1Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі анықтамасы- Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екіншіжартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады.
Әлеуметтану- жалпы қоғамның біртұтас жүйесі, оның құрылымдық бөліктерін, сонымен қатар дербес бөліктері және де оның даму, әрекет ету заңдары туралы ғылым саласы. Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі негізгі объектісі - қоғам. Сонымен қатар, жалпы ғаламдық адамзат қауымдастығы, дәстүрлік немесе ұлттық қауымдастық, жеке тұлға, микроқауымдастық және де әлеуметтік институттар.
Микроқауымдастықтарға негізінен әлеуметтік тип, отбасы және демографиялық топ жатады. Ал, әлеуметтік институттарға білім, мәдениет,дін, саясат тағы басқалары жатады. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері көптеген. Олар: танымдық, дүниетанымдық, практикалық, ғылыми-әдістемелік, сыни, құндылықты-бағалаушылық, идеологиялық. Жалпы, әлеуметтану ғылымы кейбір жауап таппай жүрген сұрақтарға, нақты жауап беруге мүмкіндік алатын ғылым ретінде, өзіндік дүниетанымды қалыптастыруға, қоғамдағы процестерді объективті бағалауға үйретет. Әлеуметтанудың құрылымдары, олар: жеке тұлға, топтар, институт, қауымдастықтар және т.б. Әлекметтанулық құрылым қоғамның тұтастығын, жалпы тұрақтылығын сақтауда негізгі рөл атқарады. Әлеуметтану - біртұтас жүйе ретіндегі қоғам, оның құрылымдық бөлімдері, дербес бөліктері, олардың әрекет ету және даму заңдары туралы ғылым. Әлеуметтік топтарды, олардың өзара әрекеттесуін және қоғамды жүйелі зерттейтін ғылым
Әлеуметтік орта және әлеуметтік мінез-құлық :
Әлеуметтік орта - адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі .
әлеуметтік мінез-құлық дегеніміз – жеке тұлғаның жалпы қоғамға немесе бір түрдің мүшелеріне бағытталған әрекеттерінің жиынтығы