Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет45/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60
өйткені  имандылар  Ібілістің  қаншалықты 
зұлым  екенін  және  соншалықты  күшті 
екенін  білмейді.  Көпшілік  жандар  оны 
дұрыс  бағалай  білмейді.  Адамдардың 
алдында  қолынан  көп  іс  келетін,  мықты 
және  өте  қауіпті  жау  тұр.  Бұл  —  зұлым 
п е р і ш т е ле р д і ң  
б ас т ы ғы ,  
ә с к е р и 
қолбасшылары,  адамзаттың  ата  жауы  — 
Іб і лі с  
( шай т ан) .  
О л 
ә б д е н 
о й 
с а р а п т а м а с ы н а н  
ө т к е н  
ж а у ы з 
ж о с п а р ы м е н  
а д а м д а р д ы ң 
құтқарылуларына  кедергі  жасау  үшін, 
олардың  Құтқарушылары  Иса  Мәсіхке 
қарсы шайқас жүргізуде. Имандылар және 
олардың рухани ұстаздары шайтан жайлы 
өте  аз  айтады.  Олар  тіпті  Ібілістің  барын 
да ұмытып кеткен сияқты. Ал бұл қатыгез 
де  зұлым  жау  адамдардың  аттаған 
ад ы мд ар ы н 
аңд ы п 
т ұ р ад ы . 
О л 
жанұялардың 
өмірлеріне 
араласады, 
қаланың  кез  келген  көшелерінде  жүреді, 
дұға  оқу  жиындары  онсыз  өтпейді,  ол 
мемлекет  кеңестеріне,  сот  отырыстарына 
қатысады.  Барлық  жерлерде  адамдарды 
алдап  шатастырып,  зұлымдық  жасауға 
итермелейді.  Оларды  әр  қилы  тәсілдермен 
үгіттеп  бір  бірлеріне  қарсы  қояды. 
Жанұяларды  бұзады,  халықтарды  бір  — 
бірлерімен  жауластырады.  Байғұстарды 
бі р  
—  
бі р ле рі не  
айд ап 
с алы п 
қырылыстырып,  бірін  —  біріне  өлтіртеді. 
Ал  Мәсіхшілер  болса,  болған  іске  көніп 
«жазу  солай  шығар»  деп  жүре  береді. 
Ібілістің  ежелден  бері  істеп  келе  жатқаны 
жауластыру,  қағыстыру,  арандату.  Ол 
им анд ы лар  
м е н 
им анс ы зд ар д ы ң 
арасындағы  кедергілерді  алып  тастап, 
оларды 
араластырып 
жіберді. 
Енді 
имандылар  күнәға  көзін  жұмып  қойып, 
күн  көру  парыз  деп  жүре  береді.  Сонда 
олардың 
құдайсыздардан 
қандай 
айырмашылығы  болғаны?  Ежелгі  кездегі 
Ысрайыл  кәпірлермен  осындай  тыйым 
салынған 
қатынасқа 
түсіп, 
күнәға 
белшелерінен  батқан  болатын.  Қазіргі 
кездегі 
Ысрайыл 
да 
(имандылар) 
бұрынғылардың 
өнегесін 
аудырмай 
қайталауда.  Қазіргі  ғасырдың  құдайы  — 
Ібіліс,  көзге  көрінбейтін  шынайы  Алланы 
бейнелеп 
тұрған 
Мәсіхтің 
жарығын 
ешкімге 
көрсетпеу  үшін 
адамзаттың 
санасын  жалған  ілімдерімен  уландырып 
жатыр  (2Қор.4:4).  Сол  себепті  де  Исаға 
шын жүректен берілмегендер, шайтанның 
құлы  болып  табылады.  Көкейіне  жарық 
түспегендер  күнәні  әлпештеп,  өздерін  — 
өздері  ақтаумен  болады.  Ал  жүректері 
тазартылғандар  күнәні  жек  көреді  және 
оған  қарсы  тұрады.  Құдайсыздар  мен 
арамдардың  араларына  баруды  жақсы 
көретіндер  күнәға  қарсы  тұра  алмайды, 
яғни  оны  қабылдауға  дайын  тұрады. 
Өйткені шайтан олардың көздерін жауып, 
нақтылы  жағдайды  көрсетпей  тастайды. 
Мұндай  орта оларға  жаман әсерін  тигізіп, 
байғұстар  шындықты  өтіріктен  айыра 
алмайды.  
Зұлым 
әлемнің 
салт-дәстүрлерін 
қабылдай  отыра  шіркеу  (ғибадатхана) 
әлемді  Исаға  жақындатқанның  орнына  , 
өзі  әлемге  жақындап  барады.  Бара-бара 
күнә оларға жиіркенішті болып көрінбейді. 
Шайтанның 
нөкерлерімен 
қарым 
— 
қатынас  жасайтындар,  ақыры  олардың 
бастығынан қорқуды қояды.
 
Парызымызды  орындау  кезінде  біз  де 
Даниял  пайғамбары  секілді  сынаққа 

225 
 
түссек, 
Құдайдың 
әлбетте 
бізге 
көмектесетініне  күмәнданбай-ақ  қоюға 
болады,  бірақ  өзімізді  —  өзіміз  тексеру 
үшін  сынаққа  әдейілеп  барсақ,  ерте  ме 
кеш пе сүрінетініміз мәлім.  
  Мынау  күнәкар  болуы  мүмкін  емес 
дегендерді 
албасты 
өз 
ісіне 
жиі 
пайдаланады.  Дарынды  және  білімді 
адамдар 
өздерінің 
жүрген 
тұрған 
орталарында  әрине  сыйлы,  дегенмен  бұл 
жетістіктер Құдай қорқынышының орнын 
толтырмайды. Дарындылық, мәдениеттілік 
—  сөз  жоқ,  Құдайдың  берген  сыйы. 
Дегенмен  бұл  сыймен  батаның  орнын 
толтырам  деп  үміттенетіндерге  және  де 
айтулы  жетістіктерді  жұртты  Құдайға 
жақындату  үшін  емес,  керісінше  Одан 
алыстату  үшін  пайдаланатындарға  ол 
міндетті  түрде  қарғыс  болып  тиеді. 
Көпшілік 
мәдениеттілік 
және 
жақсы 
нақыштар 
адамның 
Құдайға 
жақын 
екендігін дәлелдейді деп қателеседі. Ондай 
әдет кез келген мәсіхшінің бойында болуы 
және 
Құдай 
жолындағы 
қызметке 
жұмсалуы  керек,  әйтпесе  ол  зұлымдыққа 
жетелейтін 
күшке 
айналады. 
Кейде 
дарынды, жоғары мәдениетті адамдардың 
ө не ге с і з  
ж о л ғ а  
т ү с і п  
а л а т ы н ы 
соншалықты,  олар  бірден  шайтанның 
қаруына  айналады.  Мұндай  адамдар 
Исаның  қауіпті  жауларының  қатарларын 
көбейтіп,  білімсіз,  мәдениетсіз,  тоқшар 
жандардан бірнеше есе асып түседі. 
Шынайы  салауат  айтып,  дұға  оқып, 
Құдаймен  тығыз  қарым-қатынас  жасаған 
Сүлеймен  пайғамбар  бар  әлемді  қайран 
қалдырған  даналыққа  жеткен  болатын. 
Бірақ  ол  даналықтың  қайнар  көзінен 
бұрылып  өз  күшіне  сене  бастағанда, 
бірден  сынақтың  жемтігіне  айналды. 
Данышпан  патшаға  берілген  таңғажайып 
өнер оны зұлымдықтың қаруы етті.  
Ш а й т а н  
а д а м д а р д ы ң  
с а н а с ы н 
уландыруға  тырысқанымен,  мәсіхшілер 
бұл  шайқастың  «қан  мен  тәнге  қарсы 
шайқас 
емес, 
аспанның 
астындағы 
зұлымдықтың  рухына  қарсы»  шайқас 
екенін 
естен 
шығармаулары 
керек 
(Ефестіктерге 
арналған 
хат 
6:12). 
Ғасырлар бойы бізге айтылып келе жатқан 
сөз:  «Қалғып  кетпеңдер,  сақ  болыңдар, 
өйткені  аждаһа  кімді жалмасам  екен  деп, 
жақын  жүр»  деп  ескертпей  ме?  (Петірдің 
бірінші хаты .5:8). 
«Шайтанның  әзәзілдігіне  қарсы  тұруға 
дайын  болу  үшін,  Құдайдың  күшімен 
қаруланыңдар» 
дейді 
бізге 
Киелі 
(Ефестіктерге арналған хат 6:11). 
  Адам  атаның  заманынан  бастап  біздің 
уақытымызға 
дейін 
Алланың 
және 
адамзаттың  жауы  —  Ібіліс  ойрандаумен, 
қиратумен, 
өлтірумен, 
жұртың 
көзін 
жоюмен  айналысып  келеді.  Енді  ол 
шіркеумен  (ғибратхана)  соңғы  шайқасқа 
түсуге дайындалып жатыр. Исаның ізімен 
жүретіндер онымен шайқасады. 
Құдайға  ұқсас  болғысы  келетін  кез  келген 
адам  әлбетте  шайтанның  оғына  ілігеді. 
Құдай  үшін  қызмет  етіп  албастының 
қулығын  әшкерелеп,  адамдарға  Мәсіхті 
танытқандар,  Исаның  шәкірті  Пауылдың: 
«Құдайға 
шын 
қызмет 
ету 
көздің 
жасынсыз, 
сынақсыз, 
қорлықсыз 
болмайды» — деген куәлігіне қосылады. 
  Шайтан  Мәсіхті  талай  сынады,  бірақ 
ылғи  өзі  жеңіліске  ұшырап  отырды.  Иса 
біздің  бақытымыз  үшін  шайқасты.  Оның 
жеңісі  біздің  де  жеңіске  жетуімізге 
көмектеседі.  Мәсіхтен  көмек  сұрағандар, 
міндетті түрде оны алады. Адам шайтанға 
бағынбаса,  шайтан  оны  күштеп  көндіре 
алмайды.  Ол  адамды  кез  келген  қасіретке 
ұшырата  алады,  бірақ  оны  ешқашан 
ластай 
алмайды. 
Исаның 
жеңісімен 
шабыттанатын  Оның  ізбасарлары  күнәға, 
яғни  шайтанға  қарсы  батыл  түрде 
шайқасуы керек. 

226 
 
Адамзаттың тарихына тікелей қатысы бар 
көрінетін  дүние  мен  көрінбейтін  дүниенің 
арасындағы 
байланыс, 
Құдайдың 
періштелерінің 
қызметі, 
зұлымдық 
рухтарының  істері  жайлы  Киелі  Жазбада 
анық 
айтылған. 
Қазіргі 
замандағы 
адамдардың 
зұлымдық 
рухтарының 
барына,  киелі  періштелердің  барына 
сенетіндері  өте  аз  (Еврейлерге  арналған 
хат  1:14),  оларды  өлгендердің  рухы  деп 
санайды. 
Киелі 
Кітап 
бізге 
киелі 
періштелер  мен  зұлымдық  періштелерінің 
барын  және  олардың  өлгендердің  денесіз 
рухы  емес  екенін  дәлелдейді.  Адам  пайда 
болғанға  дейін  періштелер  болған.  Жер 
жаратылып 
жатқанда 
«жарқылдаған 
жұлдыздармен  бірге  Құдайдың  нөкелері  
де 
қуанышқа 
бөленіп, 
ән 
салып 
жатты» (Айыптың кітабынан 38:7). 
Адамдар 
күнә 
жасағаннан 
кейін 
періштелер 
өмір 
ағашын 
күзетуге 
жіберілді,  ал  ол  кезде  әлі  бірде  бір  өлген 
адам  болған  жоқ.  Періштелер  табиғаты 
жағынан  адамдардан  әлде  қайда  күшті. 
Жыршының  айтуынша  адам  періштеден 
сәл  төмен  жаратылған  (Забур  жыры  8:6) 
қара.  
  Киелі  Кітаптан  біз  олардың  саны,  күші, 
атағы  жайлы  және  құтқару  жұмысына 
қандай қатысы барын біле аламыз. «Құдай 
Өзінің патшалығын көкте орнатқан, Оның 
патшалығы  барлығын  басқарады»  (Забур 
жыры 102:19). Пайғамбар: «Мен Құдайдың 
т ағы ны ң 
айн ал ас ы на н 
к ө пт е ге н 
періштелердің  дауысын  естідім»  дейді. 
«Құдайдың  періштелері  өте  күшті  және 
олар 
Алланың 
еркін 
бұлжытпай 
орындайды»  (Забур  жыры  102:19-21,  Аян 
5:1).  Даниял  пайғамбар  мыңдаған,  он 
мыңдаған  періштелерді  көрген.  Пауыл 
пайғамбар  «сансыз  періштелер»  жайлы 
айт ады  
(Д ания л 
пайғамб ар ыны ң 
кітабынан 7:10; Еврейлерге жолданған хат 
12:22).  Құдайдың  бұйрығымен  ұшқанда 
олар  найзағайдай  жарқылдайды  (Езекіл 
п а й ғ а м б а р ы  
1 : 1 4 ) .  
О л а р д ы ң 
жылдамдықтарын  айтсаңызшы,  қандай 
ғажап! 
Құтқарушының  бейітінің  қасында  аппақ 
қардай  киіммен  жарқ  етіп  періштелер 
п а й д а  
б о л ғ а н д а ,  
к ү з е т ш і л е р д і ң 
қорыққандары  соншалық,  олар  «өлген 
адамдай  қатып  қалды»  (Матай  жазған  Ізгі 
хабар 28:3,4). 
Менменшіл 
ассириялық 
Сеннахирим 
Ысрайылды  «өлтіремін»  деп  қорқытып, 
Құдайды кекетіп балағаттағанда, «сол түні 
Ассирия  қонысына  періште  келіп  барлық 
басшылары 
мен 
қолбасшыларын, 
мықтылары 
мен 
өжеттерін 
қырып 
тастайды, сонда қырылғандардың саны 85 
мың  болды».  «Сөйтіп  ол  масқара  болып  өз 
жеріне  қайтып  оралады»  (Патшалықтар 
туралы  төртінші  жазба  19:35;  Шежірелер 
туралы  екінші  жазба  32:21).  Періштелер 
адамдарға  мейірімділік  пен  рақымшылық 
жасайды.  Олар  Ыбырайымға  балалы 
болатынын  хабарлады;  Лұтты  Содомнан 
алып  шығып  өлімнен  құтқарды.  Ильясқа 
олар, пайғамбар жапан түзде аштан өлейін 
деп    жатқанда  келді.  Әлісті  жаулары 
қоршап  алған  кезде,  пайғамбар  тұрған 
қалаға  екі  дөңгелекті  жалынды  арбалар 
мен 
атты 
әскер 
жіберілді. 
Даниял 
пайғамбары  Құдайға  табынғаны  үшін 
а р ы с т а н д а р  
о т ы р ғ ан  
ш ұ ңқ ы р ғ а 
тасталғанда,  оған  көмекке  періште  келді. 
Иродтың 
түрмесінде 
ажалын 
күтіп 
отырған  Петірге  де  періште  келіп,  оны 
тұтқыннан 
босатады. 
Филиппадағы 
тұтқындарға,  дауылда  қалған  Пауыл  мен 
оның  жолсеріктеріне  көмекке  келген,  Ізгі 
хабардағы 
ақиқатты 
көрсету 
үшін 
Қорнайдың  көзін  ашқан  да  періште. 
Осылайша 
киелі 
періштелер 
барлық 
ғасырларда да Құдай халқына қызмет етіп 
келеді.  
  Әрбір  Мәсіхшының  қорғаушы  періштесі 
бар.  Бұл  сенімді  күзетшілер  әділеттілерді 
әзәзілдің 
әрекетінен 
қорғайды. 
Оны 
шайтанның  өзі  де  мойындайды:  «Айып 
Құдайдан  бекер  қорқа  ма  екен?  Сен  емес 
пе оның өзін, үйін, дүниесін жан жағынан 
бекініс  жасап  қоршап  тастаған?»  —  дейді 
ол  (Айып  1:9,10).  Жыршының  айтуынша: 
«Құдайдың  періштелері  имандылардың 
қасынан 
табылып, 
оларды 
пәледен 
31 
Зұлымдық рухтарының арам істері  

227 
 
қорғайды» (Забур жыры 33:8). Құтқарушы 
Өзіне 
сенетіндерге 
үнемі 
қамқорлық 
ж ас айд ы : 
« С ақ  
б о лы ңд ар , 
о с ы 
кішкенелердің 
бірде-біреуін 
менсінбей 
жүрмеңдер!  Сендерге  айтамын:  олардың 
періштелері  көктегі  Әкемнің    келбетін 
әрдайым  көріп  тұрады»  (Матай  18:10). 
Балаларды  қорғайтын  періштелер  Құдай 
әкенің  алдына  қай  уақытта  болса  да  келе 
алады. 
  Шайтан бар зұлымдығын Құдай халқына 
бағыттайды,      бірақ      оларды      көктегі 
періштелер      мызғымай      күзетеді. 
Сенімдегілерге      бұл        ауадай        қажет.    
Бұл        жандар        өте        қауіпті  жау      —   
қара  күштің    иесімен      шайқасатын 
болғандықтан,        албастыны        жақсы 
білетін        Құдай      бұларды  ерекше 
қорғайды  және  оларға  Өзінің  игілігін 
сыйлайды. 
Әуел  баста  бұл  зұлымдықтың  рухтары 
табиғаты жағынан таза,  пәк және күнәсіз 
болған.  Бірақ  күнә  жасап,  бойларын 
зұлымдық  билеп  алғаннан  кейін,  олар 
адамзаттың 
көзін 
жойып, 
Алланы 
масқаралау үшін бастарын біріктірді. Олар 
албастыны  қолдаймыз  деп,  онымен  бірге 
аспаннан  қуылды.  Сол  уақыттан  бері 
бірнеше ғасырлар бойы Құдайдың билігіне 
қарсы  шайқасып  келеді.  Киелі  Кітап  бізге 
адамзатты  бейбітшілік  пен  бақыттан 
жұрдай  қылу  үшін  қызмет  етіп  келе 
жатқан  өте  күшті,  айлакер,  қатыгез,  әр 
түрлі  лауазымдағы  періштелер  жайлы 
айтады.  
Көне  Өсиетте  олар  жайлы  аз  айтылады, 
өйткені  шайтандар  өз  биліктері  мен 
күштерін 
Мәсіхтың 
жердегі 
қызметі 
кезінде көрсете бастады. Мәсіх жер бетіне 
Құдайдың жоспарын іске асырып адамзат 
баласын  құтқарып  қалу  үшін  келді,  ал 
албасты  болса,  бұл  әлемнің  оған  тиесілі 
екенін  дәлелдей  бастады.  Сол  кезге  дейін 
шайтан 
Палестинадан 
басқа 
жердің 
бұрыш  бұрышының  барлығына  пұтқа 
табынушылықтың тұқымын сеуіп үлгерген 
болатын.  Сол  себепті  Мәсіх  осы  жерге 
келіп,  айтулы  халықты  Құдайдың  нұрына 
бөлегісі келді. Осы арада екі күштің иелері 
бір  бірімен  қақтығысты.  Иса  Өзінің 
мейірімділік  пен  сүйіспеншілікке  толы 
қолын  созып  әлемге  бейбітшілік  пен 
кешірім  ұсынды.  Ал  қара  күштің  иелері 
жер  олардың  ғана  билігінде  емес  екенін, 
Иса 
жеңсе, 
олардың 
қожалықтары 
аяқталатынын 
жақсы 
білді. 
Албасты 
шынжырлаулы арыстандай ақырып, жаңа 
күшпен  адамдарға  өз  билігін  жүргізе 
бастады. 
Жаңа  Өсиет  бізге  жын  бойларын  билеп 
алған 
(жынданған) 
адамдар  болғаны 
жайлы  айтады.  Олардың  тәндері  ғана 
қасірет  шегіп  қойған  жоқ.  Иса  кіммен 
қақтығысып  тұрғанын  жақсы  білді  және 
де біліп қана қойған жоқ, оларды көрді де.  
Киелі  Жазба  Гергесин  жерінде  мұндай 
жынданған  адамдардың  көп  болғаны 
жайлы және оларды емдеу кезінде Исаның 
қандай  мейірімділік  пен  күш  көрсеткені 
жайлы 
айтады. 
Бұл 
бейшаралардың 
бойларын  беймәлім  күш  билеп  алатыны 
соншалықты,  олар  ақырғанда  ауаны 
шайқалтып,  ауыздарынан  көбік  атқылап, 
өздеріне  ғана  зиян  келтіріп  қоймай, 
қолдарына  түскен  адамдарға  да  зиян 
к е лті рі п, 
о ларды  
ме р т  
қы лған. 
Жындылардың  қансырап  бүлініп  кем 
болған  денелерін  және  ой  жүйелерінің 
істен 
шыққанын 
көргенде 
әзәзілдің 
қуанышында 
шек 
болмады. 
Осылай 
ж ы н д а н ғ а н д а р д ы ң  
б і р і  
И с а м е н 
кездескенде:  «Түмен  менің  атым,  өйткені 
біз  көппіз»  (Марқа  жазған  Ізгі  хабар  5:9) 
деген болатын. 
Рим  әскерінде  түмен  үш  немесе  бес  мың 
адамнан құралатын. Албастының әскері де 
осындай 
топтарға 
бөлінген, 
айтулы 
жындардың  тобының  құрамы  түменнен 
кем болмаған.  
  Исаның әмірі бойынша жындар өздерінің 
құрбандарын  жайына  қалдырған.  Ал 
бейшара пенделер жандары тыныш тауып 
Исаның 
маңайына 
жиналып, 
Оның 
аяғының қасында отырған. Шошқалардың 
іштеріне  кіруге  рұхсат  берілген  жындар, 
бұл  жануарларды  суға  түсіп  жоқ  болуға 
м ә ж б ү р  
е т т і .  
Г е р г е с и н  
е л і н і ң 
тұрғындарына  бұл  шығын  өте  көп  болып 
көрінгені  соншалықты,  олар  Исаның 
батасынан бас тартты, сөйтіп Исаның бұл 
маңайдан  кетуіне  тура  келді.  Албастының 
күтіп  тұрғаны  да  осы  болатын.  Әзәзіл 
табынның  қырылғанына  Исаны  кінәлап, 
адамдардың  бойында  өзімшіл  қорқыныш 
тудырды,  сөйтіп  олар  Исаның  сөзін  әрі 
қарай  тыңдағылары  келмеді.  Албасты 
адамдарды  бақытсыздыққа  ұшыратып, 
бастарын  қасіретке душар  етеді де,  өзінің 
кінәсін  Мәсіхшылардың  мойындарына 
артып  қойып,  оларды  жұртшылыққа  жек 
көрінішті қылады. 
Бірақ  Исаның  жоспары  бұзылған  жоқ. 
Жындарды 
шошқалардың 
денесіне 
енгізгенде,  Ол  сонымен  қоса  кіріс  кіргізу 
үшін  таза  емес  жануарларды  өрбіткен 
яхудейлердің  күнәларын  да  әшкереледі. 
Егер  Иса  жындарға  тыйым  салмағанда, 
олар  шошқаларды  ғана  емес,  олардың 

228 
 
иелерін  де  алып  кететін  еді.  Бұл  оқиғаны 
көрген  Исаның  оқушылары  шайтанның 
адамдарға  ғана  билігін  жүргізіп  қоймай, 
жануарларға  да  билігін  жүргізе  алатынын 
түсінді.  Құтқарушы    Өзінің  ізбасарларын 
жауларымен  жақсылап  таныстырғысы 
келді.  Сонымен  қоса  Ол,  сол  жердің 
адамдарына  қара  күштің  иесінің  кісенін 
бұзып,  тұтқындарды  босата  алатынын 
көрсетті.  Иса  ол  жерден  кеткенімен, 
зұлымдықтың  тұтқынынан  босап  шыққан 
жандар  игілік  Сыйлаушының  куәгерлері 
болып қала берді.  
Киелі  Жазбада  осыған  ұқсас  оқиғалар 
көп. 
Иса 
сирофиникияндық 
әйелдің 
қызының  ішінен  жынды  қуып  шыққан 
(Марқа  жазған  ізгі  хабар  7:26-30).  Бір 
соқыр,  мылқау,  жынды  жас  жігіт  болған. 
Оның  ішіне  кіріп  алған  мылқаулықтың 
жыны  байғұсты  «отқа  да  түсіріп,  суға  да 
лақтырып  өлтіргісі  келген»  (Марқа  жазған 
Ізгі хабар 9:17-27). Жын айналдырған тағы 
да  бір  адам  Капернаумге  келіп,  сенбілік 
ғибратнаманың 
ырқы 
— 
шырқысын 
шығарған (Лұқа жазған Ізгі хабар 4:33-36). 
О с ы  
б а қ ы т с ы з д ы қ қ а  
ұ ш ы р а ғ а н 
адамдардың 
барлығын 
Құтқарушы 
емдеген.  Барлық  жағдайларда  да  Иса 
саналыларға 
сөйлегендей, 
жындарды 
адамдардың 
ішінен 
бұйрық 
беріп 
шығарған  және  енді  қайтіп  оларды 
қинамауға әмір еткен. Мұны көрген жұрт: 
«Бұл кім Өзі, жындарға бұйрық етеді және 
жындар  оны  тыңдайды»  —  деп  таң-
тамаша  болған  (Лұқа  жазған  Ізгі  хабар 
4:36).  
  Іштеріне  жын  кіріп  алған  жандар 
әдетте  қасіретке  ұшыраған  сорлы  жандар 
болып көрінеді, бірақ кейде ережеден тыс 
жағдайлар  да  кездеседі.  Беймәлім  күшке 
ие  болу  үшін  шайтанға  өздерін  өздері 
әдейілеп  ұсынатындар  да  бар.  Әрине 
мұндай 
жағдайда 
олар 
жындармен 
қарсыласа 
алмайды. 
Шимұн 
атты 
көрікпелді, 
сиқыршы 
Һеламды 
және 
Филиппада 
Пауыл 
мен 
Шыланың 
соңдарынан  қалмай  еріп  отырған  қызды 
осыған мысал ретінде келтіре аламыз. 
  Киелі  Жазбадағы  ескертулерге  қарамай 
шайтанның  және  оның  періштелерінің 
барын  мойындамайтындарға  жындардың 
тигізетін әсері өте қауіпті. 
Шайтанның  қулығы,  зұлымдығы  жайлы 
ештеңе  білмейтін  адамдарды  ол  өз 
қаруына  айналдырып,  дегенін  істетеді. 
Бұл  адамдар  шайтанның  еркін  орындап 
жүргендерін  сезбейді  де,  барлығын  өз 
ақылымызбен 
жасап 
жатырмыз 
деп 
ойлайды.  Ақыр  тақаған  сайын  Ібіліс  өзін 
жоқ  санатып,  жұртты  соған  сендіріп, 
азғындық 
әрекеттерін 
әрі 
қарай 
жалғастыруда.  Ол  өз  істерін  білдіртпей 
жасайды,  оның  зұлымдығының  мәнісі  де 
осында жатыр.  
  Ш а й т а н  
ө з і н і ң  
қ у л ы ғ ы н ы ң 
әшкереленуінен  басқа  ештеңеден  қатты 
қорықпайды. 
Ол 
өзінің 
мінезі 
мен 
көздегенін 
жасырып 
қ алу  
үшін 
адамдардың 
оны 
мазақ 
қылып, 
келемеждегенін қалайды. Адамдар өздерін 
шайтаннан  ақылды  санап,  оны  мазаққа 
ұшыратып  жатса,  Ібіліс  оған  өте  риза 
болады.  Жұрттың  көкейінде  «шайтан  өзі 
шынымен  бар  ма?»  деген  сұрақ  туындату 
үшін,  Ібіліс  өзінің  барлығын  шеберлікпен 
жасырады. 
Діни  әлем  Киелі  Жазбада  анық  жазылған 
куәліктерге 
қарама-қайшы 
келетін 
ілімдерді 
қабылдап 
отыр 
— 
бұл 
шайтанның 
талмай 
еңбектегенінің 
нәтижесі.  Адамдар  ештеңе  білмей  қалмас 
үшін Киелі Кітапта албастының неше түрлі 
зұлымдық 
әрекеттері 
мұқият 
түрде 
жазылған және оқырман қауымға насихат 
етіліп  қалдырылған.  Егер  біздің  Иса    Эль 
Мәсіх  ибн  Мариямнан  күш  алатындай 
мүмкіндігіміз  болмаса,  албасты  өмірімізге 
орасан зор қауіп тудырған болар еді. 
Біздер  дүниемізді  жаман  адамдардан 
қорғап  қалу  үшін  үйімізге  темір  есік 
орнатып,  бірнеше  құлып  салып  бекітіп 
барып  шығамыз.  Бірақ  өз  күшімізбен 
қорғануға  қабілетіміз  жетпейтін  жаман 
періштелер  —  жындар  жайлы  өте  сирек 
ойланамыз.  Олардың  еркіне  қалсақ  бізді 
жүндей  түтіп,  көзімізді  біржола  жоятыны 
анық.  Жұрттың  қасіретін  көргенде  олар 
қатты 
қуанады. 
Құдайымыз 
қорғап 
тұрғанның 
өзінде, 
Оның 
дегенін 
орындамай,  албастыға  өз  өмірінен  орын 
беретіндердің  қалдары  өте  мүшкіл.  Бірақ 
Исаның  соңынан  жүретіндер  қорғансыз 
қалмайды.  Құдай Өз халқын  періштелерін 
жіберіп 
мықты 
бекініспен 
қоршап 
тастайды. 
Ондай 
қамалды 
бұзуға 
албастының әлі жетпейді. 

229 
 
Құдаймен  мен  албастының  арасындағы 
шамамен  алты  мың  жылға  созылған 
шайқас тамамдалатын кезеңіне жетті. Сол 
себепті  әзәзіл  Мәсіхтың  ізбасарларын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет