Махаббатпен
жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл,
Ойлан-дағы үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолыңа малың түгіл.
Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы,
Осыларды бұзатын және үш іс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой - онан шошы, -
дейді.
Ахмет Йассауи өз хикметтерінде алланы танып-білу, сүю арқылы ғана бүкіл адамзатты сүюге болады деген пікір айтады:
Менің хикметтерімді надан естімес,
Ділі, көңілі қара кеңесімді білмес -
Тән сөйлемес,
жас сөйлемес, иман сөйлер,
Жаннан кешкен шын ғашықтар хақты көздер.
Абай:
Алланың, пайғамбардың жолындамыз,
Ынтамызды бұзбастық иманымыз.
Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі,
Кәні біздің нәпсіні жиғанымыз? –
деп жырлайды.
Сондай-ақ Абай өз ұстазы Йассауи сөзімен айтқанда, «ділі, көңілі қара надандарды», «ғибрат
сөзді естімейтін, білмейтіндерді» өлтіре сынайды.
Абай:
Жамандық, жақсылықпен - оған бір бәс,
Дін ісін, құдай ісін айыра алмас.
Арын сатып, ант ұрып іздегені –
Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас, -
Деп зор күйінішпенжазады.