Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау.
Алматы Технологический Университет
Орындаған :Тұрсын Ақерке
Тургинбай Жанерке
ТОП 21-11Тексерген: Махмутов Бекен Лесбекович
ЖОСПАР
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................................4
2.1 Әлеуметтанудың пәні мен объектісі............................................................4
2.2 Әлеуметтану пәнінің қалыптасу категориялары.....................................7
ҚОРЫТЫНДЫ.....
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін XIX ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды.
2.1
Бұл зерттеулердің басты мақсаты – объект, құбылыс, процесс және
мәселелер арасындағы басты, қажетті, тұрақты
, қайталанатын, мәнді, маңызды байланыс, қатынастарды
логикалық тұрғыдан зерттеу.
Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б.
«Әлеуметтік» деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдірістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі – «қоғамдық» , екіншісі – «әлеуметтік», Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде «қоғамдық», «қоғадық қатынастар» ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең қолданып, осыған, сәйкес «Әлеуметтік қатынастар» ұғымы туралы айтқан.
Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударды. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлдық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қорытындылай келе, әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады.
Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда - еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.
Назарларыңызға рахмет
Орындаған : Тұрсын Ақерке
Тургинбай Жанерке
ТОП 21-11
Тексерген :Махмутов Бекен Лесбекович
Алматы 2022
Достарыңызбен бөлісу: |