Саясат- адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала.
Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі – түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару. Қоғамдық өмірдегі саясаттың рөлі мынадай қызметтермен анықталады:
қоғамның барлық топтары мен таптарының қоғамдық маңызды мүдделерін көрсету;
қоғамда пайда болған қарама-қайшылықтарды оңтайландыру;
қоғамдық үдерістеріді басқару;
қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
әлеуметтік қақтығыстарды алдын алу және өркениетті түрде шешу; түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін біріктіру;
қоғамдық дамудың инновациялық тәсілдермен қамтамасыз ету; жалпы құндылықтарды жүзеге асыру үшін мәжбүрлеу мен күштеу тәсілдерін қолдану. Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай төрт бөлігін атайды :
1) саяси институттар;
2) саясиқатынастар;
3) саяси ережелер;
4) саяси мәдениет.
Саяси институттарға ұйымдар, мекемелер мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады.
саяси қатынастар Оған таптарыдың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.
саяси ережелер Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады.
саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады
36.Саясаттың мақсаттары мен қолданылатын әдістерін атаңыздар.