Әлеуметтану дифф зачет


 Дін феномені: мəдени жəне əлеуметтанулық перспектива



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата22.10.2022
өлшемі381,11 Kb.
#44915
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
17. Дін феномені: мəдени жəне əлеуметтанулық перспектива.
Кез келген мəдениеттің алғашқы негізі қандай да бір халықтың əлемтануына
тəн ұғымдық-логикалық аппарат, яғни белгілі бір ұғымдар мен нұсқауларда
баяндалған жəне тілде тіркелген байыпты тəжірибе болып табылады. Тіл -
адам тəжірибесін жинақтау, сақтау жəне берудің шынайы нысаны. Тілді
белгілі бір мағыналарға ие таңбалар мен символдар ретінде анықтауға
болады. Индивидтер таңбалар мен символдардың мағыналарын əлеуметтену
барысында, яғни тəрбиелену жəне білім алу барысында
меңгереді.Мəдениеттің маңызды элементтері нанымдар, діншілдік,
білімдер болып табылады. Нанымдар мен діншілдікте адамдардың
шындығында да нені ұстанатыны, өзінің қызметінде жəне қатынастарында
нені басшылыққа алатыны, олардың жүріс-тұрысы үлгілері нені қамтитыны
көрінеді. Нанымдар мен діншілдік негізінде білім жатыр. Діншілдік
ақпараттың жетіспеушілігі болғанда, қандай да бір ақпараттың
ақиқаттылығын тəжірибе жүзінде растау мүмкіндігі болмағанда қалыптасады.
Діншілдікке қарағанда нанымдардың мəні болмыс туралы логикалық
негізделген жəне тəжірибе жүзінде расталған білім болады. Алайда нанымдар
мен діншілдіктің біліммен байланысты болатыны сөзсіз. Білім нанымдарға
жəне діншілдікке қандай да бір мағынаны беріп, оларды идеямен
толықтырады.
Əлеуметтік нормалары - тарихқа байланысты қоғамдық болмыстың индивид
қызметіне жəне қатынастарына, əлеуметтік топтарға, таптарға жəне шынайы
жағдайларға сəйкес қызметті жəне қатынастарды ұйымдастырудың қоғамдық
қажеттілігін білдіретін қоғамдық институттарына қоятын талаптары. Олар
қоғамдағы жүріс-тұрыстың жалпы қағидалары болып табылады. Барлық
адамдарға, əлеуметтік топтарға, бүкіл халықаралық қауымдастыққа тəн
мүдделерді, құндылықтарды білдіретін əлеуметтік нормалар жалпы адами
нормалар деп аталады. Бұл нормалар əділеттік жəне гуманизм, адам


құқықтарына құрмет жəне т.с.с. белгілейді. Əлеуметтік нормалар қоғамда
бірнеше маңызды функцияларды атқарады. Олар:

жүріс-тұрыс эталондары қызметтерін атқарады;

индивидтерді топтарға, топтарды қауымдастықтарға біріктіреді;

əлеуметтанудың жалпы барысын реттейді;

жүріс-тұрысты бақылайды.
Тарихтағы ең алғашқы əлеуметтік нормалар ғұрып нормалары болып
табылады. Ғұрып нормалары - көп рет немесе ұзақ уақыт бойы қолдану
нəтижесінде адамдардың əдетіне айналып, осылайша олардың
жүріс-тұрысын реттейтін жүріс-тұрыс қағидалары. Ғұрып - жүріс-тұрыстың
қалыпты нормасы, оның орныққан нысанында орындалуы. Адам өзінің
күнделікті өмірінде үнемі əдетті басшылыққа алады. Күнделікті əдеттермен
салыстырғанда ғұрыптар – əлеуметтік тұрғыда маңызды құбылыстарға
қатысы бар жүріс-тұрыстың жаппай үлгілері болып табылады. Мысалы,
қонақжайлылық ғұрпы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет