Саясат- адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала.
Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі – түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару. Саясаттануда жиі қолданылатын әдістердің үш тобы:
теориялық танымдық әдістер,
философиялық және жалпықисындық әдістер,
эмпирикалық әдістер.
Теориялық танымдық әдістерге: институционалдық әдіс, социологиялық әдіс, тарихи әдіс, салыстырмалы әдіс, жүйелілік әдіс, құрылымдық-атқарымдық (функциялық) әдіс, антропологиялық әдіс, психологиялық әдіс, бихевиористік әдіс, нормативті-құндылықтық әдістер жатады.
Философиялық және жалпы қисындық әдістерге: диалектикалық әдіс, абстрактіліктен (дерексіздіктен) нақтылыққа жету әдісі, анализ (талдау) және синтез (жинақтау), индукция және дедукция,талдап қорыту жатады.
Жаратылыстану ғылымдарынан енген эмпирикалық (тәжірибелік) әдістерде қолданылады. Бұларға: сұрақ-жауап, байқау, статистикалық әдістер, математикалық әдістер, модельдеу әдісі жатады. Қоғам дамуының мақсатын айқындайды. Мақсатына байланысты саясат экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ұлттық , ішкі және сыртқы болып бөлінеді
Саясаттың функциялары:қоғамның тұтастығын қолдау және нығайту, қоғамдық тәртіп пен ұйымдасуды қамтамасыз ету; қоғамның жалпы мақсатын анықтау; құндылықтар мен игіліктерді бөлу; топтық жанжалдарды болдыртпау және оларды реттеу; әлеуметтік субъектілерді байланыстыру т.б.
37.Саясат саласының қоғамның өзге салаларымен байланысын анықтап көрсетіңіздер. Саясасаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу обьектісі – ортақ қоғамдық өмір. Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фәлсафа – табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с. ашып дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді. Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі – әлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді.
38.Саясаттың ресурстарын атаңыздар және олардың мәнін ашыңыздар.