Әлеуметтану дифф зачет


 Девиация мен əлеуметтік бақылау



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата22.10.2022
өлшемі381,11 Kb.
#44915
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
15. Девиация мен əлеуметтік бақылау.
Девиация сөзі латын тілінен аударғанда deviate деген сөзден шыққан. Deviate
ауытқу дегенді білдіреді. Девиантты мінез құлық бұл адамның қоғамдық,
топтық нормалардан ауытқыған мінез құлқы. Адамның іс əрекеті, мінез
құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге жəне одан күтілетін əрекеттерге,
құндылықтарға сəйкес келмеуі. Девиантты мінез құлықтың мəнін ашу
“норма” түсінігімен байланысты. Өйткені норманы бұзған, яғни нормадан
ауытқыған адамның мінез құлқы девиантты мінез құлық болып табылады. 
Əлеуметтік норма бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған тұлғаның,
əлеуметтік топтың немесе ұйымның шектелген іс əрекеті. Норма мінез
құлықтың реттелуін қамтамасыз етеді жəне мінез құлыққа əлеуметтік
қадағалау жасайды. ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында девиатты
мінез құлықтың биологиялық жəне психологиялық себептерін түсіндіретін
трактаттар шыға бастады. Итальяндық дəрігер Ч.Ломброзо қылмыстық
əрекет пен адамның биологиялық ерекшеліктері тікелей байланысты деп
түсіндіреді. Американдық психолог В.Шелдон да адамның дене бітімінің
маңыздылығын атап көрсетеді. Девиантты мінез құлықты əлеуметтанулық
тұрғыдан ең алғаш болып Э.Дюркгейм түсіндірді. Ол əлеумееттік жəне
мəдени факторлардың мəнін ашатын “аномия” түсінігін ұсынды. Аномия бұл


реттіліктің, заңдылықтың болмауы. Сонымен қатар, девиантты мінез
құлықты зерттеген Р.Мертон болып табылады. Р.Мертон девиацияның себебі
қоғамның мəдени мақсаттары мен оған қол жеткізудің əлеуметтік қолдау
тапқан құралдары арасындағы алшақтықта деп санайды. Р.Мертонның пікірі
бойынша адамдар алдына мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін түрлі
жолдарды таңдайды. Мəселен, жақсы немесе жаман жолдар. Жақсы жолмен
мақсатына жете алмаған адам жаман жолмен жетуі мүмкін, бұны да
девиацияның бір түріне жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет