап табылды. 
Пауыл  пайғамбар  еврейлерге  жолдаған 
өз 
хатында 
былай 
дейді: 
«Жердегі 
қасиетхана  мен  Құдайға  қызмет  етудің 
бірінші  өсиет  бойынша  қаулысы  бар.  Ша-
тыр  (скиния)  екі  бөлімнен  тұрады,  әуелі 
бірінші  бөлімі  құрылды,  оның  ішінде  жеті 
құбырлы    майшам,  дастархан  және 

185 
 
ұсынылатын  нан  —  бұл  бөлім  киелі  деп 
аталады.  Шымылдықтың  арғы  жағында 
киелінің  Киелісі  деп  аталатын  екінші 
бөлімі  бар.  Оның  ішінде  алтын  ожау,  ал-
тынмен  көмкерілген  өсиет  сандығы,  оның 
ішінде  Харунның  гүлденген  таяғы,  өсиет 
тастары  және  үстінде  «кешірім  тағына» 
нұрын  шашып  тұрған  періштелер  мүсіні 
бар  (Еврейлерге  арналған  хат    9:1-5). 
Қасиетхана дегеніміз, елші Пауылдың  ай-
туынша,  Құдайдың  бұйрығымен  көктегі 
қасиетхананың  үлгісі  бойынша  жердегі 
Мұса  пайғамбарының    орнатқан  шатыры 
яғни  басқаша  айтқанда  Алланың  жердегі 
мекені  (Шығыс  25:8).  Ысрайыл  халқы 
көшпелі  болғандықтан,  бұл  шатыр  құруға 
және  жинауға  ыңғайланып  жасалған. 
Соған  қарамастан  бұл  өте  сұлу  құрылыс 
болған. 
Оның 
қабырғасы 
алтынмен 
қапталған 
тақтайшалардан 
тұрған, 
төменгі  жақтары  күмістен  жасалған. 
Төбесі  кілемдермен  жабылған,  сырты 
өңделген 
терімен 
қапталып, 
іші 
періштелер  бейнеленіп  тоқылған  матамен 
жасалған.  Аулада  құрбан  шалынатын 
құрылыс  орнатылған.  Сөйтіп  шатыр  екі 
бөлімнен  құрылған  —  Киелі және  киелінің 
Киелісі.  Екі  бөлімнің  арасы  өте  әдемі 
шымылдықпен  бөлінген.  Дәл  осындай 
шымылдық  кіре  беріске  де  құрылған. 
Бірінші  киелі  деп  аталатын  бөлімнің 
оңтүстік  жағында  күні  —  түні  жеті 
құбырлы майшам жанып тұрған, солтүстік 
жағында  ұсыныс  нандары  қойылған  стөл 
орнатылған, 
ал 
Киелі 
мен 
киелінің 
Киелісінің 
арасын 
бөліп 
тұрған 
шымылдықтың  алдында  күні  түні  сөнбей 
түтінін  булатып  жанып  тұратын  құрылым 
орнатылған.  Бұл  құрылым  тәуліктің  кез 
келген  уақытында  иманды  адамдардың 
көкке 
көтеріле 
жататын 
дұғаларын 
бейнелейді,  киелінің  Киелісінің  ішінде 
өсиет  сандығы  болған.  Ол  қымбат  бағалы 
ағаштан  жасалып  алтынмен  көмкерілген. 
Оның  ішінде  Құдайдың  Өз  қолымен 
жазған  заңы    екі  бет  таста  сақталған. 
Өсиет  сандығының  жоғарғы  жағында 
әсем етіп жасалған  «кешірім тағы» болған. 
Кешірім  тағының  қарама  —  қарсы 
жағында  сандық  үстіне  яғни  таққа  бет 
бұрып  тұрған    екі  періште  бейнеленген, 
бұл 
кешірім 
тағы 
сонымен 
қоса 
с а н д ы қ т ы ң  
қ а қ п а ғ ы  
р е т і н д е 
пайдаланылған. Осының барлығы таза ал-
тыннан 
жасалған. 
Бұл 
Құдайдың 
құдіретіне  бөленген  жер  болатын.  Еврей-
лер 
Ханаан 
жеріне 
орналасқанда 
Сүлеймен  пайғамбар  ол  жерге  өте  үлкен, 
атағы жер жарған ғибадатхана салған бо-
латын.  Бұл  ғибадатхана  жоғарыда  айты-
лып  кеткен  шатырдың    сызбанұсқасы 
бойынша салынған. 70-ші жылдарға дейін 
римдіктер  келіп  бұзған  қасиетхана,  әрине 
Даниял  пайғамбарының  тұсында  үйінді 
болып  жатқан  уақытын  санамағанда,  бы-
лайша  суреттеледі.  Киелі  Кітап  бойынша 
бұл  ғибадатхана  жер  бетіндегі  бұрын 
соңды  жалғыз  ғана  «қасиетхана»  болған. 
Исаның шәкірті Пауыл оны алғашқы, яғни 
Көне  Өсиеттің  қасиетханасы  дейді.  Сонда 
Жаңа  Өсиеттің  қасиетханасы  болмағаны 
ма? Еврейлерге жолданған хатты қайта — 
қайта  оқи  келе  Пауылдың  сөзінен  біз 
екінші  Жаңа  Өсиеттік  қасиетхананың  ба-
рын  байқаймыз.  Бірінші  өсиеттің  де 
жердегі  қасиетханасы  мен  құлшылық 
етудің қаулысы немесе тәртібі болған дейді 
ол.  «Бірінші  өсиеттің  де»  —  деген  сөзінен, 
алдында  бұл  қасиетхана  жайлы  сөз 
болғанын  білеміз.  Енді  олар  алдындағы 
бөлімнің  басына  қайта  көңіл  аударған 
кездерінде:  «Ең  бастысы  біздің  көкте 
бірінші діни қызметкеріміз бар, Ол көктегі 
сәулетті  тағына  отырды  және  адамның 
қолымен 
емес, 
Құдайдың 
қолымен 
тұрғызылған қасиетханасында қызмет ету-
де  (Еврейлерге  арналған  хат  8:1-2) 
делінген.  Осы  арада  Жаңа  Өсиеттің 
қасиетханасы 
жайлы 
айтылып 
тұр. 
Бірінші 
Көне 
Өсиеттің 
көшпелі 
қасиетханасын Мұса пайғамбар орнатқан, 
ал  Жаңа  Өсиеттің  қасиетханасы  адамның 
емес,  Құдайдың  қолымен  тұрғызылған. 
Алғашқы 
қасиетханада  жердегі 
діни 
қызметкерлер  еңбектенген,  ал  көктегі 
қасиетханада бұл қызметті біздің Алғашқы 
Діни Қызметкеріміз — Иса Мәсіх орындау-
да.  «Бұл  —  осы  замандағы  жайттың 
бейнесі! Құдайға ұсынылатын сыйтартулар 
мен  құрбандықтар  Оған  сыйынатын 
адамдардың 
ар-ұжданын 
өздерінің 
жасаған  күнәларынан  түпкілікті  арылта 
алмайды.  Сонымен,  көктегі  киелі  үйдің 
көшірмесі  болған  жердегі  ғибадат  орны 
құрбандыққа  шалынған  малдың  қаны 
арқылы  тазартылуға  тиісті  болды,  алайда 
көктегі  киелі  үй  үшін  бұдан  әлдеқайда 
құнды құрбандық жасау қажет еді. Себебі 

186 
 
Мәсіх адам қолымен жасалған ғибадат ор-
нына  кірмеді.  Сол  ғибадат  орны  шынайы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет