Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет47/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
әскермен  емес,  Менің  Рухыммен  қарсы 
тұра  аласыңдар»  —  дейді  Расул  Алла 
(Зәкария пайғамбарының кітабынан 4:6).  
«Құдайдың  назары  бізге  бағытталған 
және  біздің  тілегімізді  Ол  әр  дайым 
е с т иді ... 
Е ге р  
бі з  
ж ақс ы лы қ т ы 
қызғанышпен  қорғай  білсек,  кім  бізге 
зұлымдық жасай алады?» (Петірдің бірінші 
хаты 3:12-13). 
Шұғайып  дүниеге  қызығып,  сиқырын 
Ысрайылға бағыттап, құрбандығын шалып 
Құдайдың 
халқына 
қарғыс 
атқысы 
келгенде,  Алланың  Рухы  бұл  зұлымдықты 
тоқтатуға  кедергі  қойды.  Сонда  Шұғайып 
ышқынып:  «Құдай оларды қарғамаса, мен 
қалайша 
қарғаймын? 
Құдай 
оларға 
зұлымдық 
жасамаса, 
қалайша 
мен 
жасаймын?» деп айғайлап жіберді. Екінші 
рет  құрбан  шалынған  кезде  жексұрын 
пайғамбар  Шұғайып  алғашқыда  айтқан 
қарғысын 
қайталағысы 
келді, 
бірақ 
аузынан  қарғыстың  орнына  бата  шыға 
бастады.  Үшінші  рет  құрбан  шалынған 
кезде  Шұғайып  қарғысын  үшінші  мәрте 
қайталағысы  келіп  еді,  оның  аузымен 
Киелі 
Рух 
сөйлеп: 
«Саған 
батасын 
беретіндер 
баталы 
болсын, 
қарғыс 
ататындар  өздері  қарғысқа  ұшырасын!» 
д е п  
ж а р и я  
е т т і  
( С а н а қ 
23:8,10,20,21,23;24:9). 
Ол  кезде  Ысрайыл  халқы  Құдайға  адал 
болған. 
Сол 
себепті 
оларды 
ешкім, 
ешқандай күшпен ала алмады. Кейін олар 
албастының  соңынан  еріп  кетіп  күнәға 
батқанда,  бір  кездері  Шұғайыптың  оларға 
атпақ  болған  қарғысы  сатқындардың 
бастарына өзінен өзі жетті.  
  Ең  әлсіз  деген  жанның  өзі  Мәсіхқа  шын 
ниетімен  бұрылған  адал  адам  болса,  онда 
ол  қара  күштерге  қарсы  шайқаста  оларға 
төтеп  бере  алады.  Бұл  шайқасқа  Ібілістің 
өзі  қатысса  да  оны  жеңе  алмайды.  Сол 
себепті    албасты  адамдарды  Мәсіхтың 
қорғанынан  алдап  шығаруға  тырысады 
және  торуылда  аңдып  отырып,  өзінің 
жерін  басқан  адамның  көзін  жойып 
жіберуге  дайын  тұрады.  Егер  де  біз 
Құдайға  сеніп,  Оның  заңын  бұлжытпай 
орындап  отырсақ  қауіпсіз  боламыз.  Біз 
тілек  тілеу  арқылы  Құдаймен  үздіксіз 
байланыста  болмасақ,  албастының  құрған 
торына сөзсіз түсеміз. Әсіресе Құдай сөзін 
зерттеген кезде Оның бізге даналық беруін 
тілеуіміз  керек.  Бұл  кітапта  албастының 
қандай  қылықтар  жасайтыны  туралы 
және 
оған 
қарсы 
қандай 
қаруды 
пайдалану  керектігі  жайлы  жазылған. 
Сайтан Киелі Жазбаны жақсы біледі және 
ондағы  жазуды  өзінше  талқылап,  бізді 
ақиқаттан  тайдырып  жібергісі  келеді.  Біз 
Киелі  Кітапты,  Құдайға  тәуелді  екенімізді 
ұмытпай, 
Оған 
мойынсұна 
отырып 
оқуымыз  керек.  Жауымыздың  алыста 
емес,  қасымызда  тұрғанын  естен  бір  сәт 
шығаруға болмайды. 

234 
 
Адамзат  тарихының  ең  басында  албасты 
зұлымдық әрекеттерін  қулықтан бастады. 
Көкте 
бастаған 
шайқасын 
жерде 
жалғастыруды ойлады. 
Адам  —  ата  мен    Қауа  —  ана  Құдайдың 
оларға  әдейілеп  дайындаған  керемет 
жерінде  Жаратқанның  заңы  бойынша 
өмір  сүріп  жатты.  Жұбайлар  өздерінің 
ғажайып  әлемінде  өте  бақытты  болды. 
Оларды  сырттай  бақылап  жүрген  албасты 
«Құдай  заңымен  өмір  сүру  мүмкін  емес» 
деген  тұжырымының  теріс  шыққанын 
көріп,  іші  удай  ашыды.  Ол  жұбайларды 
күнәға  батырып,  Құдай  мен  адамдардың 
арасын  ажырастырып,  жердің  билігін  өз 
қ олы на 
алы п, 
со нд а 
Құ дайд ы ң 
патшалы ғына 
қарсы  
келетін 
өз 
патшалығын  орнатпақ  болып  нық  шешім 
қабылдады.  Сол  бетінше  ол  жұбайларға 
келсе  тойтарыс  алатыны  әрине  белгілі, 
өйткені олар бұл қауіпті жау жайлы алдын 
ала  хабарлас  болған.  Сондықтан  Ібіліс 
қулыққа  кірісті.  Сырт  бейнесі  өте  әдемі 
көрінетін  жәндік  —  жыланды  делдал 
ретінде  пайдаланып,  Қауананы  сөзге 
тартты:  «Құдай  сендерге  бақтағы  ешбір 
ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен 
айтты  ма?»  (Болмыс  3:1).  Егер  Қауа  ана 
жыланмен 
сөйлеспесе, 
ештеңе 
де 
болмайтын  еді.  Бірақ  әйел  осы  арада 
қателесіп,  албастының  құрған  торына 
түсті. Қазірдің өзінде көпшілік жандар дәл 
осылай  алданады.  Алланың  бұйрығын 
орындағанның  орнына,  Оның  заңына 
күмәнданып,  албастының  қаруы  болып 
тұрған 
адамның 
теориясын 
тезірек 
қабылдайды. 
Әйел 
жыланға: 
«Бақтағы 
барлық 
ағаштардың жемісін біз жей аламыз, бірақ 
жұмақтың  ортасында  тұрған  ағаштың 
жемісін  жеуге  бізге  тыйым  салынған». 
Алла:  «Мына  ағаштың  жемісін  жемеңдер, 
оған  жанаспаңдар,  әйтпесе  өлесіңдер»  — 
деді.  Жоқ,  өлмейсіңдер,  бірақ  ол  ағаштың 
жемісін  татқан  күні  көздерің  ашылып 
құдайларға 
ұқсап 
жақсылық 
пен 
жамандық  атаулының  барлығын  танитын 
боласыңдар  —  деп  жариялады  шайтан. 
Сонан  соң  Қауа  ана  жыланның  сөзіне 
сеніп  сол  ағаштың  жемісін  өзі  де  жеді, 
Адамға да жегізді. Адамдар:  «Құдай біздің 
бостандығымызды  шектеп  тұр  екен,  егер 
біз  Оның  сөзін  аттап  өтсек,  үлкен 
жетістіктерге  жетіп,  данышпан  болып 
шыға  келетініміз  анық  шығар»  —  деп 
ойлады.  Осылайша  олар  қателесіп  күнәға 
батты.  
   Албастының 
айтқанындай 
Адам 
болмыстың ең жоғарғы сатысына көтеріле 
алды    ма?    Жоқ.     Құдайдың     үкімінің 
мағынасы     мүлдем     басқаша болатын. 
Адам      «бұл            ағаштың              жемісін       
татқан    күні    өлесіңдер» —  деген сөздің 
мағынасын        сонда        ғана        ұқты. 
Шайтанның  «көздерің  ашылады»  дегені 
ғана 
рас 
болып 
шықты. 
Олардың 
шынымен  де  көздері  ашылды  және 
адамдар  өздерінің  қандай  сорақы  күйде 
тұрғандарын көрді. 
  Бақтың  ішінде  өмір  ағашы  болатын. 
Егер адам күнә жасамағанда, сол ағаштың 
жемісін  жеп  мәңгі  өмір  сүре  беретін  еді. 
Енді  ол  мұндай  мүмкіндіктен  айрылды. 
«Топырақтан  жаралдыңдар,  топыраққа 
қайрадан  айналасыңдар»  —  деген  сөз, 
«өмір 
толығымен 
тоқталады» 
деген 
мағынаны  білдіреді.  Күнә  жасағандықтан 
адам  мәңгіліктен  айрылды,  яғни  Құдайға 
бағынған жағдайда ғана оған уәде етілген 
мәңгілік  күнә  жасалғаннан  кейін  өз мәнін 
жойды. 
Адам 
өзінде 
жоқ 
нәрсені 
ұрпақтарына  бере  ала ма? Қолындағысын 
ғана  бере  алады.  Осылайша  бір  адам 
арқылы  күнә,  ал  күнәмен  қоса  өлім біздің 
әлемге  енді  де,  тұқым  қуалап  барлық 
адамзат 
баласына 
тарады. 
Бірақ 
Құдайдың  адам  баласына  деген  мейірімі 
мол  ғой.  Мәсіх  «Ізгі  хабар  арқылы  өлімнің 
к і с е н і н  
б ұ з ы п ,  
д ү н и е г е  
ө м і р 
әкелді»  (Римдіктерге  арналған  хат  5:12, 
Тімотеге  арналған  екінші  хат  1:10).  Адам 
Мәсіх Иса арқылы ғана мәңгілік өмірге ие 
бола  алады.  «Құдайдың  рухани  Ұлына 
сенушілер  мәңгілік  өмірді  иемденеді.  Ал 
оны  тыңдамағандар  шын  өмірді  көрмей, 
мәңгілікке  көз жұмады»  (Жоһан  3:36).  Бұл 
батаны    жақсы  істерден  атақ,  абырой 
және  мәңігік  іздеген  кез  келген  жан  ала 
алады. (Рим.2:7). 
33 
Алғашқы алып алдану  

235 
 
  Адамға  өмір  беруге  уәде  еткен  Ібіліс 
өтірікші  болып  шықты.  Шын  мәнінде 
«Сендер  өлмейсіңдер»  дегенде  жылан 
әйелге  «адамның  жаны  өлмейді»  деген 
жалған ілімді уағыздады. Бұл хабар қазіргі 
кезде  барлық  христиан  шіркеулерінде 
уағыздалып  келеді.  Және  оны  көпшілік 
жандар  қол  соғып  қарсы  алады.  «Күнә 
ж а с а ғ а н  
ж а н  
ө л е д і »  
( Е з е к і л 
пайғамбарының  кітабынан  18:20)  деген 
Алланың  үкімі,  «күнә  жасаған  жан 
өлмейді, 
мәңгілік 
өмір 
сүреді» 
деп 
бұрмаланады. 
Құдайдың  сөзіне  сенбей,  албастының 
сөзіне  иланатын  көкірегі  соқыр  жандар 
қаншалықты  көп  десеңізші.  Адам  —  ата 
күнә  жасағаннан  кейін,  ешкім  оған 
жақындай  алмас  үшін  жалындап  тұрған 
найза  ұстаған  періште  өмір  ағашын 
күзететін  болды  (Болмыс  3:24).  Адамның 
жанұясының  біреуі  де  бұл  шекараны  бұза 
алмады.  Күнәнің  мәңгілік  қалып  қоюына 
жол  берілмеді.  Сондықтан  да  жандары 
мәңгі өмір сүретін күнәкарлар жоқ.  
Бұдан  кейін  албастының  періштелері 
«адамның  жаны  ешқашанда  өлмейді» 
деген  тұжырымға  оларды  сендіріп  болған 
соң,  «мәңгілік  дозақ  бар»  деген  ілімді 
шығарды. 
Ібіліс: 
«Күнәкардың 
жаны 
дозаққа  түсіп,  ол  мәңгілік  қиналады,  ал 
Құдай  мұны  көріп  рахаттанады»  —  деп, 
Алланы 
адамдарға 
жауыз 
қылып 
көрсеткісі келеді. Сөйтіп өзінің бойындағы 
«сапасын» әділетті, мейірімі күшті, мәңгілік 
махаббат Иесі  — Құдайға жапсырып, оны 
қарамайлайды. Алғашқы көтерілісші біздің 
әлемімізге 
күнә 
әкелгенше, 
Құдай 
жаратқан  бұл  дүние  тап-таза,  пәк  және 
сұлу 
болған. 
Адамды 
алдап 
күнәға 
итермелейтін  оның  жауы  —  Ібіліс.  Ол 
ешкімді  де  аямайды,  бәрін  қырып  салуға 
дайын 
тұр. 
Егер 
бұл 
іске 
Алла 
араласпағанда  Адам  атаның  бір  де  бір 
ұрпағы  «құтқарылам»  деп  үміттене  алмас 
еді. 
Албасты 
әуел 
баста 
біздің 
бабаларымызды 
алдағандай 
Құдай 
заңының  әділетті  екеніне,  тіпті  оның  бар 
екеніне  күмән  туғызып  адамзат  баласын 
алдап  келеді.  Ол  Құдайды  күңгірт,  қара 
бояулармен суреттейді. «Әділетсіз әміршіге 
бағынбағандықтан  көктен  қуылдым»  деп 
өзін  бәріне  құрбан  қылып  көрсеткісі 
келеді.  Егер  мен  әміршілерің  болғанда 
«осындай  кереметке  ие  болатын  едіңдер» 
деп  адамдардың  қиялын  қоздырып,  неше 
түрлі  ғажайыптарды  елестетіп,  оларды 
армандатып қояды.  
Қысқа 
ғана 
ғұмырында 
жасаған 
қателіктері  үшін  «адам  мәңгілік  дозақ 
отына  түседі»  деген  ілімнің    мейірімі 
шексіз  Алланың  сүйіспеншілігімен  сәйкес 
келмейтінін  адам  қалай  ғана  түсінбейді 
екен?  Өкінішке  орай  бұл  ілім  барлық 
ж е р ле р ге  
у а ғы з д а лы п , 
к ө п т е ге н 
М ә с і х ш ы ла р д ы ң  
д о к т р ин а л ар ы н а 
(ережелері)  нығыз  енген.  Дін  зерттеуші, 
көрнекті  докторлардың  бірі  өз  сөзінде  : 
«Дозақ  отына  түскен  қиналушыларды 
көргенде,  әділеттілердің  мәңгілік  бақыты 
күшейе  түседі.  Өзіне  ұқсастардың  сорақы 
жағдайларына 
қарап 
олар 
өздерінің 
соншалықты 
биік 
екенін 
сезініп, 
рахаттары  екі  еселенеді»  —  дейді.  Оның 
әріптестерінің 
тағы 
бірі: 
«Оларға 
шығарылған  үкім  кек  сауытының  үстінен 
мәңгілік  тоқтаусыз  айтылып  тұрады  және 
күнәкарлар  жанып  жатқан  отың  түтіні 
мейірімділік 
сауытының 
алдынан 
жоғарыға 
көтеріліп 
жатады, 
бірақ 
әділеттілер  бұл  сорлыларға  аяушылық 
білдірмейді,  керісінше  «Жаратқан  Иеміз 
жасасын!» деп шабыттана дауыстайды» — 
деп жазады. 
Неткен  кешшелік  десеңізші?  Мұндай 
ілімді  Киелі  Кітаптың  қай  бетінен  табады 
екенсіз?  Сонда  ақталғандардың  басқасын 
былай қойғанда, қарапайым рақымшылық 
сезімнен  жұрдай  болғаны  ма?  Немесе  ол 
сезімдердің 
орнына 
жабайылардың 
қатыгездігі  келе  ме?  Әрине  жоқ.  Киелі 
Жазбада  олай  деп  жазылмаған.  Мұндай 
ілімді  уағыздайтындар  —  олар  білімді, 
тіпті  сый  құрметке  бөленген  адамдар 
болуы  мүмкін  —    Ібілістің  ізбасарлары 
болып 
табылады. 
Айтулы 
жандар 
албастының  жетекшілік  етуімен  Киелі 
Жазбадан  соның  өзіне  тән  қатыгездіктер 
пен  қауіп-қатерлерді  тауып,  солайша 
Жазбаны  кері  талқылап,  Құдайдың  атына 
кір келтіреді.  
Раббым  Алла:  «Мен  күнәкардың  өлгенін 
қаламаймын, 
жаман 
жолдан 
тайып, 
жақсы  жолға  түсіп  тірі  болсын»  дейді 
(Езекіл пайғамбарының кітабынан 33:11). 
Күнәкарлар 
дозаққа 
түсіп 
өртенеді 
дерлік. 
Сонда 
олардың 
қиналған, 
жанкешті  дауысы  мейірімді  Аллаға  тәтті 
күймен бірдей болмақ па? 
Құдай  Өзінің  күнәні  жек  көретінін 
ғаламға  осылай  көрсетеді  деген  пікір  бар. 
Бұл  Құдайды  ғайбаттау,  ондай  ілімді 
тарататындар 
албастының 
жетегінде 
жүрген  байғұстар.  Күнәні  жек  көретін 
Құдай  қалайша  оны  мәңгілік  ескерткіш 
қылып 
қалдырады? 
Көптеген 
дін 
зерттеушілердің ойынша мәңгілік азаптың 
барлығы 
күнәкарларды 
одан 
бетер 
ерегістіріп,  үсті  үстіне  күнә  жасауға 
итермелейді. 
Күнәнің 
еселене 
түсуі 

236 
 
Алланың 
атағын 
шығаруға 
ықпалын 
тигізбейді. 
Мәңгілік 
азап 
туралы 
доктринаның 
әлемге  қаншалықты  зұлымдық  әкеліп, 
зиянын  тигізгенін  адамдар  өздері  толық 
түсінбейді  де.  Киелі  Жазба  неше  түрлі 
сұмдық 
суреттермен 
«әшекейленген». 
К ө пш і лі к  
ж а нд а р д ы ң  
Қ ұ д а йд а н 
қорқатыны  да,  тіпті  оны  жек  көретіні  де 
сондықтан.  Шіркеулерде  Құдай  туралы 
қате пікірлер уағыздалғандықтан, дүниеде 
м илл ио нд ағ ан 
қ ұ д а йс ы з д ар  
м е н 
скептиктер  қаптап  кетті.  Мәңгілік  азап 
туралы  теория  —  барлық  халықтарды мас 
қылған  Бабылдың  шарабының  санын 
құрайтын 
жалған 
ілімнің 
бірі 
(Аян 
1 4 : 8 ; 1 7 : 2 )  
қ а р а .  
М ә с і х т ы ң 
қызметкерлерінің  бұл  жүрек  айнытатын 
ілімді  қабылдауы  және  оны  басқаларға 
таратуы шынымен де құпия. Мәңгілік азап 
туралы 
пікір 
сенбіні 
жексенбіге 
ауыстырып  қойғандай  әзәзілдің  адамға 
таңып  қойған  пәлесі.  Ақиқатты  жете 
білмей осы ілімді уағыздаған және өмірден 
өтіп кеткен мейірімді жандар аз болмаған. 
Олар білгендері үшін ғана жауап береді. Ал 
біз,  яғни  кейінгі  ұрпақ  өзімізге  түскен 
сәулеге 
сай 
өмір 
сүруіміз 
керек. 
Қаншалықты 
білсек, 
Құдай 
алдында 
соншалықты  жауаптымыз.  Егерде  біз 
«аталарымыз  солай  өмір  сүрген,  біз  де 
солардың  ізімен  жүреміз»  деп  ашылып 
тұрған  ақиқатты  аяқ  асты  етсек,  онда 
заңсыздықтың  шарабын  ішкеніміз  үшін 
Бабылға  шығарылған  үкім  бізге  де 
шығарылады. 
  Көпшілік жандар мәңгілік дозақ болады 
деген  ұғыммен  келіспейді,  сөйтіп  қарама-
қайшы адасушылыққа  бой ұсынып, соған 
иланып  алады.  Олар  Киелі  Кітапта 
суреттелетін  Құдай  сүйіспеншілікке  толы 
және  мейірімді,  сондықтанда  мәңгілік 
дозақ  болмайды  дейді.  Десе  де  «адамның 
жаны 
табиғатына 
сай 
ешқашанда 
өлмейді,  ол  мәңгілік»  деген  көзқарасқа 
тоқталып,  ең  соңында  барлық  адамдар 
құтқарылады  деп  тұжырымдайды.  Енді 
біреулер 
Киелі 
Жазуда 
берілген 
е с к е р т у л е р д і ң  
ш ы н  
м ә н і н д е 
орындалатынына  көңіл  аудармай,  оның 
бәрі  адамзатты  қорқытып  бағындырудың 
құралы  деп  есептейді.  Сонда  күнәкар 
қалай  өмір  сүрем  десе  өз  еркінде  болғаны 
ғой.  Құдайдың  мейірімін  мойындайтын, 
бірақ  Оның  әділеттілігін  жаратпайтын 
пенделерге  мұндай  ілім  ұнайды  және  ол 
заңсыздықтың  көбейе  түсуіне  жол  ашып 
береді. 
«Адамзат  түгел  құтқарылады»  деп,  Киелі 
Кітапты  қате  талқылайтындардың  іліміне 
олардың 
айтқан 
сөздерін 
дәлелдеме 
ретінде келтіруге болады. 
Кездейсоқ  жағдайда  қайтыс  болған  бір 
жас  жігітті  жерлеу  рәсімі  кезінде  діни 
қызметкер 
Киелі 
Жазбадан 
Дәуіт 
пайғамбарға 
қ ат ыст ы 
жазы лған: 
«Аманайдың  қазасымен  қазасы  басылды» 
деген жолдарды оқып берді (Патшалықтар 
туралы екінші жазба 13:39). 
«Менен жиі сұрайды — деп, жалғастырды 
сөзін  қызметкер.  Қылмыс  үстінде  немесе 
арақ  ішіп мас  болып  тұрған  кезде  қайтыс 
болып кеткен адамдардың тағдыры қалай 
шешіледі?  Бұған  Киелі  Жазбадан  жауап 
таба  аламыз.  Аманай  күнәкар  адам 
болатын.  Ол  өте  бұзақы  қылмыскер  еді 
және дәл арақ ішіп алып мас болып тұрған 
кезінде  өлтірілді.  Ал  оның  әкесі  Дәуіт 
болса,  Құдайдың  пайғамбары  болған. 
Баласы  өлгеннен  кейін  патша  қандай 
күйде  болды?  Оны  алдағы  уақытта  не 
күтіп тұрғанын әлбетте білген болар? 
«Патша 
Әбілсаламды 
қуғындағанын 
тоқтатты,  өйткені  Аманайдың  қазасымен 
қайғысы 
басылды». 
Осыдан 
қандай 
шешімге 
келуге 
болады? 
Баласының 
өлгенін 
көре 
тұра 
ол 
қалайша 
тынышталды?  Бұл  қалай  болғаны?  Неге 
өйтті? 
Себебі 
пайғамбар 
баласын 
болашақта  не  күтіп  тұрғанын  көреген 
көзбен  көріп  тұрды.  Оның  баласы  барлық 
күнәларынан  босатылып,  әділеттілердің 
қатарына қосылды» — деді әлгі қызметкер. 
Сонда біздің құтқарылуымыз қандай дінді 
уағыздайтынымызға,  жүрегіміздің  қандай 
болғанына,  өмірдегі  жасаған  істерімізге 
байланысты  болмағаны  ма?  Осылайша 
Мәсіхтың  жалған  қызметкері  бір  кездері 
Бейіш 
бағындағы 
жыланның: 
«Жоқ, 
сендер  өлмейсіңдер...  дәмін  татқан  күні 
көздерің  ашылып,  құдайлармен  бірдей 
боласыңдар» 
деген 
өтірік 
сөздерін 
қайталағаны 
ғой. 
Оның 
айтуынша 
күнәкардың 
көкелері 
— 
баскесер 
қарақшылар,  жезөкшелер,  арамтамақтар 
азғын  адам  болғандарына  қарамастан, 
өлгеннен  кейін  жұмақтың  төрінен  бірақ 
шығатыны  ғой.  Бұл  діни  қызметкер 
қандай  негізге  сүйене  отыра,  Құдай  сөзін 
соншалықты  бұрмалаған  екен?  Оның 
уағыздап 
тұрғаны 
жалған 
гипотеза. 
Адамның 
жүрегін 
тербетіп, 
арын 
тыныштандыратын  тәтті  ертегі.  Неліктен 
пайғамбар 
солай 
сөйледі? 
Адамның 
Құдайдың  еркін  өзгертетін  лажы  жоқ. 
Дәуіт  патша  Құдайдың  еркіне  бағынды. 
Уақыт  жан  жарасын  жұмсартты,  енді  ол 
қылмыс  жасап,  жазадан  қорқып,  жаны 
күйзеліп  қашып  жүрген  екінші  баласы 
Әбілсаламның қамын ойлады. 

237 
 
Егерде  дінді  уағыздаушылар  адамға 
жоғарыда  сөз  болғандай  жалған  ілімді 
жапсырып және оны соған сендірсе, онда 
күнә  мен  кесірдің  гүлденіп  жатқанына 
несіне таң қаламыз? 
Дәл  осы  өтірікші  мұғалім  секілді  Ібілістің 
қызметкерлері толып жатыр. Олар мәтінді 
түгел  оқымай,  жазбадан  бір  екі  сөзді 
жұлып  алып,  жағдайды  өз  еркілерінше 
талқылай бастайды. 
«Маскүнем Аманай көкте болады» — деген 
ұ й ғ а р ы м ,  
а д а м н ы ң  
ж а с а ғ а н 
қорытындысы.  Ал  Киелі  Кітап  бізге: 
«Маскүнемдер 
Құдай 
патшалығына 
кірмейді» деп тіке айтады (1Қор.6:10) оқы. 
Осылайша 
барлық 
күмәнданатындар, 
имансыздар, 
скептиктер 
ақиқатты 
өтірікке  айналдырады.  Егер  өлгеннен 
кейін  барлық  адамдар  көкке  көтерілетін 
болса,  онда  біз  өмір  сүргеннен  гөрі 
өлгенімізді  көбірек  тілер  едік.  Мұндай 
алдамшы  көзқарас  адамдарды  өздерін 
өздері  өлтіруге  дейін  жеткізеді.  Өмірдің 
қиындығына  төзбегендер,  қамыққандар, 
әр 
түрлі 
ауыртпалықтарды 
көтере 
алмағандар мәңгілік бақыт әлеміне тезірек 
жету  үшін  өз  еріктерімен  өмір  пернесін 
үзіп тастап жатты. 
  Алла өз сөзінде: «Құдай заңын бұзғандар 
ж а з а л а н а д ы »  
д е й д і .  
« Қ ұ д а й д ы ң 
кешірмейтін  жазасы  жоқ»  деп  өздерін 
өздері 
алдайтындар, 
айқыш 
ағашқа 
қарасын.  Құдайдың  жазықсыз  рухани 
Ұлының  айқыштағы  өлімі  —  күнә  үшін 
жаза 
тағайындалатынын 
дәлелдейді. 
Алланың 
қасиетті 
заңын 
бұзғандар 
жауапсыз 
қалмайды. 
Күнәсіз 
Мәсіх 
адамзат 
баласын 
мәңгілік 
өлімнен 
құтқарып  алу  үшін  күнәкар  болды.  Ол 
адамдардың  күнәсін  Өз  мойнына  алды, 
сол  үшін  Көктегі  Әкеміз  Оны  күнәнің 
құрбаны  қылып  қалдырды.  Мәсіх  жанын 
адамзат  баласы  үшін  қиды.  Өйткені 
күнәкар  пенделер  үшін  құтқарылудың 
басқа  жолы  жоқ  болатын.  Осыншалық 
қымбат 
бағамен 
алынған 
татуласуға 
қатысудан  бас  тартатындар,  өз  күнәлары 
үшін  жазаны  өздері  тартады.  Діни 
ұстаздар  көкке  апарып  періштелердің 
қатарларына  қосып  қоятын  құдайсыздар 
мен 
тәубәларына 
түспеген 
арсыздар 
жайлы Киелі Жазба не дейді екен? 
«Шөлдегендерді тірі судың қайнар көзінен 
с у с ы н д а т а м ы н » .  
Б ұ л  
а қ и қ а т т ы 
аңсайтындарға,  шынымен  шөлдегендерге 
берілген аян. «Жеңгендерді мұрагер етемін, 
олар  Менің  балаларым  болады,  ал  Мен 
олардың  Әкесі  боламын»  (Аян  21:6,7).  Бұл 
арада шарт қойылған, уәделі құтқарылуды 
күнәмен  шайқасып  жеңсек  қана  аламыз. 
«Әділетті  өз  ісінің  жемісін  жейді,  ал 
заңсыздық 
жасайтындар 
қайғырсын, 
себебі  олар  істеріне  қарай  жазаларын 
алады» (Ишая 3:10,11). 
«Күнәкар  жүз  жерден  күнә  жасап 
қасарысқанымен  —  дейді  данышпан 
патша  Сүлеймен,-  мен  білемін  Құдайдан 
шын  қорқатындар  игілікке  бөленеді,  ал 
зұлымдарға 
ешқандай 
да 
жақсылық 
жоқ»  (Сүлеймен  патшаның  кітабынан 
8 .1 2 ,1 3 ) . 
« Б і р ақ  
с е н 
ж ү р е гі ңд і 
қасарыстырып  теріс  жолдан  қайтудан 
қыңырлана 
бас 
тартасың. 
Осылай 
Құдайдың  гаһары  төгіліп,  әділ  үкім 
жарияланатын 
күні 
өзің 
тартатын 
жазаңды  ауырлатасың.  Құдай  әркімнің 
істеген 
ісіне 
қарап 
қарымтасын 
қайтаратын  болады.  Жамандық  істеген 
әркімді  —  алдымен  яхуданы,  сондай-ақ 
басқа  ұлт  адамдарын  да  азап  пен  қысым 
күтіп тұр (Римдіктер 2:5,6,9). 
«Таза  жүріп,  таза  тұрмайтындар  (ниеті 
қаралар), 
жезөкшелер, 
өтірікшілер, 
әзәзілдер,  пұтқа  табынушылар  Мәсіх  Иса 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет